Файл: Таырыбы Туелсіздікті ттті сыйы Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің тәтті сыйы»

Мақсаты: балалардың еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

(Муз. әуенімен балалар залға кіреді)

Тәрбиеші: Елім менің, тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір дәмін.

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,

Көк байрағын төбеме көтерген күн!

Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.

Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, Отанымызға тыныштық тілейміз.

Әнұран
Тақпақ

Т. Айлин

Казакстан – земля родная,

Очень любим мы тебя.

Море, горы, даль степная-

Это Родина моя!
Әмір

Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз,
 Шешімдері болмайды.
Б. Айша

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл-қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным-Қазақстаным.
Арлан

Казахстан – это имя страны,

Казахстан – это имя весны,

Казахстан – это имя свободы,

Казахстан – это солнечный свет,

Казахстан – это крылья побед!
Рамина

Гүл жайнаған Астана,

Қазақстан отаны.

Бірін-бірі сыйлаған,

Туысқандар отаны.
Райан

Отанның қасиетті тілін сүйем,

Отанның құдіретті үнін сүйем.

Отан, Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Дания

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн
Шерхан

Отан деген - атамекен,

Отан деген – туған жер

Отан – ана, Отан үлкен ,

Қазақстан – туған ел !
Тәрбиеші: 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі-мәңгі тақырып. Қазағымыздың өлмейтін, өшпейтін тарихы ол! «Желтоқсан желі» осы кезеңде інгәләп дүниеге келген ән. Балалар, айтыңдаршы, Қазақстан мемлекеті қай жылы құрылды? Мемлекетіміз қалай аталады?

Тәрбиеші: Дұрыс, Қазақстан.

Ән «Сәлем Қазақстан»

Би “Қыздар биі”
Тәрбиеші: Отан дейміз от жаққан жерімізді.

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,


Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1. Туған жер - алтын бесік.

2. Отан - оттан да ыстық.

3. Өз елім - өлең төсегім.

4. Туған жердей жер болмас.

Туған елдей ел болмас.

5. Туған жерге туыңды тік.
Сұрақ: Астана қаласында қандай ғимараттар бар?

Ойын «Бәйтерек»

Ән «Қазақ жігіттері»

Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

- Тәуелсіздік туралы тақпақ кім біледі?
Тақпақ

Иманғали

Тәуелсіздік  жолында,

Талай – талай тер тамған.
 Билігім  өз  қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам.
Жәния

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

А. Асанәлі

Отан елдің анасы

Отан жердің анасы

Бақытты ғой дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы.
Раяна

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз
М. Асанәлі

Аралаймын алаңды,

Тәуелсіздік күнімен.

Батыр Қайрат ағамның,

Суретіне үңілем.
Айзере

Қуат  алған  өзінен,
Туған елдің  ұлымын

Бақытты  етіп  өсірген,
 Отанымның  гүлімін.
Султан

16-шы желтоқсан -

Тәуелсіздік алған күн

Мерекені ел тосқан,

Шырқатып ән саламыз.
Ж. Айлин

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік - ұлы той.
А. Али

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің, Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің Қазақстан.
Іңкәр

Бақытты боп жүргенім -

Сенің арқаң, Қазақстан!

Елім - менің тірегім,

Құшағында гүл атам.
Алпамыс

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен.

Билігің өз қолыңда,

Еркіндігім, елдігім.

Мәди

Отан ұран, Отан – туым ,

Отан мәңгі гүлденеді



Отан жерім, Отан – суым ,

Отан қуат, нәр береді
Ө. Али

Отанымның төрінде .

Сарқаның өрінде

Ту ұстаған астанам,

Әсем қалам, бас қалам .
Имран

Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – жеріңде,

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төріңде .

Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан қандай басқа елдермен шекарасып тұр?

-Дұрыс айтасыңдар өзбек, ресей, қытай т.б елдермен көршілес екенбіз.
-Жақсы біледі екенсіңдер, ендеше Отан туралы бір ән орындап берейік.

Ән «Қазақстан»

Би «Флэшмоб»

Тәрбиеші: Бақыт құсы қонды ғой,

Бүгін туған жеріме,

Тіліміз бен дініміз,

Қайта келді еліме.

Тәрбиеші: Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құтықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, осы балапандарыңыз Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуға тілектеспіз.