Файл: Салт дстрім таусылмайтын байлыым атты Наурыз мерекесіне арналан 8сыныптар арасындаы салтдстрлер крсету бойынша сайыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты Наурыз мерекесіне арналған 8-сыныптар арасындағы салт-дәстүрлер көрсету бойынша сайыс
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
1 - жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.


2 - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.

1 - жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі мектебімізде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған қазақтың әдет ғұрпына бағытталған «Салт - дәстүр – асыл қазына» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: - Бүгінгі сайыста 8 сынып оқушылары әр түрлі қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан көрініс көрсететін болады. Ең үздік көрсеткен сыныптар жүлделі орындармен марапатталады.

1 - жүргізуші: - Қатысушыларымыз рет-ретімен баланың туылғанынан бастап үй болғанға дейінгі барлық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды көрсетеді. Олай болса, бастайық!

2 - жүргізуші: - Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Осы ғұрыпты көрсету үшін ортаға 8 «Б» сыныбын шақырамыз!

8 «Б» сыныбы – «Ат қою»

1 - жүргізуші: - Керемет, 8 «Б» сыныбына көп рахмет! Ат қойылғаннан кейін баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Осы салтты 8 «Д» сынып оқушылары көрсетеді. Қарсы алайық!

8 «Д» сыныбы – «Қырқынан шығару»

2 - жүргізуші: - Жарайсыздар! Келесі 8 «А» сыныбы бізге шілдехана тойының қалай жасалатынын көрсетеді. Шілдехана (салт)- жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той. Тамашалаймыз!


8 «А» сыныбы – «Шілдехана»

1 - жүргізуші: - Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «Тыштыма, тыштыма?» деп ырым жасайды және оны Тыштырма деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала шағаларына үлестіріп береді. Сондай-ақ, «тыштырманы» перзент сүймеген келіншектерге жұғысты болсын деп таратып берген. Осы қызықты дәстүрді 8 «Ә» сыныбының оқушылары көрсетеді.

8 «Ә» сыныбы – «Тыштырма»

2 - жүргізуші: - Ал, бесікке салу (салт)- жаңа туған баланы бесікке салу салты болып табылады. Бесік - қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Баланы бесікке салып, бесік жырын айту үшін ортаға 8 «З» сынып оқушыларын шақырамыз!

8 «З» сыныбы – «Бесікке салу»

2 - жүргізуші: - Бәрекелді, жарайсыздар! Келесі біздің салт-дәстүріміз тұсау кесер деп аталады. Тұсау кесер (салт) - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Бұл ғұрыпты көрсету үшін ортаға 8 «В» сыныбын шақырайық!

8 «В» сыныбы – «Тұсау кесер»

1 - жүргізуші: - 8 «В» сыныбына алғысымыз шексіз! Келесі сынып 8 «Г» сыныбы «Қыз ұзату» дәстүрін көрсетеді. Қыз ұзату – екі жастың алғашқы қадамы, отау құруға бастар жол, екі елдің арасындағы байланысты қалыптастыратын ертеден келе жатқан ескі дәстүр.


  1. «Г» сыныбы – «Қыз ұзату»

2 - жүргізуші: - Бәрекелді, жарайсыздар! Құдалықтың негізгі белгісі – киіт және олардың арасында жүретін, соған лайықталған сый-сияпат, мал, киім, мүлік. Ол – құдалар дәрежесіне, дәулетіне байланысты әр түрлі болып келеді.

Бұл дәстүрлі көрсету үшін ортаға 8 «Ж» сынып оқушыларын шақырайық!

8 «Ж» сыныбы – «Киіт»
1 - жүргізуші: - Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі сайыстың нәтижесін шығарып, марапаттау үшін сөз кезегі мектеп директорына беріледі. Бүгінгі сайыста өнер көрсеткен барлық оқушыларға алғыс айта отырып, сайысымызды аяқтаймыз!