ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Құрметті әріптес!

   Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік  айыппұл салынады.

«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі





 

472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте

Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған.  «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

https://ust.kz/qmg


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 тарау: Ғарышқа саяхат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Объективте ғарыш


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


4.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау


Сабақ мақсаттары

• Бейне материалдар мен фотосуреттерді көріңіз, өз жұмысында табиғатпен құрылған пішіндерді қолдану;
• Граттаж техникасында ғарыштық пейзажын орындау.

Жетістік критерийлері

Оқушы:

Идеяны дамытуға арналған видео фрагментті және фотосуреттерді қарайды;

Граттаж техникасында шығармашылық жұмыстарды орындайды.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминдер

телескоп Хаббл, ғарыш, Бүкіл әлем, Күн, граттаж

Неліктен екенін айта аласыз ба?

Ғарыш кеңістігіндегі қандай обьектілерді таңдайсыз?

Сіздің елестетуіңізде олар қалай көрініс тапқан?

Құндылықтарды дарыту

Азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Астрономия

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Пеадгог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут


2. №1 тапсырма Оқу әдістемесі визуалды, жұмыс түрі жеке болып табылады. (1 слайд)

Бейнематериалды тамашалап, сөйлемді жалғастырыңыз:

Сабағымыздың тақырыбы…

Ғарыш - бұл…

Ғарышта бар…

Күн жүйесі – бұл…

Жұлдыз - бұл…

Күн жүйесінің ғаламшарлары …

1. Сабақтың түрі - дағдыларды қалыптастыру.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

(2 слайд)

Хаббл телескопы арқылы жасалған фотографияларды қарастырыңыз. Ғарыштық пейзаждардың түстік гаммасына назар салыңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Ғарыш әлемінің денелері неге ұқсатуға болады? (фейрверкке, тұнық теңізге, бағалы тастар сияқты жалт-жұлт етеді және т.б)

Ғарыш әлемінің фотосуреттеріндегі бейнелерді қайда қолдануға болады?(интерьерді әсемдеуге, ыдыс, киімдерді әсемдеуге, сәулет өнерінде және т.б.)

Граттаж техникасының орындалы кезеңдері туралы бейнесюжет немесе фотосуреттерді тамашалаңыздар.

Кері байланыс: оқушылар ұсынылған жұмыстарға байланысты сұрақ қоя алады.

Қалыптастырушы бағалау: Толық қызықты жауаптар үшін оқушыларды мақтау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың ортасы

30 минут


3. Тапсырма №1

Тәжірибелік жұмыс (3,4,5 слайд)

Бүгін сіздер «граттаж» тәсілін қолданып жұмыс жасайсыздар. Граттаж (франц. Grattage, gratter - қыру, тырнау), тушьпен жабылған қатты қағазды өткір құрал арқылы суретті орындау әдісі.

- Бұл тәсіл графикаға жатады.

Бұл жұмысқа назар аударыңыздар. Бұл суретте не көрсетілген?

- Ғарыш, дұрыс. Менің ойымша, бұл әдіс кеңістіктің сұлулығын жақсы жеткізе алады. Балалар, сіздердін қара парақтарыңыз түнгі аспанға ұқсайды, жаңа техниканы пайдаланып, қиялыңызды қосып, ғажайып ғарыштық иллюзияны жасайсыздар.


- Сіздің алдарыңызда дайын парақтар жатыр, оларды қалайша реңкке келтіретінін айтайын:

• Алдымен парақты акварель бояумен жабыңыздар, бояу кепсін, содан кейін қағазға балауыз жағыңыздар.

Қара гуашь бояуына немесе тушьқа сәл сұйық сабын немесе шампунь қосыңыз, жақсылап араластырыңыз және дайындалған парақты осы қоспамен жабыңыздар. Бояуды жақсылап кептіріңіздер.

 Енді, ен қызықтысы! Кез келген өткір затпен тырнап сурет саламыз. Қара фонда түсті соққылардың суреті пайда болады.

Ғарыш тақырыбы әрқашан ерекше, қиялданындар. Сіздерге планеталар бейнелеуге, өзіңіздің зымырандарыңызды, жарқын жұлдыздарды, кометаларді және тағы басқаларды бейнелей аласыздар.

Жұмысқа кіріспес бұрын, асықпаңыздар, ойланыңыздар қандай сурет саласыздар, өйткені қайтадан өшіре алмайсыздар.

Жұпта, топта композицияларыңызда планетаның қандай обьектілері болатындығын талқылаңыздар. Мысалы, планеталар, кометалар, алыстағы жұлдыздар және т.б.

А3 форматындағы қағазда жұпта және кішігірім топта граттаж техникасында космостық пейзаж жасаңыздар. Таңдалған обьектінің бейнесін көріңіздер.

Жұмыстарыңызға атау қойып, сыныптастарыңызға шығармашылық жұмыстарыңыздың идеясы жайында әңгімелеңіздер.

4. Кері байланыс:

Сіз қандай қиындықтармен кездестініз?

Қалай ойлайсыз бұл сіздің қолыныздан келеме?

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың соңы

7 минут

5. Бағалау

- кеңістіктің эскизін орындайды;

- кеңістікті береді;

- жұмыс ұқыпты.

6. Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

нені білдім, нені үйрендім?

нені толық түсінбедім?

немен жұмысты жалғастыру қажет?


7. Үй жұмысы: келесі сабаққа қажетті түрлі көркемдік және қолда бар материалдарды алып келіңіздер.

8. Жұмыс орның жинау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 тарау: Ғарышқа саяхат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айналамыздағы ғарыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 Тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және компоненттерді нақтылықты сақтай отырып өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

4.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

«Мен ғарыштамын» тақырыбында әңгіме ойлап табу;

Ермексазды қолданып көлемді аппликация орындау, түсті А4 форматты қатты қағаздың бетіне, композиция құру.

Жетістік критерийлері

Оқушы:

Пластинография техникасын қолданып, шығармашылық жұмыстарды орындайды.

Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды пайдаланады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминдер

Мақта дискілері, пластик бөтелкелерінің қақпақтары, жүн жіптері, фольга, плёнка

Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун

Неліктен екенін айта аласыз ба?

Ғарыш кеңістігіндегі қандай обьектілерді таңдайсыз?

Сіздің елестетуіңізде олар қалай көрініс тапқан?

Құндылықтарды дарыту

Азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Астрономия

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Пеадгог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут


Сабақтың басы: Сәлеметсіздер ме!
1. Сабақтың түрі - дағдыларды қалыптастыру.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен және сабақ мақсаттарымен таныстыру. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

(1 слайд)

Мен сізбен кездескеніме өте қуаныштымын және сіздерге жақсы көңіл-күй бар деп үміттенемін. Бір-бірімізге күлімсірейік. Бүгін біз пластилинография техникасымен танысуды жалғастырамыз, «Айналамыздағы ғарыш» тақырыбында композиция құрастырамыз.

2. Тапсырма №1. Оқу әдістемесі - визуалды, жұмыс түрі - фронталды, әдіс - жаңа ақпаратты игеру.
«Пластилинография» дегеніміз не?
- Балалар, сіздер білесіздер суретті қарындаштарпен бояулармен ғана емес, ермексазбенде салуға болады. Пластинография – дәстүрлі емес техникаға жатады, көлденен бетте бейнеленген көлемді сурет (барельеф) ермексаз қолданып, «суретте» бейнелерді көп немесе аз дөңеспен арқылы көрсетіледі. Бүгін біз ғарышқа қызықты, танымды саяхат жасаймыз, бірақ алдымен жұмбақтарды шешу керек:

Етегім толы сөк,

Ерте тұрсам жоқ. Жауап: Жұлдыз
Көлде жүрген ақ үйрек,

Түнде бар да, күндіз жоқ. Жауап: Ай

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Ғарыш туралы қандай әңгіме, мультфильм білесіздер?

Олар не жайында? Мультфильмде ғарыштың қандай элементтері бейнеленген? (2слайд)

«Мен ғарыштамын» атты тақырыбына ермексаздан рельефті аппликацияны А4 форматында орындау.

Рельефті ермексазды аппликацияның орындау кезеңдерін қарастыр.

Сұрақтарға жауап бер:

Бұл техниканың қандай ерекшеліктері бар?

Жауап: жұмсақ материал, қолға жағымды.

Практикалық жұмысқа қандай материалдар қажет?

Жауап: Қатты қағаз, ермексаз, стектар.

3.Кері байланыс: оқушылар ұсынылған жұмыстарға байланысты сұрақ қойу.

4.Қалыптастырушы бағалау: Толық қызықты жауаптар үшін оқушыларды мақтау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың ортасы

30 минут


5. Тапсырма №1

Әдіс - практикалық, жұмыс түрі - жұптық.

Рельефті аппликация техникасында түсті А4 қатты қағазда композиция жасау. (3,4,5 слайд)
Оқушылардың назарың түс және пішінге аудару.
«Мен ғарыштамын» деген тақырыбына кішігірім әңгіме ойластыруды сұрау. 

Пластинографикалық бейненің жасау негізгі әдістері. (Слайд 6)
- Жұмысқа кіріспес бұрын, мүсіндеудің негізгі әдістерің еске түсірейік:
ермексаздан жгуттар жасап жабыстыру,
ермексаздан дөнгелектер жасап жабыстыру,
жағып жабыстыру,
мүсінде контурларды қолдану,
үлгіні пайдалана отырып мүсіндеу
рельефты мүсін.
- Жағып сурет орындау реті: алдымен ермексазды басу, содан кейін оны ортасынан контурдың шеттеріне дейін жағу.
- Барлық мүсіндеудің негізгі әдістерін еске алдық.

Ермексаз қолданып бейне жасау үшін не қажет? (Слайд 7)
- Түсті ермексаз, қатты қағаз (әйнек), жұмысқа арналған тақтай, дымқыл майлықтар, стектер.
- Сабақтың практикалық бөліміне кіріспес бұрын ермексазды қолдану әдістемесін талқылау.

Сергіту сәті

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

6.Жұмыс кезеңдері:
• Түсті қағаздың бетіне ғарыштық кейіпкерлердің суретін және элементтерін салу;
• Ермексазды пайдаланып, кескіндерді қалыптастыру және көлемді аппликация мүсіндеу;
• Ғарыш объектілері мен кейіпкерлердің түс ауқымына назар аудару.

Жұпта немесе кішігірім топтарда сыныптастарыңның жұмыстарын талқылаңыздар. Талқылау барысында жұмысты жасау барысында қолданған әдістерді талқылайтындай сұрақтар қойыңыздар.

7.Саралау:
Барлығы түстер мен кейіпкерлердің ең аз санын пайдаланады. Көпшілігі мұғалімнің көмегіне жүгіну және көлемді бейне жасайды. Кейбір оқушылар ғаламшарлар, кейіпкерлерді және көлемді бейне пайдаланып, өз бетімен жұмыс жасайды.

8.Дескрипторлар:
- жұлдызды аспанды орындайды;
- кейіпкерлерге көлем береді;
- ғаламшарларды жасайды;
- ұқыпты жұмыс.

9. Кері байланыс:

- Сіз қандай техниканы таныстыңыз?
- Орындау технологиясын қайталаңыз?

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың соңы

7 минут

10. Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

нені білдім, нені үйрендім?

нені толық түсінбедім?

немен жұмысты жалғастыру қажет?

11. Үй жұмысы: Материалды таңдау: жіп, PVA желім, қатты қағаз, ермек саз, ермексазға арналған тақтай, жүн және т.б.

12. Жұмыс орның жинау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Бөлім Болашаққа саяхат

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Замана байланысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1 Түрлі дереккөздерден алынған пішіндер мен бейнелерді бақылау негізінде идеяларды талқылау және дамыту.

4.1.4.2 Пішін мен кескін арасын байланыстыратын, бөлшектердің мағыналық түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаттары

Астана қаласындағы сфера ғимаратын және көне үй-киіз үйді салыстыру;

Болашақтағы ғимарат құрылысына қажетті материалды анықтау;

Болашақ ғимаратының нобайын орындау.

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

Болашақ ғимаратын жасау үшін қажетті құрылыс материалын таңдап алды;

Болашақ ғимаратының нобайын орындады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың қолынан келеді:

Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: киіз үй, ЭКСПО 2017 – Сфера, архитектуралық құрылыстар, құрылыс материалдары

Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: болашақтағы ғимаратты жасау үшін мен … материалдарын қолданамын деп ойлаймын.

Құндылықтарды дарыту

Бір- бірін тыңдай алу, келесі адамның ойын құрметтеу.

Пәнаралық

байланыстар

Физика

Бастапқы білім

Ғарыш нысандары туралы, ғарыш кеңістігінің бөліктері және ерекшеліктері туралы білімі бар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Пеадгог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1. Ұйымдастыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

Астана қаласындағы сфера ғимаратын және көне үй-киіз үйді салыстыру;

Болашақтағы ғимарат құрылысына қажетті материалды анықтау;

Болашақ ғимаратының нобайын орындау.




Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың ортасы

38 минут

7 минут


2. Киіз үйді жасау кезеңдері және ЭКСПО 2017-нің ең негізгі ғимараты- сфера туралы видеороликті қарау.

А) Тарату материалын қолдану- салыстыру. (Астана қаласындағы сфера мен киіз үйдің суреті)

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Сіздер видеодан не көрдіңіздер?

- Киіз үй мен оның бөліктерін сипаттап беріңіздер.

- Сфера мен оның ерекшеліктерін сипаттап беріңіздер.

- Осы құрылыстардың ұқсастықтар мен айырмашылықтары неде?

- Киіз үйдің қандай бөліктері Сфераны жасау үшін негіз болды?

- Киіз үй қандай материалдардан құралған?

- Сфера қандай заманауи материалдардан жасалған?
Кері байланыс. Балалар, «Замана байланысы» ұғымын қалай түсінесіздер?

3. Құрылыста қолданылатын түрлі материалдар туралы презентацияны қарау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Болашақтағы түрлі сәулет құрылыстарында қандай материалдарды қолдануы мүмкін?
Кері байланыс. «Болашақ энергиясы» ұғымын қалай түсінесіздер?
4. Практикалық жұмыс.

А) Түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлерді қолдана отырып, болашақ ғимараттың нобайын жасау;

Б) Дескрипторлар бойынша өзін- өзі бағалау:

- ғимаратты бейнеледі;

- ғимараттың қолдану мақсатын анықтады;

- болашақтағы энергияны қолданды;

- ерекше пішіндер қолданды;

- әсерлі бояды.

С) Жұмыстарын қарау.
Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады?

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақ соңы

7 минут

5. Рефлексия:

Сабақта не қолдарыңыздан келді?

Сабақта не қолдарыңыздан келмеді?

Жұмысыңызды жақсарту үшін не істейсіз?

6. Жұмыс орнын жинау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Бөлім Болашаққа саяхат

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашақтағы сәулет өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді әртүрлі жұмыс техникаларын қиыстыра отырып, жеткізу.

4.2.2.1 Анағұрлым күрделі әртүрлі әдістер мен тәсілдерді сенімді түрде пайдаланып, өздігінен таңдаған құралдар және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану.

4.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

Өткен сабақтағы жұмыстарын қарастыру- болашақтағы ғимарат;

Ғимараттың кинетикалық моделін қарастыру;

Ғимараттардың суреттерін салыстыру;

Болашақтағы ғимаратты жасау үшін материалдарды қолдану;

Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

Болашақтағы ғимаратты жасау үшін арналған бір идея ретінде өткен сабақта жасалған суреттерін қарастырды;

Қазіргі және болашақтағы ғимараттардың айырықша ерекшеліктерін анықтады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың қолынан келеді:

Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: болашақтағы сәулет өнері, ғимараттың кинетикалық моделі

Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: өзімнің ғимаратым үшін материалды таңдағанда, мен …

Құндылықтарды дарыту

Бір- бірін тыңдай алу, келесі адамның ойын құрметтеу.

Пәнаралық

байланыстар

Физика

Бастапқы білім

Сәулетшілердің шабыт көзіндерін білу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Пеадгог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

1 Ұйымдастыру. Сабаққа материалдарды дайындау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:


Өткен сабақтағы жұмыстарын қарастыру- болашақтағы ғимарат;

Ғимараттың кинетикалық моделін қарастыру;

Ғимараттардың суреттерін салыстыру;

Болашақтағы ғимаратты жасау үшін материалдарды қолдану;

Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың ортасы

34 минут

8 минут


2 Өткен сабақта орындалған жұмыстарын қарау:

А) Жұмыстарымен ауысу. Дескрипторлар бойынша өзара бағалау:

- болашақтағы ғимаратты бейнеледі;

- шабыт алу үшін … пішінді, … затын қолданды;

- жұмысы әсерлі шықты.

Б) Жұмыстарын тақтаға қою;

С) «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс. Өздеріңіздің ғимараттарыңызды жасау үшін сіздер қоршаған ортадағы білімдерді қолдандыңыздар. Сіздерге осы тәжірибе пайдалы болды ма?


3 Балалар қазір біз сіздермен болашақтағы сәулет өнері- болашақтың кинетикалық модельдері туралы қызықты видеоролик қараймыз.

А) Видеороликті қарау;

Б) сұрақтарға жауап беріңіз:

- Берілген модельдің артықшылықтары туралы айтып беріңіз?

С) Қолда бар материалдарды қолдана отырып берілген модельді қалай жасауға болатындығы туралы мұғалімнің көрсетілімі.

Кері байланыс. Бүгін сіздер өздеріңіздің ғимараттарыңызды жасау үшін қажетті материалды таңдайсыздар.

Ғимараттың кинетикалық моделін жасау үшін қандай материалды және қалай қолданатындығыңыз туралы ойланыңыздар.
4 Практикалық жұмыс.

А) Ғимаратты салыстыру үшін тапсырманы орындау;

Б) Жұмыстың басында оқушыларға қайшы мен ыстық желіммен жұмыс істеу туралы қауіпсіздік ережесін ескерту:

1. Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;

2. Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;

3. Еріген желім өте ыстық болғандықтан 8 минуттан кейін ғана ұстау керек;

4. Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;

5. Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;

6. Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.

7. Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;

8. Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет.
С) Сыныпты 3 оқушыдан топтарға бөлу;

Д) Ғимараттың макетін жасау бойынша жұмысты бастау:

- қолда бар материалдардың құрамына байланысты ғимарат моделіне тоқтау;

- топтағы міндеттерді бөлу;

- ғимараттың бөлшектерін өңдеу және жасау.

Е) Дескрипторлар бойынша өзара бағалау:

- ғимаратты жасау бойынша үдеріс жоспары бар;

Кері байланыс. Оқушылардың жұмыстарын қарау. Ғимараттың макетін жасау бойынша ұсыныс беру.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақ соңы

7 минут

5. Рефлексия:

Сабақта не қолынан келді?

Қолынан не келмеді?

Жұмысты жетілдіру үшін не істейсіз?

6. Жұмыс орнын жинау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Бөлім Болашаққа саяхат

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашақтағы сәулет өнері (2-ші сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді әртүрлі жұмыс техникаларын қиыстыра отырып, жеткізу.

4.2.2.1 Анағұрлым күрделі әртүрлі әдістер мен тәсілдерді сенімді түрде пайдаланып, өздігінен таңдаған құралдар және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану.

4.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

Болашақтағы ғимаратты жасау жұмысын жалғастыру;

Күрделі тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, материалдар мен құралдарды қолдану;

Қауіпсіздік техникасын сақтау.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

Құрылымның құраушы бөлшектерін өңдейді;

Құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың қолынан келеді:

Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: болашақтағы сәулет өнері, ғимараттың кинетикалық моделі, ғимарат бөліктерін бояу, терезе мен есіктерін кесу

Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: берілген құрылымда мен … қолданамын.

Құндылықтарды дарыту

Бір- бірін тыңдай алу, келесі адамның ойын құрметтеу.

Пәнаралық

байланыстар

Физика

Бастапқы білім

Болашақ ғимаратының сыртқы келбетін көрнекі түрде көру. Болашақ ғимараттарда жасыл энергия көздерін қолдану туралы білімі бар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Пеадгог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1 Ұйымдастыру. Жұмысына қажетті құрал- жабдықтарды дайындау.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

Болашақтағы ғимаратты жасау жұмысын жалғастыру;

Күрделі тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, материалдар мен құралдарды қолдану;

Қауіпсіздік техникасын сақтау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақтың ортасы

34 минут

8 минут


2 Бастапқы нүктесін анықтау:

А) Әр топ оқушыларымен болашақтағы ғимаратты жасау үдерісін жалғастыру туралы сұрақтарды талқылау:

- не істелінді;

- нені жасау қажет.

Б) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Жұмыстарын жақсарту жайындағы сыныптастарының ұсыныстары.

Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар болды?


3. Ыстық желімді, кескіш және өткір құралдарды пайдалану жайлы қауіпсіздік ережесі:

1. Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;

2. Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;

3. Еріген желім өте ыстық болғандықтан 8 минуттан кейін ғана ұстау керек;

4. Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;

5. Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;

6. Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.

7. Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;

8. Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет.

9. Қайшыны сабы жағын қаратып ұсыну қажет.

10. Қайшымен ойнауға БОЛМАЙДЫ!

11. Сыныпта қайшының ашық жүзімен жүруге БОЛМАЙДЫ!

12. Бізбен тек мұғалім жұмыс істейді!

Кері байланыс. Балалар, қауіпсіздік ережесін сақтау біздің сабақтағы жұмыс үдерісімізді қауіпсіз етеді.

Бір- біріңізді мұқият тыңдаңыздар. Келесі адамның ойын құрметтеңіздер.

4 Практикалық жұмыс:

А) Құрылымның құраушы бөлшектерін өңдеу;

Б) Терезе мен есіктерін жасап, ғимарат макетіне бекіту;

В) Жасыл энергия көздерін жасау және біріктіру (жел диірмендері, күн панельдері).

Е) Дескрипторлар арқылы өзін- өзі бағалау:

- құрылыстың қандай бөлігін өңдеу қажеттігін анықтайды;

- жылтыр беттерін гуашь пен сұйық сабынның қоспасын қолдана отырып бояйды;

- бояудың сапалы болып шығуы үшін бірнеше қабат бояйды;

- қажетіне қарай түсті қағаз бен басқа да материал қолданады;

- жұмысын ұқыпты орындайды;

- жұмыс орынын жинастырады.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Сабақ соңы

4 минут

5. Рефлексия:

Сабақта не қолдарыңыздан келді?

Сабақта не қолдарыңыздан келмеді?

Жұмысыңызды жақсарту үшін не істейсіз?

6. Жұмыс орнын жинау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар