Файл: Ттенше жадайдаы ахуалды баалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Төтенше жағдайдағы ахуалды бағалау.

ТЖ көбінесе өндірістік апаттар мен катастрофалар кезінде де стихиялық және экологиялық жағдайлар кезінде кенеттен туындайды, мұнда шешім қабылдау қиындап, белгісіздік пайда болады, кішігірім экологиялық шығын келеді, адам шығындары болады және соның салдарынан эвакуациялық –құтқару жұмыстары мен осы апаттардың, катастрофалардың салдарын уақытша және материалдық шығындарды жоюға қажеттілік арта бастайды.Қала территориясында және обылыстарда болған ТЖ факторларын тіркеуді, қалалық және обылыстық ТЖ Департаменттері жүргізеді, ал республикадағы ТЖ ҚР төтенше жағдайлар бойынша Министрілік жүргізеді.Пайда болу сферасы бойынша төтенше жағдайлар келесілерге бөлінеді:

1) Техногенді ТЖ, соның ішінде:

- көліктік апаттар және жол-көліктік оқиғалар;

- өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар;

- өндірістік апаттар және қауіпсіздік ережесін бұзу;

- тіршілік қауіпсіздігі жүйесіндегі.

2) Табиғи сипаттағы ТЖ, соның ішінде:

- гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар;

- табиғи өрттер;

- қауіпті жұқпалы аурулар және адамдардың улануы;

- жануарлардың жаппай қауіпті аурумен улануы;

- өсімдіктерге жаппай зиянкестердің таралуы;

- 2 баллдан жоғары жер сілкінісі кезіндегі судағы оқиғалар.

Мекен ету ортасы – дегеніміз адамның денсаулығына, келешек ұрпағы мен оның өміріне бірден немесе әркелкі, тікелей немесе жанама әсер ететін факторлар жиынынан (физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік) тұратын адамды қоршаған орта болып табылады.

Осы жүйеде әрекет ете отырып адам екі мәселені шешуі керек:

1. тамаққа, суға және ауаға деген қажеттілігін қамтамасыз ету.

2. мекен ету ортасынан және басқа да адамдардан келетін кері әсерлерден қорғануды құру және пайдалану.

Табиғи кері әсер етуші құбылыс көздері биосферадағы стихиялық құбылыстар болып келеді: стихиялы зіл-зала және табиғи қауіп-қатерлер (жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы, су басу, дауылдар, күн күркіреу, өрттер, инфекциялық аурулардың таралуы және т.б.)

Бірнеше ғасырлар бойы өзінің тіршілігі үшін күресу адамдарды мекен ету ортасындағы кері әсер етуші факторлардан қорғану құралдарын тауып оларды жетілдіруге итермеледі, соның салдарынан мекен ету ортасы өз болмысын өзгертіп отырған, ал онымен қоса кері әсер етуші факторлардың түрлері мен деңгейлері де өзгеріп отырған.


Мұндай өзгерістерге келесілер септігін тигізген:

- халық санының өсу қарқынының жоғарылауы мен ұрбандалу;

- энергетикалық ресурстардың концентрациясы мен пайдаланылуының артуы;

- ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы;

- көліктің алуан түрлерін жаппай пайдалану;

- әскери мақсаттағы шығындардың артуы.

Табиғат пен қоғамдағы көптеген кері әсер етуші факторлардың бірінші кезектегі себепшісі антропогенді қызмет болып табылады, соның салдарынан – техносфера құрылған. Ол жасанды мекен ету ортасы мен заңдылықтары, оның болмысы аз зерттелген. Адамның, биосфера мен техносфераның әрекеттесу схемасы 2-суретте көрсетілген.
Жер сілкінісі - дегеніміз жер қыртысының белгілі бір аймағында орын алатын спицификалық құбылыс. Олар құрғақ жерде және су астында да болады. Жер сілкінісі өзінің жойқын күшімен, жер қыртысының төмендеуімен байқалатын, жанартауларды қоздыратындығы мен және цунамиді туындататын салдарымен адамдарды шошытады. Адамдар үшін жер сілкінісі қай уақытта және қай жерде болатындығын білу өте маңызды. Заманауи ғылыми зерттеулер осындай стихиялы апаттың қай жерде және қандай күште болатыны жайында мәліметті білгенімен, оның нақты болатын күні мен уақытын әзірге анықтай алмайды. Жер сілкінісін болжау бойынша жұмыстар ондаған жылдар бойы жүргізілуде, ал соңғы жылдарда осы бағытта біраз жетістіктер бар.

Жер сілкінісінің болар алдындағы белгілері дәлелденгендей жанама белгілер болуы мүмкін. Жер сілкінісі болар алдындағы аралығында мысалы геодезиялық реперлердің көтерілуі байқалады, жер асты суларының физика-химиялық құрамы өзгереді. Осындай белгілер геофизикалық станцияның арнайы қондырғыларымен тіркеуге алынады. Жер сілкінісінің туындау мүмкіндігін білдіретін белгілерге сондай-ақ тағы келесідей белгілерді жатқызуға болады, осы белгілерді әсіресе сейсмикалық қауіпті аймақтарда тұратын халықтың білгені абзал: олар – ауасы таза болып тұрған және оғанға дейін ондай жағдай болмаған кейбір аймақтарда газдың исі шығуы, үй жануарлары мен құстардың мазасыздануы, шашыраған жарық түріндегі жарқыншақтардың (вспышка) пайда болуы, бір біріне жақын орналасқан, бір-ақ біріне бірі тимей тұрған электр сымдарының жарқылдауы, үйлердің ішкі қабырғаларының көкшіл түске жарқырауы, жер асты дүмпуінің болар алдында люминесцентті лампалардың күйюі. Осындай белгілердің барлығы тұрғындарды жер сілкінісінің туындау мүмкіндігі жайында хабарландырудың негізі болады.



Жер сілкінісі әрдайым адамдардың психикасына әр-түрлі дәрежеде әсер етеді, ол адамдардың қате әрекет етуімен байқалады. Осындай асығыс оқыс әрекеттерден кейін депрессиялы жағдай туындайды ол адамның жалпы дене қозғалысын тежейді. Статистикалық көрсеткіш бойынша тұрғындар арасында алынған жарақаттардың басым бөлігі жапа шегушінің өзінің қорқынышы мен паникалық жағдайындағы оқыс әрекет салдары болып табылады.


Жер сілкінісінің адамды психикалық жарақаттау әсерін төмендету мүмкін бе? Ия, мүмкін, ең алдымен әр адамның азаматтылық, батылдық, ұстамдылық, тәртіп және өзі мен өзінің жақындары үшін ғана емес сондай-ақ тұратын жерінде, жұмысында немесе оқудағы қоршаған адамдары үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу қажет. Осы қасиеттерді тәрбиелеуде, тұрғындарды азаматтық қорғаныс бойынша дайындаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі, тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстары, жан-жақты агитациялық-жаппай жұмыстар жүргізу орасан көмек болады.

Жер сілкінісі қауіпі жөнінде хабарландыру берілген жағдайда немесе аталған белгілерді байқаған жағдайда жедел әрі сенімді, үрейсіз абдырамай әрекет ету қажет. Жер сілкінісінің қауіпі жайында алдын-ала хабарландырылған болса, онда үйден шықпас бұрын үйдегі жылыту құралдарын, газды, токты, егер пеш жанып тұрған болса, онда оны өшіру керек, одан соң балалар мен қарттарды және өзіңіз де жылы киініп, қажетті киімдер алып, аздаған азық қорын, құжаттарыңызды және дәрі-дәрмектерді алып сыртқа шығу қажет. Сыртқа шыққан соң үлкен ғимараттар мен үймереттерден ашық алаңдарға, улкен көшеге, саяжайларға немесе спорт алаңдарына бару керек, белгіленген қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау керек. Егер жер сілкінісі аяқ астынан басталған болса және үйден шығу мүмкін болмаған жағдайда бөлменің ішкі есіктері мен бұрыштарына тұру керек; жер сілкінісінің бастапқы дүмпулері басылған соң тез арада сыртқа шығу қажет.


Мекемелер мен кәсіпорындарды жер сілкінісі кезінде барлық жұмыстар тоқтатылады, өндірістік және технологиялық қондырғылар тоқтатылады, газдың, судың, будың, оттегі мен ауа қысымын азайту және тоқты сөндіру шаралары жүргізіледі; азаматтық қорғаныс құрылымдарына кіретін жұмысшылар мен қызметкерлер тез арада олардың жиналу аймағана бағытталады, ал қалған жұмысшылар қауіпсіз орындарға тұрады. Егер өндіріс орнының шарттары бойынша агрегатты
, пешті, технологиялық тізбекті, турбинаны аз уақыт ішінде тоқтатуға болмайтын немесе тоқтату мүмкін емес жағдайда, оларды төменгі режимге ауыстырады. Егер жер сілкінісі кезінде үйде немесе жұмыс орнында болмасаңыз мысалы көшеде немесе театрда әлде дүкенде болсаңыз үйге қарай асықпаңыз өзіңізді сабырлықта ұстап хабарландырылып отырған нұсқауларды мұқият тыңдап әрекет ету қажет. Егер қоғамдық көлік ішінде болсаңыз көлік толық тоқтағанша одан секіріп түсуге болмайды, көлік тоқтаған соң бір-бірін итермей бірінші кезекте балаларды, қарттарды және мүгедектерді шығарып одан соң қалғандары шығарады. Жоғарғы сынып оқушылары әкімшілік пен оқытушыларға төменгі сынып оқытушыларының арасында тәртіп сақтауға көмек көрсету керек.

Жер сілкінісі аздаған мезеттен бірнеше тәулікке дейін созылады (ара-кідік қайталанып отыратын жер асты дүмпулері). Дүмпулердің болжанған аралықтары радиодан немесе басқа да әдістермен хабарланып отыруы мүмкін. Өз әрекеттеріңізді осы хабарламаларға сай жоспарлау керек.

Жер сілкінісінен кейін немесе жер сілкінісі кезінде де жапа шегушілерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп отырады. Мұндай жұмыстарды азаматтық қорғаныс құрылымдарына кіретін тұлғалар жүргізеді. Бір-ақ тұрғындар да жергілікті билік органдары мен АҚ басқару органдарының сұранысы бойынша қирау аймақтарында бірінші кезекті құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына көмек береді.

Тұрғындар тарапынан жер сілкінісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыру орындарында санитарлық-тұрмыстық жағдайларды қадағалау бойынша медициналық мекемелер мен азаматтық қорғаныстың медициналық қызметіне көп көмек көрсетеді. Осындай орындарда стихиялы зіл-заланың серігі болып табылатын инфекциялық аурулардың таралуын алдын алуды қадағалап отыру қажет. Эпидемияның таралуы мен туындауының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы шаралардың барлығын қатаң ұстану қажет, дәрі қабылдау мен екпелерді енгізуден қашпау керек. Жеке гигиена ережелерін ұстану және жанұя мүшелерінің барлығы ұстанғанын қадағалау керек, ол жөнінде көршілерді, әріптестерді және таныстарды ескерту керек.


Су басу ауыр стихиялы апат болып табылады.Көптеген су басулардың басты себептері нөсерлі жауындар, қардың қарқынды еруі, өзен арналарындағы желдің бағытының өзгеруінен немесе жаға толқындарының қатты соғуынан өзен суларының арнасынан шығуы болап табылады. Су басу кезінде тұрғындардың әрекеттері су басу жайында ескерту уақыты мен былтырғы жылғы көрсеткіш байқаулары ескеріле отырып жүргізіледі. Су басу масштабтарын, мысалы көктемгі, жазғы және күзгі жауын-шашындардан туындайтын су басуларды бір ай немесе одан да көп уақытта болжайды, ал желмен айдалған су басуларды – бірнеше сағат ішінде (тәулікке дейін) болжайды. Су басу қаупі болжанған уақыт аралығы ұзақ болса, онда өзен жағалауында және басқа да су басу қаупі бар жерлерде гидротехникалық үймереттер тұрғызу бойынша және су басу қауіпі бар аудандардағы тұрғындар мен ауыл шаруашылық жануарларын қауіпсіз аймақтарға көшіруге дайындалу мен көшіруді жүргізу, материалдық құндылықтарды шығару бойынша іс-шаралар жүргізіледі.


Су басу кезінде тұрғындарды көшіру жайында су тасқынымен күресу бойынша комиссияның арнайы бұйырымымен хабарландырады. Тұрғындар көшірудің басталуы мен тәртібі жайында жергілікті радио желілері мен жергілікті телеарналар бойынша хабарландырылады; сонымен қатар жұмысшы қызметкерлер кәсіпорынының, мекемелерінің және оқу орындарының әкімшілігі арқылы хабарландырылады; ал қызмет көрсету мен өндіріс саласында жұмыс істемейтін тұрғындар – тұрғын үйді пайдалану және үйді басқару конторлары арқылы хабарландырылады. Тұрғындарға көшіру пункттеріне жиналу орындары, осы пункттерге келу уақыттары және жаяу саппен көшіру қарастырылатын болса жүру бағыттары және жергілікті жағдайға байланысты, зіл-заланың күтілетін масштабына және оны ескерту уақытына байланысты туындайтын басқада деректер хабарландырылады. Егер апаттың болжанған уақыты жеткілікті болатын болса, онда тұрғындар өз мүліктерімен бірге көшіріледі. Осы мақсатта әр жанұяға автокөлік немесе жүк көлігі беріледі, ол көліктердің қайтарылу уақыты белгіленеді.

Су басу қаупі бар аймақтарда жатпайтын жақын маңдағы елді мекендерге көшіріледі. Көшірілген халық қоғамдық орындарда немесе жергілікті ауыл тұрғындарының үйіне орналастырылады.

Су басу қаупі кезінде кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс тәртібі өзгертіледі, кей жағдайларда тоқтатылады. Материалдық құндылықтардың кейбір бөлігін қорғау сол жерде қарастырылады, ол үшін жертөле мен төменгі қабаттарда кірістер, терезе қуыстары және шұңқыр қазылады.

Су басу қаупі бар аймақтарда мектептер мен балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылады; ол жердегі балалар қауіпсіз аймақтардағы мектептер мен балабақшаларға ауыстырылады.