Файл: Мткенов атындаы орта мектебі 11 а сынып жетекшісіні 20222023 оу жылында трбие жмысы бойынша i тосанны есебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мүткенов атындағы орта мектебі 11 «а» сынып жетекшісінің
2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
I тоқсанның есебі
2022-2023 оқу жылынында 11 «а» сыныбының оқушыларымен тәрбиелеу бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Оқу жылының басында 2022-2023 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып белсенділері бекітіліп, тәрбие жұмысының жоспары бекітілді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.
Тәрбие жұмысы төмендегі бағыттарды бойынша іске асырылды:
-
Қазақстандық патриоттық және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие -
Рухани-адамгершілік тәрбиесі -
Ұлттық тәрбие -
Отбасы тәрбиесі -
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие -
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие -
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі -
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Және қазан айында өткен «Тіл – асыл мұра» атты тілдер айлығымен басталды.
Оқушылардың дамуында әлеуметтік жағдайының динамикасын талдау:
Асыраушысынан айырылған отбасынан – 2 бала.
Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы. Ұйымшыл, бір-біріне көмек қолын соузға дайын.
Аптасына бір рет сейсенбі күні өтетін сынып сағаттарына қызығушылықтарын жоғары деңгейде білдіреді.
Тәрбие жоспары бойынша І тоқсанда барлығы 9 сынып сағаты жоспарланған. Атап өтсем: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық», «Отбасы – бақыт ордасы», «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы», «Дені саудың – жаны сау», «М.Әуезовтың қазақ әдебиетінің тарланы», «Буллингтің алдын алу», «Шығыстың шынары Мәншүк», «Қарттарын қадірлеген ел ардақты», «Қауіпсіздік ережелері». Аталған сынып сағаттары жоспарға сай өткізілді.
Сынып оқушылары «Алтын күз» мерекесіне белсене қатысып, екінші орынды жеңіп алды.
«Ділмар» дебат клубының жетекшісі Бейсенбаева Ж.Н. мектепшілік пікірталас сайысын өткізіп, Теміржан Батырхан мен Урумов Армандос 1-орынды жеңіп алды.
Қазан айының 11-13 аралығында аудан орталығындағы мектепке ресурстық орталыққа барып басқа мектеп оқушыларымен білім алмасты.
25 қазан Республика күніне орай өткізілген «Менің Отаным – Қазақстан» атты интеллектуалдық сайысқа белсене қатысты.
Сынып оқушыларның дамуына талдау:
- Оқушылардың сынып кабинетінің тазалығын ұстау, мектеп формасын кию, сынып кезешілігін жауапкершілікпен атқаруда, көркем – эстетикалық деңгейін жақсы деп бағалауға болады.
- Оқушылардың әлеуметтік – мәдени өзгерісінің дамуына, мектепте өтетін іс-шараларға қатысады.
Сынып жетекшісі: Ф.Маней