ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәріс 8. Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер
(Қосымша конспект)
Су-тұз гомеостазының маңызды параметрлері- осмостық қысым, рН және жасушаішілік және жасушадан тыс сұйықтықтың көлемі.Осы параметрлердің өзгеруі артериялық қысымның өзгеруіне,сусыздануға, ұлпалардың ісінуіне әкелуі мүмкін.
Қанның тұрақты осмостық қысымы ішу арқылы судың организмге түсуімен және тыныс шығару ауасы, тер, ұлы дәрет, зәр арқылы организмнен шығарылуы арасындағы тепе-теңдік есебінен сақталады.
Органзмде сұйықтықтың оптималды көлемін стап тұруға орталық, афференттік, эфференттік буындар кіреді.
Орталық буын (шөлдету орталығы)-гипоталамустың алдыңғы бөлігіндегі нейрондар.
Олар үлкен ми қыртысты аймақтарымен байланысқан.
Афференттік буын-бұл сезім жүйкен ұштары және әртүрлі мүшелерлің жүйке талшықтары.
Эфференттік буын-бұл бүйрек, тер бездері, ішек, өкпе.Осы мүшелер артық немесе кем мөлшерде су құрамының ауытқуын жоюды қамтамасыз етеді.
Қандағы жоғары осмостық қысым антиуретикалық гормон (АДГ) секрециясын тудыратын қоздырғыш болып табылады. Мұны суды жеткіліксіз тұтынғанда, қатты тер шыққанда немесе тұздың көп мөлшерін қабылдағаннан кейін гипоталамустың осморецепторы тіркейді. Гипофиздің артқы үлесіне берілетін жүйке импульстері пайда болып, АДГ-нің босап шығуын тудырады.Осмолярлықтың өзгеруі тек бір пайызға өзгеруі АДГ секрециясының айқын өзгерістеріне әкеледі.
АДГ дисталды иректелген өзекшелер мен жинағыш түтікшелердің қабырғадарына судың енуін арттырады, су сүзіндіден қыртыс заты және ми заты ұлпасының сұйықтығына
шығады да, бүйрек концентрлі зәрдің аз көлемін бөледі. Несепнәр өзінің осмостық ысымын арттырады.Бүйрек өзекшелерінен суды реабсорбциялау және концентрациясы жоғары зәрдің аз көлемін сыртқа шығару жүзеге асатындықтан гормонды антидиуретикалық деп атайды.
Судың көп мөлшерін қабылдағаннан кейін қанның осмостық қысымы төмендейді, АДГ-ның секрециялануы тоқтайды.
Организмде су жеткілікті болса,натрийдің қалыпты мөлшері тамақпен түсіп тұрса, АДГ және альдостерон гормондары секрецияланбайды.
Нысана -мүшелер – жүрек, ми, бүйрек т.б. Қан қысымы жоғары болғанда миокард инфарктісі болуы мүмкін. Мида жоғары артериялық қысымда микроскопиялық инсульттер болып, ақыл-ойдың, жадтың, зейіннің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Бүйректе қысым жоғарлағанда қалдықтарды организмнен шығаратын шығаруға қатысатын құрылымдардың жойылуы орын алады.Ол бүйрек жетіспеушілігіне әкеледі.
Жинағыш түтікшелер мен дисталды өзекшелерден келетін судың реабсорбциясын жіне көлемі аз жоғары концентрациясылы зәр шығару процестерін реттейтін антидиуретикалық гормон үшін нысана-мүшелер бүйректер болып табылады.
Сусыздану немесе тұзды тұтыну артқанда гипоталамустың осморецепторлары қан плазмасының осмостық қысымының жоғарылауын тіркейді.Судың реабсорбциясы зәр құрамындағы натрий, хлор, фосфат иондарының концентрациясының артуына алып келеді.Бұл арқылы организмдегі сұйықтықтар мен электролиттердің гомеостазы реттеледі.