Файл: Келісемін Бекітемін дістемелік кабинет мегерушісі Мектеп директоры Б. Р. Омаров.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Келісемін» «Бекітемін»

Әдістемелік кабинет меңгерушісі Мектеп директоры

Б.Р.Омаров _____________ ______________

«Биоэкология»
Қолданбалы курсы
10 сынып


Құрастырған: «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ

Биология мұғалімі Балкобекова Б.А

2017-2018 оқу жылы
Мазмұны

  1. Түсінік хат




  1. Оқу материалының мақсаты, міндеті,өзектілігі,болжамы



  1. Оқу материалын меңгеруде оқушыларға қойылатын талаптар



  1. Оқудан күтілетін нәтиже




  1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары

  2. Білім меңгеру деңгейін бақылау

  3. Пәннің оқу – әдістемелік қамтамасыздандырылуы



1.Түсінікхат
10 сыныптарда биологиядан таңдау курсын оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері оқушыларды қазіргі биология ғылымының даму тенденциялары мен жетістіктерімен таныстыру, болашақ кәсіби іс-әрекеттері үшін оқушылардың биологиялық білім мен биологиялық талдау әдістерін меңгеруді негіздеудің маңыздылығы болып табылады.

Биоэкология  қолданбалы  курсын  оқыту  арқылы оқушылардың тірі табиғатқа деген  көзқарастарын  дамытуда,  қоршаған орта  жағдайы мен тір ағзалар арасындағы байланыс қамтылады.    Осы мақсатқа жету үшін білім беру бағдарламасындағы оқу материалдарының орналасуы орталықтандырылған тәсіл бойынша құрылуы тиіс. Мұнда бір объектіні оқу жай қайталана бермейді, оның мазмұнында берілетін білім оқушылардың алғашқы қабылдауынан толық меңгеруіне дейін кеңейтіліп, тереңдетіледі. Таңдау курсының бағдарламасы оқу материалдарының мазмұнына болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын, биологиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген. Бағдарлы деңгейде оқушылардың биологиялық мәдениетін қалыптастырушы білім, біліктіліктер мен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға, қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.

Оқу пәнінің нысаны – Күн сәулесінің өсімдіктер, жануарлар және адам өмірі үшін маңызы, табиғат құбылыстары, табиғаттағы су, ауа, топырақ маңызы оларды қорғау. Өсімдіктер маңызы, мәдени өсімдіктер, жануарлардың маңызы үй жануарлары оның түрлері, пайдасы. Табиғатты қорғау, қорықтар, қызыл кітаптар, оған енген жануарлар, өсімдіктер туралы білім мазмұны.


Оқу пәні – биологиялық білімдерді жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік тұрғыдан танып білу.

II. Оқу пәнінің мақсаты

Мақсаты: тіршіліктің мәнін ең жоғарғы құндылық деп түсінетін биологиялық және экологиялық тұрғыдан сауатты тұлға дайындау; биологияны оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және интелектуалды қабілеттерін дамыту және әлемдік көзқарастардың ғылыми негіздерін қалыптастыру, тірі табиғат нысандары туралы білімді өздігінен меңгеруді және оны тірі табиғат процестерін, құбылыстарын, заңдылықтарын түсіндіру және практикада қолдану үшін біліктіліктерін қалыптастыру; өздігінен білім алу мотивациясын жоғарылату болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

– экологиялық және жалпы мәдениетке, өзінің және өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, адам өмірі ең жоғарғы құндылық екендігін жетік түсінуге тәрбиелеу.

– биологияны оқыту барысында оқушылардың проблемаларды шешу, ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға жағдай жасау.

– тірі табиғаттың заңдылықтарын оқып білу үрдісінде, тірі нысандарды бақылау және биологиялық тәжіибелер жүргізуде танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

– оқушылардың ғылыми-жаратылыстанымдық білімін және өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Өзектілігі:

Қоршаған ортаны қорғауын және салауытты өмір сүруін қалыптастыру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Болжамы:

  • Оқушылардың білімін одан әрі кеңейту

  • Жаттығу жұмыстар арқылы білім дағдыларын өз бетінше еркін қолдануын қалыптастыру

  • Алған білім, білік дағдыларын шығармашылыққа пайдалану

  • Өз идеяларын іске асыруға, уақытын тиімді пайдалануға үйрету

  • Өзіне деген сенімділігін арттырып, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

  • Қосымша материал, реферат, баяндама, президентация, жоба жазуға бағыттау


III. Күтілетін нәтиже:
Қазіргі заман талабына сай білімді, ұлттық сана-сезім, қоғамдық саяси ой-өрісі дамыған, ойлау, сөйлеу қабілеті шыңдалған, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі жоғары, жан-жақты дамыған кәсіптік бағытқа дайын тұлға қалыптастыру.

Зерттеу объектісі: Табиғатты зерттеу объектісі – адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, пайдасын, көптүрлілігін, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сақталуын, олардың себеп-салдарын анықтау.



Оқыту әдістері, формалары:

1. Жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушының практикалық іс-әрекетін қалыптастыру (туған өлкенің қызыл кітабын, табиғат бұрышын ұйымдастыру, презентация жасау, ақпарат құралдарды пайдалану)

2. Оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның болашақтағы зардаптары туралы алдын-ала білуге, оны болжауға тәрбиелеу (табиғатқа саяхат, бақылау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, бағалау, болжау)

3. Оқушының қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы жетілдіріп отыру (семинар, конференция, әңгімелеу, ойындар)

Жобаны ұйымдастыру формалары:

  1. Жеке 2) жұптық 3) топтық

Жобалау, зерттеу әдістері:

Іздену, ақпарат жинау

мәселені шешу

сұхбат

сауалнама

ойын,сайыс

пікірталас

Өлшеуіштер:

Өнімді рефераттар

Зерттеу жұмыстары, Шығармашылық тапсырмалар

В.Т. Беспалько бойынша меңгеру деңгейлері.

Б. Блум таксономиясы бойынша шығармашылық қабілет деңгейлерін анықтау әдісі.

Сауалнама, проблемалық сұрақтар, Тесттер

IV.Оқушыларға қойылатын  талаптар:

Білік дағдылары:

  • Экология  ғылымының ашылып жатқан жаңалықтарынан хабардар болу

  • Биологияның дамуының әлеуметтік –ұлтаралық және адамзаттың экологиялық мәселелерімен  арасындағы байланысты орната білу

  • Экологиялық зерттеулерді өз бетімен орындай білу (бақылау, өлшеу, экспермент қою, моделдеу) және зерттеу қорытындыларын сауатты рәсімдеу.

Экологиялық терминдер мен белгілерді пайдалану

  • Қоршаған орта жағдайларының ластану себептерін танып –білуге

  • Жер қабаттарының биологиялық, географиялық ерекшеліктерін білуге

  • Қазақстанның табиғи су қорларын

  • Сирек кездесетін дәріліу өсімдіктерді табиғат аясында танып білуге

  • Жергілікті жердің экологиялық проблемаларын білуге

  • Қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін

  • Экологиялық есептеулерді сауатты жүргізу

  • Өсімдіктермен жануарлардың экологиялық топтарын ажырата білуге

  • Кеппе шөптермен жұмыс жасай білуге

  • Топсеруен кездерінде табиғатта өздерін ұстай білуге

  • Табиғаттағы зат айналымды

  • Жергілікті жердің өсімдіктерін танып білуде систематикалық анықтамалықпен жұмыс жасай білулерін.

  • Жануарлар коллекцияларын жинақтай білу

  • Жергілікті жерді кездесетін өсімдіктер мен жанцуарлар түріне назар аудару

  • Биотехнология, нанотехнология жетістіктерін білу

  • Қызыл Кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін танып білуге


Дамыту:

  • Дүниетанымдық қызығушылықтарын

  • Қазіргі заманғы экологиялық мәселелерді оқу барысындағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері

  • Эксперменталдық зерттеулер жүргізу

  • Экологиялық есептерді шешу


V. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат




Тақырыбы

Сағат

саны

Ұйымдастыру формасы, сабақ типі

Мерзімі



Экология – ел тағдыры

1

Дәріс, термин С/ж; Эссе






Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері

1

Ізденіс сабақ






Экологияның зерттеу әдістері

1

Дәріс;Тірек сызба






Экологиялық білім мен тәрбие беру ұстанымдары

1

Дәріс






Экология ғылымының салалары

1

Аралас, ойын






Биосфера туралы ілім

1

Дәріс, терминдермен жұмыс, тест






Биосфера және оның тұрақтылығы

1

Ізденіс сабағы






Атмосфера-биосфераның сыртқы қабығы

1

Баяндама






Ауаның ластануы-экологиялық мәселе

1

Конференция






Су-биосферадағы тірішіліктің негізі және қазіргі проблемалары

2

Дәріс, Жобалау сабағы






Өлкеміздегі су көздерінің ластану жолдары

1

Ізденіс сабағы






Топырақ тіршілік тірегі, топырақ түрлері, оның ластануы

2

Сарамандық жұмыс






Табиғи ортаның сапасы

1

Дәріс, термин с/ж






Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көптүрлілігі

1

Қайталау,Баяндама






Бөлме өсімдіктері.

2

Ойын, Жобалау, Сарамандық жұмыс






Шар өңірінің қорғауға алынған өсімдіктері мен жануарлары

2

Сұхбат,зерттеу






Жергілікті жердің құстары

1

Зерттеу,Серуен






Дүниежүзі жэәне Қазақстан экологиясы. ШҚО экологиялық проблемалары

2

Жобалау сабағы






Полигонның зардабы

1

Дәріс, пікір

талас






Шешуін таппаған экологиялық проблемалар

1

Ғылыми-ізденіс сабағы






Қала экологиясы

1

Дәріс






Адамдардың табиғатқа тигізетін әсері

1

Пікірталас






Экологиялық факторлар

1

Дәріс,тірек сызба






Экологиялық жүйелер

1

Аралас сабақ




25

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

2

Қайталау сабағы, слайд




26

Биосфераны қорғау

1

Талдау




27

Қорытынды

1

Тест,




28

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

1

Қорытынды сабақ, Ой қозғау






VI. Білім меңгеру деңгейін бақылау

Білімді меңгеру және бақылау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бақылай алмайды. Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бақылау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Табиғаттың ғажайып сыйы дәрілік өсімдіктер жайлы мағлұмат беріледі. Оқушы компоненті жазбаша және ауызша жүргізіледі. Әр жартыжылдықта сынақ алынады.

Таңдау курсына баға қойылмайды. Әр жартыжылдықтың соңында тест алынады.

Бізді қоршаған орта туралы ғылым - экология жайлы мағлұмат беріледі. Оқушы компоненті жазбаша және ауызша жүргізіледі. Әр жартыжылдықта сынақ алынады.

VII Пәннің оқу – әдістемелік қамтамасыздандырылуы


1. Деркачева. Н.И. и др. Биология Единый государственный экзамен / Текст /

типовые тестовые задания / Деркачева Н.И. Соловьев А.Г. – М.: “Экзамен”

2006, 99с.
2. Кучменко В.С. и др. Школьная олимпиада. Биология / Текст / задания и

вопросы с ответами и решениями / Кучменко В.С. Пасечник В.В. - М.:

“Астрель”, 2004 - 299с.
3. Пепеляева О.А. и др. Поурочные разработки по общей биологии – 9 класс /

Текст/ дополнительный материал, тесты, кроссворды / Пепеляева О.А.

Сунцова И.В. – М.: “Вако”, 2006 - 461с.
4. Әртүрлі қиындық деңгейдегі тест тапсырмалары
5. Плакаттар

6.Кестелер, таблицалармен жұмыс істеу

7.Семинар сабақтар

8.Интернет желісінен алынған мағлұматтар.

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә. С. Бейсенова. «Экология – ел тағдыры», Алматы – Мектеп -2006ж

  2. Ұ. Б. Асқарова. «Экология және қоршаған ортаны қорғау», Алматы -2004.

  3. Ғ. Сағымбаев «Экология негіздері», Алматы -1995 Республикалық баспа қызметі.

  4. Ә. Бейсенова, Ж. Шілдебаев,Ғ. Сауытбаева «Экология» оқулық, Алматы «Ғылым» баспа орталығы -2001ж.

  5. М.М.Жанпейісова «Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002 ж.

  6. Бас редактор- Қалкенова Б. «Биология және салаулаттылық негізі» Ғылыми – педагогикалық журнал .2007 ж. № 2,3,5.

  7. Әбілқасымова, Р.Омарова. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. А., 2003ж.

  8. Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия. Учебное пособие. Алматы. 2005.