Файл: Жетісу облысыны орта білім беру йымдарындаы оушы ыздар арасындаы Брымды ыз2023 атты облысты байауыны ережесі жалпы ереже Осы ереже Брымды ыз2023.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жетісу облысының орта білім беру ұйымдарындағы оқушы қыздар арасындағы «Бұрымды қыз-2023» атты облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
-
Жалпы ереже
-
Осы ереже «Бұрымды қыз-2023» бұрымды қыздар арасындағы байқауды өткізудің мақсаттарын және міндеттерін, тәртібін, өткізу шарттарын және қаржыландыруын белгілейді (бұдан әрі – Байқау); -
Байқау ұйымдастырушылар: Жетісу облысының білім басқармасы, «Мүшелтой» аула клубы» қоғамдық бірлестігі;
-
Мақсаттары мен міндеттері
-
Байқау оқушы қыздардың ұлттық тәрбиені нақыштау, творчествалық потенциалын көтеру, танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, икемділігін, сөйлеу мәдениетін, сөйлеу шеберлігін, тартымдылығын дамыта отырып өнерге баулу, сахнада өзін ұстау қабілеттерін қалыптастыру; -
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыра отыра ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру және үлгі ету; -
Байқау арқылы ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру; -
Жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалануға бағыт беру.
-
Байқаудың өткізу мерзімі, орны және өтінімдерді қабылдау
3.1. Байқау 2023 жылдың 06 наурыз күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында өтеді. Басталу уақыты сағат 10:00.
3.2. Өтінімдер 2023 жылдың ақпанның 15 - 20 аралығында білім басқармасына және Kdania@mail.ru электронды поштасына келесі нұсқада тапсыруы керек:
-
Аудан,қала -
Тегі, аты-жөні -
Туған күні -
Мектебі, сыныбы -
Шашының ұзындығы -
Мекен-жайы -
Байланыс телефоны -
Жауапты маманның аты-жөні, лауазымы, байланыс телефоны, -
Қатысушы қыздың шашын бос жіберіп қойған, артынан және алды жағынан толық
бойымен түскен суреті.
-
Қатысушы қыздың жеке қасиеттері мен жетістіктері, артықшылығы.
-
Байқаудыңшарттары
-
Байқауға шашының ұзындығы 65 см асатын ақылына көркі сай, қолаң шашты
8-9-10 сынып қыздары қатыса алады;
4.2. Шаштың ұзындығы бастың төбесінен бастап өлшенуі шарт;
4.3.Берілген өтініштер бойынша қатысушы қыздар мен жауапты мамандардың ватсап желісінде уақытша тобы құрылады;
4.4. Ұйымдастырушылар байқауға өтінім тапсырған қыздарға осы құрылған ватсап желісі арқылы нұсқаулар беріп, туындаған сұрақтарға жауап беріп отырады.
-
Байқаудың өткізілу кезеңдері
Байқау 5 кезеңнен тұрады:
5.1. Шаш ұзындығын өлшеу;
5.2. «Мен қазақтың қызымын дара туған» өзін таныстыру. Регламент 5 минут.
Киім үлгісі - ұлттық, шашбаумен өрілген қос бұрым.
5.3. Өнер сайысы (ән, би, күй, өлең оқу т.б.). Киім үлгісі өздерінің көрсететін өнерлеріне сәйкес.
5.4. Салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауаптар 1-2 минуттан;
5.5. Өзінің дизайнерлік киім үлгісін көрсету (әр түрлі нышанда: импровизацияланған дәстүрлі емес материалдардан жасалған, целофан, қағаз т.б.с.).
-
Бағалау шарттары
Байқауға қатысушыларға 5 адамнан құралған әділ қазылар алқасы баға береді, талдау жүргізеді, үзіктерді анықтайды және жеңімпаздардың марапатталуын ұйымдастырады;
6.1. Шашының ұзындығы;
6.2. Сахна мәдениеті;
6.3. Әртістік шеберлігі;
6.4. Білім деңгейі, ұшқыр ойы;
6.5. Әдеби тілді меңгеру;
6.6. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білу;
6.7. Табиғи сұлулық пен сүйкімділік, сымбатты фигура;
6.8. Дизайнерлік шеберлігі, костюмнің өзіндік ерекшелігі, орындау сапасы.
-
Жеңімпаздарды марапаттау
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы БАҚ беттерінде, Instagram, Facebook желілерінде жарияланады.
Бас жүлде – 1
І орын – 1
ІІ орын – 1
ІІІ орын – 1
Арнайы номинациялар – 6.
ЕСКЕРТУ:
1. Тапсырыс көрсетілген уақыттан кешіктірілмеуі керек! Уақытында өткізілмеген тапсырыс қабылданбайды.
2. Тапсырыс қабылданып біткеннен кейін байқауға қатысушылармен түсіндірме жұмыстары онлайн форматында жүргізіледі.
3. Тапсырыс 2023 жылдың ақпанның 15 - 20 аралығында кешіктірілмей білім басқармасына, KDania@mail.ru электронды поштасына немесе 8 701 720 4721 телефон нөміріне ватсап арқылы жіберілуі тиіс.
4. Байқауға қатысушы қыздар ұйымдастырушылардың талабын орындаулары тиіс.
5. Өзгерістер туындап жатқан жағдайда қосымша хабарланады.
6. Түскі тамақ қатысушы қыздарға (10 адам) ұйымдастырушылардан қарастырылған.