Файл: Д.алматаев атындаы Семей мемлекеттік медицина колледжі Жрек ан тамырлар жйесіні ызметі бзылуы кезіндегі медбикелік рдіс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік

медицина колледжі

Жүрек - қан тамырлар жүйесінің

қызметі бұзылуы кезіндегі медбикелік үрдіс.




2016 жыл

УДК 616 В

ББК 54.1

Семей қаласы 2016 ж«Медбикелік ісі» бөліміне арналған жұмыс дәптері. Көмекші құрал Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінің арнайы клиникалық пәндер цикл мәжілісінде қарастырылып, талқыланды. Хаттама №1 11.09.2016 ж.

Бұл көмекші құрал медицина колледждерінде арналған типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Көмекші құралдың негізгі мақсаты – оқушылардың мейірбике ісі пәнінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және тәжірибе жүзінде дағдыларын игеріп жүзеге асыру және көрсете алу. Жұмыс дәптері оқытушының өз еркімен дайындалуына және сабақ кезінде қолдануға арналған..
Құрастырған: 0-58 Омарбаева Ж.Т

Науқастың жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылу

жағдайында баға беру.

Жүрек-тамыр ауруларымен ауыратын адамдардың негізгі шағымдарына төс және жүрек тұсының ауыруы,демікпе,жүректің қатты және шалыс соғуы, тері және кілегей қабықтардың көгеруі, шемен-ісіктері, диспепсиялық шағымдары,жөтел,қан түкіру жатады.

Ауырғандық: Жүрек тамыр ауруларында ауырғандық адам организмінің әр жерінде кездеседі. Оның жиі локализациясына төстің арты,жүректің тұсы, оң жақ қабырға асты, бас,іш қуысы және аяқ жатады.

Төс арты және жүрек тұсының ауыруы жүректің ишемия ауруында,жүрек неврозында(кардионеврозда),жүрек бұлшық еті мен перикард ауруларында кездеседі. Көрсетілген локализациядағы ауырғандық кейде рефлекторлы болуы да мүмкін.

Оң жақ қабырға астының ауырғаны. Жүрек әлсіздігінен болатын бауырдың өсуіне байланысты. Бауырдың өсуі ішінде нерв тамырлары бар глиссон капсуласының керілуіне әкеп соқтырады ол ауру болып білінеді.

Демікпе: жүрек шамасыздығының белгісі. Жүрек ауруларында жүрек әлсіздігінің нәтижесінде қанның минуттік көлемі азаяды, ол қан айналымы жылдамдығының баяулауына себеп болады. Бұл қанның қан айналым шеңберлерінде іркілуін тудырады. Қанның кіші қан айналым шеңберінде іркілуінен оның оттегімен қанығуы азаяды-гипоксия мен гиперкапния дамиды. Гипоксия мен гиперкапния тыныс алу орталығын қоздырып,демікпе тудырады.


Жүрек шамасыздығына тән демікпе әуелі организмге қалыпты күш түскенде,кейін аурудың отырған күйінде байқалады.

Ентігу - тыныс алу жиілігі ырғағының және терендігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу жағдайы.

Гипертония (артериялық гипертензия) – қан қысымының жоғарлауы .

Гипотония (гипотензия) - қан қысымының төмендеуі.

Ісік-жүрек шамасыздағының,оның ішінде жүректің оң жақ қарыншасының әлсіздігінің белгісі. Ісіктің пайда болу механизмінің ең бастысы-қан іркілісінен туатын капллярдың вена жақ тізесінде науқастардын терісі қажалып, жараға айналуы мұмкін.Ондай жағдайды гидростатикалық қысымының көтерілуі. Соның салдарынан қанның сары суының айналадағы тканьдерге транссудациясы (көшуі) басталады,оны асцит теп атймыз

Асцит - іш қуысында сұйықтық жиналуы.

Жүрек ырғағының бузылуын аритмия деп атайды.Аритмия кезінде жүректегі автоматизм,қозу немесе откізу механизмінің бірі бузылады.Ол көбіне қобалжығанда,ас қабылдағанда,дене температурасының жоғарлауында, анемия, миокарта, ақау ауруларда дамиды.

Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылған жағдайларында

науқастардың жалпы күтімі.
Жүрек-қан тамыры жүйесі бұзылған науқас күтімінің негізгі міндеті - жүрек жұмысын жеңілдету. Бұл кезде дене тыныштығының маңызы зор. Жүрек қызыметінің жеткіліксіздігі жеңіл дәрежеде жүрек қызыметін қалпына кетіру үшін төсек тартып жату режимін қатаң сақтау жетіп жатыр. Сондықтан мейірбике науқастың төсектен тұрып кетпеуін қадағалауы тиіс. Барлық физиологиялық жайлар палатада істеліп,дәрет ыдысы мен «уткалар» төсекке беріледі. Науқасты жуындырады,шашын тарайды,жеке басының гигиенасы бойынша барлық шаралар орындалады.

Жүрек аурумен наукастанған ауруларды күту көп жағдайларды білуді қажет етеді. Мысалы : миокард инфарктісін шалдыққан, артериялық қысым көтеріліп,кризге ұшыраған немесе жүрек клапанының тесігі тарылудан стеноз жүрек ауруларына тап болған наукастарды күту оларды емдеу өте біліктілікті, ұстамдылықты, шыдамдылықты талап етеді. Жүрек ауруына ұшыраға наукастар көбінесе ауруханада емделеді, онын үстіне миокард инфарктісін ұшыраған наукастар дәрігердін нұскау бойынша төсекте жатады. Мұндай науқасты күту мен қызмет көрсетуге;оны жаткан орында дәретке отырғызу, таңертен беті-қолын жуу қажет болса,қолмен тамақтандыру жатады. Төсекте ұзақ жаткан болдырмас үшін ауру жамбасының астына резеңке дөңгелегін қояды, төсегінің жұмсақ болуын,қыртыстанбауын,оған тамақтын қатқан түйірлері түспеуін қадағалау қажет. Теріні өте мұқият ұстау керек, себебі науқас ісінуі салдарынан жұқаланып, құрғай бастайды, жарылған жерлер оңай пайда болып,одан ісік сарысуы ағып, терінің кеселге ұшырауына қолайлы жағдай жасайды. Егер науқас өздігінен жуына алмаса, күнделікті таңертен және кешке оның терісін суға немесе қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндіге (камфора спирті, арақ, иіс су, т.б.) малынған мақтамен немесе сүлгімен сүрту қажет. Науқасты ваннаға тек дәргердін рұқсатымен түсіреді. Мейірбике науқастың ішін босатуын қадағалап әрі дәрігердің белгілеуі бойынша (іш босататын) ішектерді тазартатын клизма салуы тиіс.



Палатада және оған жақын сенекте өте тыныштық болуы керек. Науқасты тынышсызданудан, ренішті хабар, шаршататын әңгімелерден сақтау қажет. Палатаны жиі желдетіп жүру керек. Жүрегі ауыратын науқастар оттегіне зәру болғандықтан организмді қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етудің маңызы зор. Оттегін енгізу тәсілін дәрігер белгілейді.

Комплекті терапияда емдік тағам үлкен роль атқарады. Тағамдық рацион былайша құрылады, диурезді (несеп бөлу) сұйықты, ас тұзын және кейбір белоктар мен майларды шектей отырып (№10 мен №10а диетасы) диета белгілеу арқылы көбейту. Сондай-ақ жеңіл тамақ күндері де (алма, ірімшік, сүт, т.б.) қолданылады. Калориясы аз, белок құрамы бойынша құнарсыз диетаны тек аз уақытқа белгілейді. Тамақты шағын үлеспен күніне 5-6 рет беру керек. Соңғы тамақ ұйықтаудан 3 сағат бұрын ішілуі тиіс. Тағамдық рационға майсыз ет пен жеткілікті мөлшерде көміртегін (қант, тосап, кисель), жеміс-жидек, В және С топтарындағы витамендерді қосады. Науқастарға аптасына 1-2 рет жеңілдеткіш тағамдарды ұсынуға да болады.
Мейірбикенің кардиология бөлімшесіндегі ұйымдастыру жұмысы.
Кардиология бөлімшесі науқасқа жедел беруге керекті құралдармен, аппараттармен жабдықталу керек

Мысалы; онда кардиомонитор, электро-кардиограф, электрлі дефибрилятор,қолдан дем алдыру аппараты электрлі дефибрилятор, қолдан дем алдыру аппараты И В Л, электрлі сорғыш, қан қысымын өлшейтін аппарат болуы тиіс

Дәрі-дәрімектер де жеткілікті болуы тиіс. Мысалы: строфантин, коргликон, қан тамырларынын тесігін кенейтетін дәрілер, зәр айдайтын дәрілер, жүректін соғу ырғағы бұзылғанда колданылатын дәрілер, кан тамырлар тесігін тарылтатын канның ұюуына карсы қолданылатын дәрілер, жүрек шаншыған кезде қолданылатын дәрілер болуы тиіс.

Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау
Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

Қорсеткіштері: науқастың жағдайын бақылау.

Тамыр соғуын анықтайтын жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

Тамыр соғу қасиеттері : ырғақ, жиілігі, толу, кернеулік, көлемі.

Әзірле: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа манипуляция түралы түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

  2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

  3. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз.

  4. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

  6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  7. Тамыр соғу ырғагың анықтаңыз.

  8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

  9. Тамыр соғу толуын бағалаңыз.

  10. Тамыр соғу кернеулікті анықтаңыз.

  11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.

  12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

  13. Қолынызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту:


  • қалыпты тамыр соғу ырғағын екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, тамыр соғу ырғағын толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егерде күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ырғағты. Тамыр соғу ырғағы бұзылғанда, тамыр соғу толқынында алмасу тамыр соғуы ырғағы дурыс емесе байқалады;

  • тамыр соғу жиілігін аңықтау (егерде тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:

қалыптағы тамыр соғу 1 минутта – 60-80 соққы

тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия

тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – жәй – брадикардия

  • артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу – толық, бос, жіп тәрізді болады;

  • тамыр соғудың кернеуліғің анықтау. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеулігін бағалайды.

тамыр соғу –орта кернеулі

тамыр соғуы күшті (қатты)

тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).

ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ
Мақсаты: қан қысымының корсеткіштерің анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.

Қолдану көрсеткіштері: науқастың жағдайын бағалау.

Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады

Әзірле: тонометрді, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа манипуляцияның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

  2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

  3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады: манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

  4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

  5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

  6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

  7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

  8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

  9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.

  10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систольдық қысым, бөлімі –диостольдық қысым).

  11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.

  12. Фонендоскоптын басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.

  13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.




Ескерту:
Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.

Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

  • қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

  • артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.

  • артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.

Макатэктомия болған жағынан,егер қол сал тартқан не инсульттан кейін әлсіз болса, сол сияқты осы жақтан көк тамырлық инфузия орындалған болса артериальды қан қысымын осы жақтан өлшенбеуі керек

Су балансын анықтау және есептеу
Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.

Әзірле: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.

  2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

  3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

  4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

  5. Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.

  6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

  7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.

  8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.

Бөлінген сүйықтық

Бөлінген зәрдің уақыты

Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)













Барлығы:







  1. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.

Енгізілген сүйықтық

Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты

Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері













Барлығы: