Файл: 2тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар Тотыутотысыздану реакциялары блімі бойынша жиынты баалау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.2.3 тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану.
9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;
9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Қосылыстар құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алады; -
Тотығу және тотықсыздану үдерістерін анықтай отырып тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты ажырата алады; -
Тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсінеді -
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіре алады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу. Түсіну. Қолдану . Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
№1. Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз
№ | Берілгені | жауабы | ||
1 | Тотығу дәрежесі +4 ке тең қосылыс | CO2 | K2O | HF |
2 | Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ? | FeS | F2 | CaF2 |
3 | Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта | KClO3 | HClO4 | Cl2 |
4 | Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең | -6 | -4 | -2 |
№2. Мына қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін қойып шығыңыз:
H2S, N2, СО2,H2O, SO3, Cl2, CaO; P2O5 ; KClO3; HClO4; HCl
№3 тапсырма. Cәйкестендіру
№ | сұрақтар | жауап |
1 | Қай процесс тотықсыздану? | Cr+3-----Cr+4 |
2 | Қай процесс тотығу | Mn+7----Mn+4 |
3 | Қай жағдайда күкірт атомы тотықтырғыш | S0 _____> S-2 |
S0 _____ > S+4 | ||
S0 _____> S-+6 |
№4 Тапсырма: Тотығу тотықсыздану реакциясы теңдеуінде тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты анықтайды
Берілген | тотықтырғыш | тотықсыздандырғыш |
Al0+O20 →Al2+3O3-2 | | |
Fe0 +Cl20 →Fe+3Cl3-1 | | |
№5 тапсырма. Берілген реакция теңдеулерінде тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты анықтап электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз
а) H2S + CI2 = HCI + S ;
б) HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O;
Бағалау критерийі | Тапсыр ма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Қосылыстар құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алады; | 1 | тотығу дәрежесі +4 ке тең қосылысты анықтайды | 1 |
тотығу дәрежесі нольге тең элементті көрсетеді | 1 | ||
хлордың тотығу дәрежесі +7 болатын қосылысты анықтайды | 1 | ||
күкірттің төменгі тотығу дәрежесін көрсетеді | 1 | ||
2 | қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін қойып шығады | 1 | |
Тотығу және тотықсыздану үдерістерін анықтай отырып тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты ажырата алады; | 3 | тотықсыздану үдерісін көрсетеді | 1 |
тотығу үдерісін көрсетеді | 1 | ||
күкірт атомының тотықтырғыш қасиетін сәйкестендіреді | 1 | ||
Тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсінеді | 4 | тотықтырғышты айқындайды | 1 |
тотықсыздандырғышты айқындайды | 1 | ||
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіре алады | 5 | Тотығу дәрежесі өзгеретін элементті анықтайды | 1 |
Беретін немесе қосып алатын электрон санын табады | 1 | ||
Коэфициенттерін тауып орнына қояды. | 1 | ||
Барлығы | 13 |