ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҰБТ-да кездесетін шығармаларға композициялық талдау
І бөлім
авт.:Сегізбай Аруна |arukosh_s|
-
Шығ.атауы: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Авторы: М.Мақатаев
Оқиғаның басталуы:Жетімкөл келбеті, бала сырқаты, ананың қатігез ойы
Дамуы:Тәуіптің сөзі, әкесінің аққуды ата алмауы
Шиеленісуі:Тамыр таңында ананың көлге баруы
Шарықтау шегі:Жаны сұлу, ары сұлу аққуды жағалауда отырған ананың атып түсіруі
Шешімі:Жетімкөлден аққулардың көшіп кетуі
Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапгы
Ортаймапты, немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.
Кейіпкерлері: ана, бала, тәуіп шал, жылқышы, әке
Идеясы: табиғатты, киелі аң-құсты қастерлеу
-
Шығ.атауы: «Қонақтар» әңгімесі
Авторы: Төлен Әбдік
Оқиғаның басталуы: Курорттан қайтып келе жеткен баланың жолай әке-шешесіне соғуы, Ерғабыл қарттың ойы
Дамуы: Кездесу, дастархан басы, қарт пен бала қарым қатынасы
Шиеленісуі: Қарттың немересін қалдыруын сұрауы,Сапабектің түсініктің әңгімесі
Шарықтау шегі: Ақталмаған үміт
Шешімі: Сапабектің отбасын алып қайтып кетуі, сөнген үміт пен ананың көз жасы
Кейіпкерлері: Ерғабыл қарт – б.к; Сапабек –Е. ұлы,қалаға оқуға кеткен,ауылын ұмытқан; Тома – қалалық келін; Жеңіс - Ерғабылдың 7 жасар немересі
Идеясы: баланың ата-ана алдындағы парызы
-
Шығ.атауы: «Дабыл» фантастикалық әңгіме
Авторы: Жүніс Сахиев
Оқиғаның басталуы: Ғарыштан келген тамшы пішінді тас.
Дамуы: Төленнің інісі Жасағанның келуі.
Шиеленісуі: Жасағанның ыңғайсыздануы
Шарықтау шегі: Қазыкеннің келуі.
Шешімі: Туысқандардың ауызбіршілігі
Кейіпкерлері: Жасаған, Төлен, Таңатар, Жантас, Қазыкен, Балбек, Баламұрат, Жанқуат
Идеясы: Ежелгі таңбаларды дәріптеу, мамандыққа адалдық, туған жер қасиеті
Құндылығы: тарихты зерттеу, намыс, ауыл мәртебесі, бауырмалдық, бірлік, киіз үйді қадірле
-
Шығ.атауы: «Тәмпіш қара» әңгімесі
Авторы: Сансызбай Сарғасқаев
Оқиғаның басталуы: Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы
Дамуы: Шаншатайдың Ертайдың суретші екенін білуі, жақын дос болуы
Шиеленісуі: Оқушылардың қырманға көмекке баруы, ойын-сауық; Шаншатайдың ауыл балаларын газетке қызықтыруы
Шарықтау шегі: Оқушылардың өз мақаласын оқу үшін Теке үйіне баруы,Ш мен Иманбектің төбелесуі, И.кешірім сұрауы
Шешімі: Ертай суретінің «Октябрь балаларына» шығуы
Кейіпкерлері: Шаншатай – Ертай, Бисенкүл, Иманбек; Теке
Идеясы: жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу
-
Шығ.атауы: «Батыр Баян» поэмасы
Авторы: Мағжан Жұмабаев
Оқиғаның басталуы: Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғауы, Баянның қалмақ еліне жорығы
Дамуы: Баянның қалмақ қызын тұтқынға алуы
Шиеленісуі: Қызға Ноянның ғашық болуы
Шарықтау шегі: Баянның ел қамы үшін Ноян мен қызды өлтіруі
Шешімі: Баянның өлімі
Кейіпкерлері: Баян, Ноян, қалмақ қызы Толқын, Абылай, Қанай, Ұса Серен
Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу, туған жерді қорғау
-
Шығ.атауы: Тортай мінер ақ боз ат
Авторы: Оралхан Бөкей
Оқиғаның басталуы: Салықсалғандағы тіршілік, Тортайды таныстыру
Дамуы: Тортайдың тас күркеге кетіп қалуы
Шиеленісуі: Оқу басталғанда тортайдың тауда жалғыз қалуы
Шарықтау шегі: Әкесінің Тортайдың құлағының мүкісі үшін қызын бермей қалуы
Шешімі: Ораш Тортайдың ақ боз атын мінуі
Кейіпкерлері: Ораш, Тортай
Идеясы: Жас бозбаланың биік арманының соғыс салдарынан орындалмай қалуы
-
Шығ.атауы: Бақытсыз Жамал
Авторы: М.Дулатұлы
Оқиғаның басталуы: Жамалдың дүниеге келуі
Дамуы: Сәрсенбай туралы бірер сөз, Жамалдың бой жетуі, әдемі қыз болып өсуі
Осы жерде қосымша: Жамал ұл балаша өседі. Зерек болады. Ғазиз ұстаз оқытады, қисса жыр жаттайды. Бұны шығ.байланысы деуге болады.
Шиеленісуі: Жамал мен Ғалидың қашуы
Шарықтау шегі: Ғали қайтыс болып, Жамал айттырып қойған, өзі сүймеген адамына баруы
Шешімі: Бақытсыз Жамалдың боранды үсіп қаза табуы
Кейіпкерлері: Жамал, Шолпан, Сәрсенбай, Ғали, Байжан, Жұман, Қалампыр
Идеясы: Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу, қазақ қыздарының тағдырын көрсету, әйел теңсіздігі
Құндылығы: әйел теңдігі
-
Шығ.атауы: Шұғаның белгісі
Авторы: Ж.Аймауытов
Оқиғаның басталуы: Табиғатты суреттеу, Жол.
Дамуы: Есімбек 4 ұлы, қызы Шұға. Шұға бейнесі
Байланысуы: Ауылға Әбдірахманның келуі, Шұға екеуінің ғашықтығы, алтыбақанда кездесуі
Шарықтау шегі: Айнабайдың қызы Күлзипаны Әбдірахманға қоспақ болуы; Әбдірахманның әкесіне Айнабай тегін шөп беруі, ет асуы
Шиеленісуі: Әбідахман мен Шұға туралы елдің біліп қоюы, Әбдірахманның жер аударылып кетуі
Шешімі: Шұғаның құса боп ауыруы, Әбдірахманның келіп үлгермеуі. Шұғаның қаза болуы
Кейіпкерлері: Айнабай, Есімбек, Шұға, Әбдірахман, Күлзипа, Қасымжан
Идеясы: Әйел теңсіздігі. Жалпы Жамал, Шұға, Ақбілек тағдырлары ұқсас болғандықтан шығарма идеялары да жуық келеді.
-
Шығ.атауы: Еңлік-Кебек
Авторы: Ш.Құдайбердіұлы
Экспозиция: Кебектің Нысан абызға бал аштыруы
Оқиғаның басталуы: Кебектің аңға шығуы, Еңлікпен кездесуі
Дамуы: Кебек пен Еңліктің байланысы
Шиеленісуі: Кебек еңлікті алып қашып кетуі, дүниеге келген сәби
Шарықтау шегі: Екі жасты өлтіруге қабылданған шешім
Шешімі: Екі жас өлімі, сәбидің тауда қалуы – ол Шыңғыс тауы
Кейіпкерлері: Кебек –бас кейіпкер, Тобықтының батыры. Еңлік –Матай руынан, бай Сыбанның ынжық баласына айттырылған, батыл. Нысан абыз –балгер.Кеңгірбай –Тобықтының биі. Көбей
Идеясы:ескіліктің бұлжымас заңын, көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп көрсете білуі.
-
Шығ.атауы: Қаһар
Авторы: І.Есенберлин
Оқиғаның басталуы: Кенесары. Отаршылдыққа шыдамаған халықтың үдере көшуі
Байланысы: Кенесарыны алаңдат ел жайы, Александр 1 1822 жылғы жарғысы, жерді губернияға бөлу
Дамуы: Ожардың Сейтенге сатқындығы, Сейтенді Лебедев әскеріне ұстап беруі
Шиеленісуі: Ж.Тіленшіұлының көтерілісі
Шарықтау шегі: Санжар мен Есенгелдінің Хиуа мен қоқанға кеңес сұрап баруы, Қасым ханның Кенесарыға ағалары үшін кек қайтаруына сөз алуы
Шешімі: Кенесары Ресейдің отарлау саясатына қарсы күрес бастайды және оның серті
Кейіпкерлері: Кенесары, Санжар, Есенгелді, Ожар,Сейтен, Байтабын, Алтыншаш, Қожағұл
Идеясы: қазақ руларының бірлесу,бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
-
Шығ.атауы: Айдағы жасырынбақ
Авторы: Ж.Сахиев
Оқиғаның басталуы: Оқу жылының басталуы, Мұғалім сауалы, Айға сапар
Дамуы: Айға орналасу, ондағы құбылыстар. Тіршіліксіз өмір
Шиеленісуі: Айдағы жасырынбақ
Шарықтау шегі: Әке әңгімесі
Шешімі: Қоршаған ортаны қорғау
Кейіпкерлері: Мерген, Сартай
Идеясы: Айдағы гидросфера мен атмосфера, оның пайда болуы
-
Шығ.атауы: «Тәуекел той»
Авторы: Шерхан Мұртаза
Оқиғаның басталуы: Керімқұлдың қуанышы
Байланысы: Төрегелді мен Керімқұл әңгімесі, «Ағайының бай болса асағаның май болар»
Дамуы: Қонақтарды қарсы алу
Шиеленісуі: Құр келген қонақ. Желге ұшқан арман, қайыршы бала. Жалғыз үміт -Жеңіскүл
Шарықтау шегі: Ұрланған бриллиант, бұзылған көңіл-күй мен той
Шешімі: Төрегелдінің «сыйлығы», Көрпеге қарай көсілу керектігі
Кейіпкерлері: Төрегелді, Керімқұл, Жеңіскүл, Төкен
Идеясы: тойдағы ысырапшылдық, мақтаншақтықты сынай отырып халықты ынсапқа, қанағатқа шақыру
-
Шығ.атауы: Кенесары-Наурызбай
Авторы: Нысанбай жырау
Оқиғаның басталуы: Наурызбай-Кенесары бейнесі, КСРО келбеті
Дамуы: Кененің Дулаттармен келісіе алмауы
Шиеленісуі: Қырғыздардың жеріне басып кіруі
Шарықтау шегі: Қырғыздардың беріспеуі, Наурызбайдың ханнан және Бұғыбайдан көмек сұрауы
Шешімі: Наурызбайдың сегіз батырды ертіп жауға аттануы. ЖЕҢІЛІС.
Кейіпкерлері:Кенесары, Ағыбай, Бұғыбай, Наурыз, Кәрібоз(қырғыз)
Идеясы: ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін көрсету
-
Шығ.атауы: Томирис
Авторы: Шахмардан Құсайынов
Оқиғаның басталуы: Спаргапис арманы, Ардашир хабары
Байланысы: Кирдің жеңілісі. Спаргапис. Балхаш пен Кир өлімі
Дамуы: Кир еліне аттанған елші Шұғыла (Томирис)
Шиеленісуі: Шайқас даласы. Спаргапистің сатқындығы. Жаза.
Шарықтау шегі: Кир патшаның жеңілісі. Спаргапис. Балқаш. Кир өлімі.
Шешімі: Елес кемпір мен Томирис диалогі.
Кейіпкерлері: Томирис, Кир, Спаргапис, Алдашир, Балхаш, Мард
Идеясы: Томирис тұлғасын таныту
-
Шығ.атауы: Жау тылындағы бала
Авторы: Қасым Қайсенов
Оқиғаның басталуы: Шырт ұйқыда жатқан Серіктің телефон дыбысынан оянып кетуі
Дамуы: Жамал мен Серіктің қаладан қашуы
Байланысы: Жамалдың мерт болуы
Шиеленісуі: Серіктің жау тылына түсуі
Шарықтау шегі: Серіктің батырлығын байқауы
Шешімі: Белое озероға аттануы, Серіктің әкесімен кездесуі
Кейіпкерлері: Серік – жас партизан, патриот,тапқыр,қырағы, 10 жаста, барлаушы. Өскенде атты әскер командирі немесе артиллерист болғысы келеді. Анна Ивановна – Бористің анасы, партизан, комиссар Совченконың жұбайы. Борис – партизан, жасы Серікпен шамалас.
Константин Иванович Спижевский – командир, жасы 24-25те, қара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт. Иващенко – Анна Ивановнамен педагогикалық институтта бірге оқыған. Жомарт – Серіктің әкесі.
-
Шығ.атауы: Бәйтерек поэмасы
Авторы: Н.Айтұлы
Оқиғаның басталуы: Түске енген Тәуелсіздік Патшасы.
Байланысы: : Президент сайлануы. Қазақтың тәуелсіздік алуы.
Дамуы: Қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқан адамдар.
Шиеленісуі: Елдің астанасы Ақмолаға ауысуы.
Шарықтау шегі:
Шешімі: Автордың Елбасыға алғыс арнауы.
-
Шығ.атауы: Бесатар
Авторы: А.Сүлейменов
Оқиғаның басталуы: Иноземцевтің қолға түсуі
Дамуы: Крейгельдің Төреханды қамаққа алуы
Шиеленісуі: Сәруардың әкесін құтқаруға келуі, Крейгель тергеуіне түсуі
Шарықтау шегі: Мұқағалидың Инозмецевтің бетпердесін ашуы
Шешімі: Сәруардың, Караланның өлімі. Трагедиямен бітеді.
Кейіпкерлері: Иноземцев, Төрехан, Крейгель,Сәруар, Мұқағали.
Идеясы: Өзі өмір сүрген заман шындығын көрсету, 1916 ж көтеріліс сипаты
Жүгі ауыр, идеясы бөлек, өте әдемі шығарма. Оқу керек.
-
Шығ.атауы: Шақан - Шері
Авторы: М.Мағауин
Оқиғаның басталуы: Тұтқындағы шері (эпилог)
Дамуы: Шақанның бақытты отбасысы
Байланысуы: Отбасынан айырылған Шақан
Шиеленісуі: Кек қуған Шақан
Шарықтау шегі: Шөнжік пен Шақанның кездесуі
Шешімі: Шерінің қолға түсуі
Кейіпкерлері: Шақан, Сәмен, Ажар, Төре, тілмаш
Келесі бөлімде: