Файл: Шыыс техникалы гуманитарлы колледжі растыран Такежанова Ж..doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі
Құрастырған: Такежанова Ж.Қ.
Курстық жұмыстың орындалуына арналған
әдістемелік нұсқаулық.
Мамандығы: 1305000 «Ақпараттық жүйелер»
Өскемен, 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 2 | |
1 | КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ | 3 |
2 | КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ | 4 |
2.1 | «Кіріспе» бөлімі | 4 |
2.2 | «1 Жалпы бөлім» | 4 |
2.3 | «2 Арнайы бөлім» | 5 |
2.4 | «3 Өндірісті ұйымдастыру» | 7 |
2.5 | «Қорытынды» бөлімі | 9 |
2.6 | ҚОСЫМША | 9 |
Қосымша А | 11 | |
Қосымша Б | 12 | |
Қосымша В | 13 |
КІРІСПЕ
Курстық жоба «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнін оқып аяқтаудағы соңғы кезең болып табылады. Пәннің негізгі бөлімдері бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен толықтырып, жүйелеуге және курстық жоба есебін шығаруда комплекстік шешім табуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмысты орындау барысында, оқушы өз бетімен құрылымдық және нысаналы бағытталған бағдарламалау бағытын таңдап, дербес компьютерде есеп шешудің барлық жолдарын қарастырып, техникалық және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуі қажет.
Курстық жұмыс келесі кезеңдерден тұрады:
-
тапсырма құрылымы; -
тестілеуге қажетті бақылау мысалдарын құру; -
тапсырма алгоритімін графикалық түрде құру (алгоритм сызбалары); -
бағдарламалу тілінде бағдарламаны құру; -
бақылау мысалдарын қолданып, бағдарлама жұмысын тексеру; -
курстық жұмыстың түсіндірме хатын жазу; -
курстық жұмысты қорғау.
Курстық жоба тақырыптарын есептеу техникасының санатына байланысты, білім және техниканың даму талабына сай, ұстаз-жетекші таңдайды.
Курстық жұмысты орындау барысында міндетті түрде курстық жоба жетекшісі тапсырма мен оны орындау графигін құрастырады. Берілген тапсырманы оқушы берілген уақыт арасында орындай алуы қажет.
1 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
Курстық жұмыстың түсіндірме хаты мемлекеттік стандарттарға сәйкес орындаулы қажет, және келесі негізгі бөлімдерден тұруы қажет:
-
титулдық бет; -
курстық жұмыс тапсырмасы; -
курстық жұмыс орындау кестесі; -
курстық жұмыс мазмұны; -
«КІРІСПЕ» бөлімі; -
«1 Жалпы бөлім»; -
«2 Негізгі бөлім»; -
«3 Өндірісті ұйымдастыру»; -
«ҚОРЫТЫНДЫ» бөлім; -
курстық жұмысқа қосымша; -
қысқартулар тізімі; -
қолданылған әдебиеттер тізімі.
Титулдық беттің, курстық жұмыстың мазмұны мен мәтінінің құрылымы А, Б, В қосымшаларында көрсетілген.
Курстық жұмыс мазмұны төмендегідей құрылады:
-
«МАЗМҰНЫ» деген сөз тақырып ретінде үлкен әріптермен жазылады; -
мазмұнның ішіне кіретін атаулар бас әріптен басталып әрі қарай кіші әріптермен жазылады; -
әр атаудың қара қарсы жағында ол басталатын бет номері қойылады.
«МАЗМҰНЫ» бетінің құрылымы А қосымшасында орналасқан А.1 суретінде көрсетілген. Егер мазмұн беті бір бет көлеміне сыймаса, онда осы қосымшадағы А.1 суретіне сәйкес жазылады.
Мәтіндік беттер В.1 суретіне сәйкес жазылады.
2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМДЕРІНІҢ АТАУЫ
2.1 «Кіріспе» бөімі
Бұл бөлімде есептеу техникасының даму тарихы, оның қазіргі заманда қолданылу салалары туралы ақпарат болу керек.
2.2 «1 Жалпы бөлім»
Бұл бөлімде курстық жұмыс тапсырмасын орындау барысында қолданылған бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламау тілі жайлы қысқаша мәлімет жазылады.
Бағдарламалық қамсыздандыру жайлы келесі мәліметтер туралы жазу керек:
-
бағдарлама жұмысын қамтамасыз ететін операциялық жүйені таңдау мақсаты, және бағдарламаны орнату немесе жұмыс істеу кезінде қажетті қолданбалы бағдарламалар жайлы; -
таңдалған бағдарламалық қамсыздандыру жайлы қысқаша ақпарат.
Бағдарламалау тілін баяндағанда келесі мәліметтер жайлы жазу керек:
-
бағдарламалау тілін таңдау мақсаты; -
мәліметтер типін сипаттау; -
деректер бірлігінің сипаттамасы (массивтер, жазбалар, жиындар); -
циклдық және тармақталған процестер сипаттамасы; -
ақпаратты енгізу – шығару процесі не арқылы іске асқан; -
бағдарламада қосымша алгоритмдер қалай жүзеге асқан (процедуралар мен функциялар); -
нысаналы бағытталған бағдарламалаудың негізгі түсініктері: клас, нысана, инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм. -
Бағдарламаны жазу барысында қолданылған нысана сипаттамасы.
Аталған бөлімдерді сипаттау кезінде таңдалып алынған нысаналардың, бағдарламалау тілінің маңыздылығын атап өту керек.
Соңғы екі пунктегі ақпарат бағдарламалау кезінде нысаналы бағытталған тіл таңдалған кезде сипатталады.
Бағдарламада қолданылатын нысаналар жайлы нысана кестесі болу керек. Мысалы 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Нысана атауы | Нысана типі (класс) | Нысанның атқаратын қызметі | Нысанның қолданылған қасиеттері мен әдістері | Қасиеттер мен әдістердің сипаттамасы |
Button1, Button2 | TButton | Қарапайым батырма | Caption | Батырманың мәтіндік белгішесі |
OnClick | Батырманы басқандағы іс-әрекет |
2.3 «2 Арнайы бөлім»
Бұл бөлімде келесі бөлімдерден тұратын тапсырма құрылымының сипаттамасы көрсетіледі:
-
Бағдарлама сипаттамасы; -
Бағдарламаның жұмыс істеу сызбасы; -
Идентификатор кестесі; -
Мәліметтер жиынының кестесі.
Бағдарлама сипаттамасы мынадан тұру керек:
-
Бағдарлама атауынан; -
Шешілетін тапсырма класынан; -
Қолдануға салынған тыйымдар және жұмыс істеу шарттары; -
Бағдарлама алгоритмі, бағдарлама құрылымы, бағдарлама бөліктерінің арасындағы байланыс, басқа бағдарламалармен байланысы; -
Кіріс мәліметтері. Кіріс мәліметтерінің дайындалуы, сипаттамасы және форматы; -
Шығыс мәліметтері. Шығыс мәліметтерінің дайындалуы, сипаттамасы және форматы.
Бағдарламаның жұмыс істеу сызбасы – бағдарлама процедураларының байланысын және графикалық түрде бағдарламаның логикалық құрылымын сипаттайды.
Идентификатор кестесі келесі ақпараттан тұру керек:
-
Бағдарламадағы идентификатор аты; -
Идентификатор мақсаты; -
Идентификатор типі; -
Дәреже (мысалы mas(10) идентификаторы -10 дәрежеге ие, оның екеуі үтірден кейін).
Кесте 2
идентификатор | мақсаты | типі | дәрежесі |
sum | Массив элементінің соммасы | сандық | 10(2) |
Mas(10) | массив | сандық | 8(2) массивтің бір элементі үшін |
I | Циклді басқару айнымалысы | сандық | 3 |
Мәліметтер жиынының кестесі бағдарламадағы мәліметтер қорын төмендегідей сипаттайды (кесте 3):
-
Бағдарламадағы мәліметтер жиынының аты; -
Сыртқы тасымалдаушыдағы мәліметтер жиынының аты; -
Мәліметтер жиыны бар дискінің аты; -
Логикалық құрылғы; -
Мәліметтер жиыны жазуының байтпен берілген ұзындығы; -
Мәліметтер жиынының типі (кіріс, шығыс); -
Мәліметтер рұқсат алу әдісі (тікелей, индексті, кезекті); -
Жазба типі (тұрақты, анықталмаған, айнымалы ұзындықты).
Кесте 3
Бағдарла-мадағы мәлімет-тер жиыны-ның аты | Сыртқы тасымалдау-шыдағы мәліметтер жиынының аты | Мәлімет-тер жиыны бар дискінің аты | Логи-калық құрыл-ғы | Мәлімет-тер жиыны жазуы-ның байтпен берілген ұзындығы | Мәлімет-тер жиыны-ның типі | Мәлімет-тер рұқсат алу әдісі | Жазба типі |
F | Anketa.dat | No Label | C: | 120 | кіріс | индексті | тұрақты |
2.4 «3 Өндірісті ұйымдастыру» бөлімі
Бұл бөлімде келесі ақпарат болуы керек:
-
Операторға нұсқаулық; -
Кіріс құжаттарының формалары; -
Шығыс құжаттарының формалары; -
Құжаттарды жазу құрылымы.
Операторға нұсқаулық – бұл нұсқаулық келесі ақпаратты қамту керек:
-
Бағдарлама мақсаты. Бұл жерде бағдарламаның мақсаты, оның қолданылуы туралы қажетті ақпарат болуы керек; -
Бағдарламаның орындалу шарты. Бағдарламаның іске қосылуы үшін қажетті ақпараттық құралдардың тізімі және техникалық мінездемелері сипатталады; -
Бағдарламаның орындалуы. Оператор үшін бағдарламаның жүктелуі, іске қосылуы, орындалуы және аяқталу тәртібі көрсетілуі керек; -
Операторға хабарлама. Бұл кесте (кесте 4) түрінде болуы керек және төмендегі ақпараттарды қамтуы қажет: -
хабарлама мәтіні; -
хабарлама мазмұнының сипаттамасы; -
оператордың іс-әрекеті; -
бағдарламаны орындауға тапсырма.
Кесте 4
хабарлама мәтіні | хабарлама мазмұнының сипаттамасы | оператордың іс-әрекеті |
Жалғастыру үшін кез – келген пернетақтаны басыңыз | Бағдарлама жұмысын жалғастыру үшін кез келген пернені басу керек | Enter немесе бос орын пернесін басуға кеңес беріледі |
Кіріс құжаттарының формасы – кіріс мәліметтерін жазу үшін қолданылатын шаблон немесе формалар.
Шығыс құжаттарының формасы - бағдарлама жұмысы кезінде пайда болатын құжаттардың формасы немесе шаблондары.
Құжаттарды жазу құрылымы – бағдарламадағы мәліметтер қорының құрылымы, ол кесте 5 –тегідей болу керек және төмендегі ақпаратты қамтуы керек:
-
жазба аты; -
жазба өрісінің идентификаторы; -
байтпен берілген көлем; -
идентификатор типі.
Кесте 5
жазба аты | жазба өрісінің идентификаторы | байтпен берілген көлем | тип |
student | Fam | 20 | мәтіндік |
Imya | 15 | мәтіндік | |
Otch | 20 | мәтіндік | |
Pol | 1 | логикалық | |
D_r | 10 | мәтіндік |
2.5 «ҚОРЫТЫНДЫ» бөлімі
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыс қорытындысы жүргізіледі.
2.6 ҚОСЫМША
Қосымшада шығаруға болатын ақпараттар:
-
бағдарлама мәтіні; -
кіріс және шығыс құжаттарының формасы; -
бағдарлама сызбасы; -
бағдарламаның басқа бағдарламалармен құрған байланысының сызбасы; -
қорытынды мысалдың нәтижесі; -
кестелер; -
басқа анықтама мәліметтері.
a), b), c) қосымшалары міндетті болып саналады.
Қосымша А
Т
Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
___________________
(курстық жұмыс тақырыбы)
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
1305000 Ақпараттық жүйелер
(мамандық шифрі)
Тексерген
Ж.Қ. Такежанова
« » 20 жыл
Құрастырған
_______тобының студенті
Ж. Айдарбекова
« » 20 жыл
Өскемен қаласы, 2016 ж
10
30
20
10
Сурет А.1
Қ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..........................................................................................5
-
ЖАЛПЫ БӨЛІМ.................................................................8
1.1 Бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау...................8
10
10
30
осымша Б
М
20
Сурет Б.1 – «МАЗМҰНЫ» бетінің құрылымы
азмұн бетінің құрылымы
Қ
-
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
2 жол
1.1 Бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау
3 жол
Қазіргі дербес компьютерлер қиын құрылымды аппараттық комплекстер болып табылады.
3 жол
-
Бағдарламалау тілін сипаттау
Delphi 7 бағдарламалау тілі кең тараған бағдарламалау тілдерінің бірі болып табылады.
20
10
30
осымша В
М
20
15
1,5пт
әтіндік беттер құрылымы
Сурет В.1