ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ :

1.«Жұқпалы ауруларды бақылау», «Жұқпалы ауру», Жұқпалы аурудың үрдісі,«аурухана ішілік жұқпалы ауру- АІЖА» туралы түсініктері

2.Ең көп таралған аурухана ішілік жұқпалы аурулары

3.АІЖА қоздырғыштары, эпидемиологиялық үрдістің бөлімдері

4.Госпитальды жұқпалы аурулардың механизмі және таралу жолдары

5.АІЖА ауру көздері (жұқпаның көздері)

6.ММ- микроорганизмдердің мекендейтін жерлері

7.АІЖА – негізгі резервуарлары

8.АІЖА -өсу себептері

9. Медициналық мекемелерде аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын-алуы

10. Жұқпалы ауруларды бақылау(12 қантар 2013 ж ҚР ДСМ №19 бұйрыққа

сәйкес )

11. Қол жуу деңгейлері (ҚР ДСМ №111 бұйрыққа

сәйкес )

12.Жұқпалы ауруларды бақылау тобының құрамы, мақсаттары, міндеттері

«Медициналық қалдықтар» анықтамасы (24 ақпан 2015 ж.ҚР ДСМ № 127 бұйрыққасәйкес) ДӘРІС МАЗМҰНЫ:

«Жұқпа қауіпсіздігі.Жұқпалы ауруларды бақылау. Ауруханалық жұқпаның пайда болу себептері және эпидемиологиясы»

Жұқпалы ауруларды бақылау

Аурухана ішілік инфекциялар ауыршылықты және өлім көрсеткішін арттырады.

Инфекциялық бақылау (ИБ) бұл- эпидемиологиялық диагностика нәтижелеріне негізделген, аурухана ішілік инфекцияны болдырмауға қарсы күресуге бағытталған, алдын алу және эпидемияға қарсы ұйымдастырылған шаралар жүйесі.

Жұқпалы ауру – бұл ауру ағзаға патогенді қоздырғыш түскен сон басталатын ауру.

Аурухана ішілік жұқпалы ауру (АІЖА) – ауруханаға келгенде пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медициналық қызметкерлері медициналық көмек беру барысында жұқтырып алатын кез келген клиникалық симптомдар байқаланатын жұқпалы ауру. (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы,1979 жыл АІЖА мыныдый анықтама берді)

Жоғары дамыған елдердің өзінде аурухана науқастарында АІЖА пайда болады.

Аурухана ішіндегі инфекциялар арасында ең көп кездесетіндер:

Зәр шығару жүйесінің инфекциялары;

Іріңді-септикалық инфекциялары;

Тыныс жолдарының инфекциялары;

Бактериомиялар;

Тері инфекциялары.

Бұл балалар аурулары (корь, скарлатина, дифтерия, қазылша, паротиттер және т.б.), ішек аурулары ( сальмонеллелерз, амебиаздар, шигеллездар және т.б.), іріңді -қабыну инфекциялар

(пиодермиттеры), өте қауіпті жұқпа аурулар (сибир ойық жарасы, оба, брюшной тиф және т.б.), вирусты жұқпа аурулар (грипп, гепатиттер, ЖИТС және т.б.).

Аурухана ішілік инфекция жұқпаның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады.


Объективті себептері бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер;

-қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы.

- көптеген микроорганизмдердің , антибиотиктерге төзімділігі;

- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығында , мал шаруашылығында кең қолдануылуының сенімді ақтамауы.

Субъективті себептер-бұл жоюға болатын себептер;

-медицина қызметкерлерінің сапасыздық дайындалуы;

-санитарлық-эпидемиялық саласының қызметкерлері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы;

-кейбір аппарат түрлеріндегі залалсыздандыру сенімділігінің болмауы;

-пациенттердің өзара қарым-қатынасы және пациенттің медициналық қызметкерлерімен қарым-қатынасының өсуі;

- медицина қызметкерлерінің арасында анықталмаған бактериотасымалдаушылардың кездесуі;

- медициналық құал-жабдықтарды залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасының төмен болуы .

Аурухана ішіндегі инфекциялар пайда болуына эпидемиялық (жұқпалық) үрдістің дамуы үшін кемінде3 кезені болуы керек:

1.Жұқпаның көзі -қоздырғыш

2. Қоршаған ортадағы қоздырғыштың беріліс әдісі (таралу механизмі).

3. Инфекцияны қабылдайтын адамның (иесінің )ағзасы.

АІЖА-ның жұқпаның көзі болуы мүмкін:

Жұқпалы аурумен ауратын медицина қызметкерлері өз қызметін жалғастырған

Аурудың жасырын түрімен ауыратын пациенттер

Ауруханаға келетін келушілер- пациенттің туысқандары

Ішкі ауруханалы жұқпалардың эпидемиологиясы

Госпиталдық эпидемиология- ішкі ауруханалық жұқпалардың пайда болуын, дамуын, таралуын, жойылуын және алдын алуын, әдістерін еңгізуін зерттейді. Ауруханаға келген пациенттер өз- өзіне және медперсоналға қауып әкеледі.

Госпиталдық- эпидемиологияның алдына қойылған мақсаттары

1.Қауіп- қатер факторларды табу

2.Қауіпті түсіну

3.Қауіп-қатер факторын азайту немесе жою

Жұқпалы аурулардың эпидемиялық жіктеу қағидасы, бүкіл жұқпаларды 4 түрге бөледі:

Ішектік

Демдік

Қан арқылы

Тері арқылы
Жұқпаның экзогенді түріне жатады:

Ауалы- тамшылы

Қарым- қатынасты залалсыздандырылмаған медициналық құрал- жабдықтарымен, емдік манипуляцияларды орындау кезінде.

Имплантациялық тігіс материалдарды қолданғанда



Трансмиссивті- жәндіктердің тістеуі арқылы

Алиментарлы- сапасыз тағамды қолданған кезде

Жұқпаның эндогенді түріне жатады:

Қан және лимфа арқылы- бұл қан, лимфа ағысында таралады

Егер жұқпаның көзі тек қана адам болса, жұқпаларды антропоноздар деп атайды

Егер жұқпаның қоздырғышы кеміргіштер болса, жұқпаларды зооноздар деп атайды

Қоздырғыштардың қасиетінен басқа жұқпаның дамуы, тағыда басқа факторлардан байланысты: жасынын, қосымша аурулардың болуынан, иммундық, генетикалық статустан, ақуыздың, витаминдердің кемістігінен, адамның қалыпты микрофлорасының өзгеруінен,иммунизациядан,-,психологиялық жағдайынан, пайда болған аурулардан

Әлсізденген ағзаға қоздырғыштардың қонуы микроорганизмнің айналадағы ортаға өмір сүруіне байланысты. Ағзаға микроорганизмдер түскенде, жұқпаның дамуы міндетті емес. Ешқандай әсер жасамай, ол ағзада өмір сүре береді (осы жағдайды колонизация деп атайды)

Микроорганизмнің жұқпаға әкеліп соғуы біраз ішкі себептерден байланысты:

Қоздырғыштардың мөлшерінен

Инвазивті процедураларының көбеюінен

Токсиндерді шығару қабылетінен

Аурухана ішіндегі инфекциялардың жұғу жолдары - механизмдері:

-Аэрозольдық

-тұрмыстық

-фекальды- оральдық (ауыз- нәжістік)

-артифициалдық (жасанды)

-трансмиссивтік

Аурухана ішіндегі инфекциялардың жұғу жолдары (тәсілдері)

-Ауа- тамшылы

-Ауа- шаңды

-Тікелей қарым- қатынас

-Тікелей емес

-Тұрмыс заттар арқылы

-Тағамдар арқылы

-Жанама

-Перинаталдық

Госпиталдық жұқпалардың болатын орындары- АІЖА- негізгі резервуарлары:

А)Теріде- 10-20%- стафилококтар, ішек таяқшалары, энтерококктар анықталады

Б) шаштарында көбінесе 17-40% дейін стафилококктар анықталады

В) мұрынның құысында 90%,

Г) ауыз құысында 90% стафилококк анықталады,жаңа туған баланың көзінде, кіндігінде 70% стафилококк болуы мүмкін,

Д) қынапта 9-16%, ішекте энтеровирустар, сальмонелалар, шигеллалар, стафилококктар, саңырауқұлақтар дамиды.

Организімдегі қоздырғыштардың көбеюі (өсу себептері):

Ашық жараларда- дұрыс күтпегенде

Катетер, трахеостомалар, инвазивтік құрал- жабдықтар дұрыс залалсыздандырылмаса

Созылмалы ауруларда (қант диабеті, иммунотапшылық лейкемия)

Антибиотиктерді, сәулелік ем қолданғанда

Эпидемиологиялық үрдісті тоқтату үшін жұқпа шынжырының біреуіне үзіліс жасауға болады.


Медициналық мекемелерде аурухана ішілік жұқпалы ауруларды алдын алу қауіпсіздігі және жұқпалы ауруларды бақылау

Медициналық қызметкерлер қатаң түрде қауіпсіздік шараларын сақтайды. Емдеу бөліміне кірер алдында арнайы киім кию: көзілдірік, маска, қолғап, халат, қалпақ, дезинфекцияға жарамды қосымша аяқ киім алжапқыш және т.б. болуы қажет. Осы заттар арнайы шкафтарда сақталады.

Қанмен, немесе биологиялық сұйықтықтармен қатынаста болған медициналық қызметкерлері барлық пациенттердің жұқпасын потенциалды (жұқпалы) көзі деп алады.

Емдеу бөлімшелердің медбикелер өте мұқиятты болуы керек.

Ауруханадан шыққанда арнайы киімімен шығуға болмайды. Науқастарға көмек, күтім көрсеткенде дәрігерлер мен медбикелер қолдарын жуып антисептиктермен міндетті түрде өндеу керек.

Маскаларды әр 2 сағат сайын ауыстырып тұру керек.Барлық медицина қызметкерлері стационардың бағытына қарай жүйелі түрде медициналық бақылау және зертханалық тексеруден өтеді. Міндетті түрде жылына бір рет флюорографиялық тексеруден, ал тоқсан сайын тері- венерологиялық диспансер мамандарының бақылауынан өтүі тиіс.

Парентералдық гепатиттердің таралу деңгейін төмендетуі арнайы алдын- алуы қолданылатын шаралардан байланысты. Оған кіреді:

Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін әр түрлі әдістерді қолдану

Медицина қызметкерлері белсенді түрде иммунизация жасайды

Парентералды гепатит анықталған жағдайда эпидемиологиялық талдау және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу

Гепатит жұқпа кезінде құжаттарды толтыру

Вирустық гепатиттің вакцинациясын жоспар бойынша өткізеді

Емдеу диагностикалық манипуляцияларды және қолданылған құрал- жабдықтарды, бұйрықтармен және талаптардың сәйкестігімен орындайды.

Жұқпалы ауруларды бақылау (ЖАБ)

Жұқпалы ауруларды бақылау (ЖАБ) бұл- эпидемиологиялық диагностика нәтижелеріне негізделген, аурухана ішілік инфекцияны болдырмауға қарсы күресуге бағытталған, алдын алу және эпидемияға қарсы ұйымдастырылған шаралар жүйесі.

Әрбір ауруханада жұқпалы ауруларды бақылау жөнінде комитет құрылуға тиісті. Оның құзары барлық бөлімдерде жүреді. Әрбір бөлімде жауапты қызметкер болады. ИБ- ды ұйымдыстыру және алынған шаралардың орындалуын қадағалау жауапкершілігі аурухананың бас дәрігеріне жүктеледі.

Эпидемиологиялық бақылау бұл- аурухана ішілік инфекциялық кездесу жағдайларын жинау, салыстыру, сараптама жасау жүйеі және инфекциялық алдын алу үшін бұл ақпараттарды жауапты қызметкерлер арасына тарату.


Эпидемиологиялық бақылаудың мақсаттары:

Аурухана ішілік инфекциямен ауыршылықты азайту үшін шаралар қабылдау

Аурухана ішілік инфекцияны белгілі деңгейге ұстау

Инфекциялық көбейген жағдайын тез анықтау

Атқарылған, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды бағалау

Дәрігерлерді, медбикелерді оқыту, кеңес беру және обходқа қатысу арқылы, инфекциялық тексеру тобының маңызын, дәрежесін көтеру

ЖАБ комитетінің құрамы:

Төраға (бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары)

Аурухана эпидемиологы

Бас медбике

Инфекционист- дәрігер

Дәрігер- бактериолог

Дәрігер- хирург

Дәрігер- терапевт

Дәрігер- анестезиолог

Дәріхана меңгерушісі

Инженер, медтехник және т.б.

Эпидемиологиялық бақылау бұл- аурухана ішілік инфекциялық кездесу жағдайларын жинау, салыстыру, сараптама жасау жүйеі және инфекциялық алдын алу үшін бұл ақпараттарды жауапты қызметкерлер арасына тарату.

Жұқпа қауіпсіздігіне және бақылауға науқасты және оның туысқандарын оқыту:

Жеке бас тазалықты сақтау: міндетті түрде қолды жуу, монша және душты қабылдау, жеке дара тісті тазалайтын щеткаларды,тарақтарды және сақал алатын күтім заттарды қолдану, үй жағдайында тек қана бір рет қолданылатын шприцтерді қолдану

Ерекше өте мұқият қолтықтын астын, шат аралығын және сыртқы жыныс мүшелерін жуу.

Қолданылған таңғыштарды, гигиеналық пркладкаларды, бет сүртетін салфеткаларды және шприцтерді зиянсыздандыру, тастау.

Дәретханаларда, моншада, шомылған жерлерді таза уұстау.

Үй жағдайында дәрігердің нұсқауларын нақты, мұқият орындау.

Бөлімшедегі қызметкерлерді медициналық бақылау мен тексеру .

Науқастардың арасында ауруханаішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық

қызметкерлерге кезектен тыс медициналық тексеру жүргізіледі. Аурухана бөлімшелерінде наукастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,5° С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады. Науқастан жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан жұқпалы аурулар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін оны оңаша палатаға оқшаулау керек. Инфекциялық аурумен қатысты науқастарды оңаша палатаға ауыстырады және белгілі мерзімге дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай санитарлы эпидемиялогиялық станцияға хабарлайды. Босатылған палатаға соңғы зарарсыздандыру жүргізіледі.