ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Медициналық қалдықтарды № 127 бұйрық бойынша жинауға қойылатын талаптар
Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау объектісінде қабылданған, қалдықтармен жұмыс істеу схемасына сәйкес орындалады, ол мынаны көздейді:
1.Пайда болатын қалдықтардың сандық сапалық құрамы
2.Қалдықты жинау тәртібі
3.Қалдықтарды дезинфекциялау мен жоюдің қолданылатын тәсілдері
4.Персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауыпсіздік қағидаларына гигиеналық оқыту.
5.Қол жуу іс әрекеттерін міндетті түрде орындау
6.Манипуляциялардың алдында, қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен істегенде резенке қолғапты кию
7.Резенке қолғапты шешкенде міндетті түрде қолды қайта жуу.
8.Қан немесе басқа биологиялық сұйықтықтар төгіліп қалғанда, оны дер кезінде алдымен зарарсыздандырып одан кейін жинау керек.
9.Қолданып болғанда құрал –аспаптарды, таңғыштарды, аппаратарды және күтім заттарды санитарлы- эпидемиологиялық талаптарға сәйкес зарарсыздандыру және залалсыздандыру керек.
Персонал алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтеді және В вирустық гепатитіне қарсы егіледі. Қалдықтармен жұмысқа 18 жасқа толмаған адамдар жіберілмейді.
Персонал арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдармен (халаттар, комбинезон, қолғап, маска- бетперде,респираторлар, арнайы аяқ киім, алжпқыштар, жеңқаптар)жабдықталады.
Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластикалық сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі ЖҚКЖК-КБСУ) пайдаланылады.
Қалдықтардың әрбір сыныбын жинауға арналған қаптардың, пакеттердің түсі әртүрлі ( А сыныбы қалдықтары- ақ, Б сыныбы-сары, В сыныбы- қызыл, Г сыныбы- қара), контейнерлерде, сыйымдылықтарда таңба болуы тиіс. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластикалық сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылуы тиіс. (бұдан әрі- №127 бұйрықты қара).Қолдың терісінің микрофлорасы тұрақты және уақытша микроорганизмге бөлінеді. Тұрақты микроорганизмдер: эпидермалдық стафилококк, дифтероидтар, олар үнемі теріде өсіп өнеді. Уақытша (транзиторлық) микроорганизмдер: алтын түсті стафилококк, эшерихия коли, көбінесе пациенттерден жұғады. Терінің сыртқы қабатына 80- 90% тұрақты микроорганизмдер, оның ішінде 10-20% терінің терең қабаттарына әсіресе майлы, тері бездерде болады. Қолды сабын арқылы жұғанда көбінесе транзиторлық микроорганизмдерді кетіреміз, бірақ тұрақты микроорганизмдер қалады. Осы микроорганизмдердің таралуының алдын-алу үшін медициналық персонал қолын арнайылы өндеуді тиіс. Медициналық персонал пациенттермен үнемі қатынасты болғанда қауіпсіздік ережесін сақтайды, әсіресе қолдың тазалығында.