ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Коучинг сабақ жоспары
Тақырыбы: | «Рефлексиялық бақылау – тұлға дамуының негізгі шарты» | |||
Мақсаты: | 1. Тиімді кері байланыс түрлерін біледі және олардың оқушылардың талдау деңгейінде сыни ойлауын дамытуға ықпал ететінін түсінеді; 2. Оқушыларға сыни ойлауын арттыратын кері байланыс түрлерін үйретіп, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана алады. 3.Кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алатын болады | |||
Оқу нәтижесі: | Коучинг қорытындысында мұғалімдер оқушылармен жұмыс жасау барысында ең бастысы кері байланыстардың түрлерінің оқушыларды сыни тұрғыдан ойлантуға мүмкіндік беретін тиімділігін бағамдай алатын болады. | |||
Негізгі идеялары: |
| |||
Материалдар мен құрал-жабдықтар: | Видеопроектор, флипчарттар, маркер. | |||
Өткізу барысы: | ||||
Этап | Тапсырма | Уақыт | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті |
| «Сыни ойлауға кіріспе» | 6 мин | Коуч мұғалімдерге коучингке байланысты сұрақтар беріп, оларға таратылған әріптерден бастап жауап беруін сұрайды. | Мұғалімдер сұрақтарға қолдарындағы әріптерінен басталатын сөздермен жауап береді. |
Топқа бөлу | 3 мин | Коуч мұғалімдерге қолдарындағы әріптердің әліпбидегі ретімен топтарға бөлінуін ұсынады. | Мұғалімдер топтарға бөлініп отырады. | |
Негізгі бөлім | топтарға тапсырма: «Гүл салу» | 5 мин | Коуч мұғалімдерге гүлдің суретін салуды ұсынады. Келесі топтарға бағалауға тапсырма береді. | Мұғалімдер гүлдің суретін салып, келесі топқа бағалау үшін береді. Келесі топ «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын қолданып, бағалайды. |
Тақырыпты ашу: Не байқадыңыздар? Баға беруші топ сіздер қалай жауап бердіңіздер? -Сурет салған топ,сіздер өз жұмыстарыңызды бағалату арқылы не алдыңыздар? - кері байланыс беру кезінде қандай үрдіс жүзеге асты деп ойлайсыздар? Екі жұлдыз, бір тілек ненің стратегиясы? | 5 мин | Коуч мұғалімдерге іс-әрекеттерін сипаттауын өтінеді. | Мұғалімдер коучтың қойған сұрақтарына жауап береді.Бір-бірінің жұмыстарын бағалау кезінде олар бір-біріне кері байланыс бергендерін, кері байланыс беру үстінде олар өздерінің сын тұрғысынан ойланғандарын түсінді. Сонымен тақырып кері байланыс беру стратегияларын қолданып, сын тұрғысынан ойлаудың талдау деңгейінің жүзеге асуы туралы екендігін түсінеді. Өздері ашып айтады. | |
«Сұрақтар жауыны» 1. Біз сабақта кімге кері байланыс береміз? 2. Кері байланысты сабақта кімдер бере алады? 3. Кері байланыс сабақтың қай кезеңінде жүргізіледі? 4. Оқушылардың өздерінің іс-әрекетін бағамдау үшін кері байланысты кімнің бергені жөн? 5. Кері байланысты тағы қалай атай аламыз? Немесе тағы қандай рольде көре аламыз? | 5 мин | Мұғалімдерге тақырып бойынша сұрақтар береді, жауаптарын келесі топқа бағалау үшін берулерін өтінеді. Мұғалімдермен сұрақтарды қайта пысықтап, оладың жауаптары арқылы коучингтің түйінді ойын ашады. | Мұғалімдер сұрақтарға топтарда жазбаша жауап беріп, келесі топқа бағалауға ұсынады. Келесі топ «Мадақтау сендвичі» арқылы талдау деңгейінде бағалау жасайды | |
«Тапсырма және кері байланыс» | 8 мин | Коуч мұғалімдерге өздеріне тапсырма құрып, оны келесі топқа орындауға береді. | Орындалған тапсырмаларды мұғалімдер өздері қалаған қалыптастырушы бағалау әдісімен бағалайды. | |
«Тиімді кері байланыс түрлері» -Бағдаршам; -Екі жұлдыз бір тілек; -Бас бармақ; -Смайлик; -Критериалды бағалау парағы; -Алма ағашы; -Рефлексифті нысана; -жұлдызша лар; -Желкенді қайық; -Мадақтау бутерброды | 8 мин | Коуч мұғалімдерге кері байланыс түрлерін таратып береді. Олардан қайсы кері байланыс арқылы оқушының өзіне тиімді кері байланыс ала алатынын талдайды. | Мұғалімдер оқушыларды талдау деңгейінде ойлануына қол жеткізетін стратегияларды саралап айтып шығады. | |
Қорытынды | Рефлексия алаңы: «Блум таксономиясы» | 5 мин | Коуч мұғалімдерге Блум таксономиясы бойынша сұрақтар беріп, коучинг бойындағы іс-әрекеттерін талдауын өтінеді. | Мұғалімдер коучинг барысындағы іс-әрекеттерін Блум таксономиясының сұрақтары арқылы сипаттап айтып береді. |
Дереккөздер: |
|