Файл: Ренинг жоспары Эмоционалды интеллект жне сыни ойлау Жас ерекшелігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тренинг ЖОСПАРЫ
«Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»
Жас ерекшелігі: Ересек
Бөлім: Эмоционалды интеллект
Тақырыбы: Эмоцияны шығару әдістері
Мақсаты: Тренингке қатысушыларға жағымсыз эмоцияны шығаруды қарапайым тәсілмен үйрету, «мен хабарлаймын» әдісін талдау, өмірде қолдануға бейімдеу.
Барысы:
-
Презентацияны қолданып эмоцияны отқа теңеу арқылы эмоцияны бақылап, басқармағандағы салдарын түсіндіру. -
Пайда болған жақын арада сезінген эмоцияларын жазу, эмоцияның пайда болуына түрткіні анықтау. Пайда болған эмоциясын қандай әрекеттер арқылы шығарғанын білу. 1-тапсырма -
Пайда болған эмоциясын қандай әрекеттер арқылы шығаруға болатынын түсіндіру -
Эмоцияны шығарудың тиімсіз, бірақ өмірде жиі қолданатын тәсілдерін көрсету. -
Күнделікті қолданатын әдістерін жазғызу 2-тапсырма -
Эмоцияны шығарудың тиімді тәсілін көрсету -
Мен хабарлаймын әдісіндегі қателікті табыңыз. Қатесін жөндеңіз. Толықтырыңыз. 3-тапсырма
Эмоцияны (жағымсыз эмоция) Жағымсыз эмоциялар олар болуы заңдылық. Эмоцияны басқара алсақ, бізді белгілі бір пайдалы іс-әрекеттер жасауға итермелейді, қоршаған ортамен қатынасымыз жақсы болады, көңіл күйіміз жоғары болады. Бұл белгілі бір деңгейде қан қысымы, бақыт гармондарының бөлінуіне әкеледі. Ол біздің биохимиялық реакцияларымызға әсер етіп, денсаулығымызға да оң әсер береді.
Егер біз эмоциямызды басқара алмасақ ол жан-жағымыздағы адамдармен қарым-қатынасымыздың бұзылуына әсер етеді. Белгілі бір аурулардың пайда болуына әкеледі.
Эмоция=От
Эмоция туындады біз көбіне қандай әрекет жасаймыз.
-
Ішімізде сақтаймыз. Мысалы бір адамға ренжісек, ол неге ойлай істеді, олацемес еді ғой деген сияқты іштей ренжіп жүреміз. Бірақ оны ешкімге айтпаймыз, сол туралы ішімізде диалог болып, ол біздің фокусымызды алып тұрады. -
Ақтара саламыз (басқа біреуге, эмоцияның туындауына қатысы жоқ адамға. Бастығыңызға ренжіп, балаңызға айқайлап қою) -
Эмоциямызды білдірген сияқты жүреміз (эмоцияның шығуына әсері жоқ, бір қимылдар жасау, сөйлемей қалу, бұртиып жүру)
Эмоцияны байқау
Қандай эмоция екенін түсіну
Мысалы: 1. Көңілсізбін.
2. Ол қайдан пайда болды?
3. Не істеймін?
Егер эмоциямызды түсінбесек:
1. Ішімізге жұтып аламыз
2. Біреуге қажетсіз жерге ақтара саламыз
2. Практикалық тапсырма.
-
Соңғы 24 сағатта қандай жағымсыз эмоция сезіндіңіз? -
Ол не үшін туындады? -
Ол эмоцияны қалай шығардыңыз?
Жазу. Пайда болған эмоцияның түрткілерін көре білу. Ол эмоцияны шығарды ма жоқ па соны талқылау.
3.Пайда болған эмоцияларды мына әдістер бойынша шығаруға болады:
Қандай да бір эмоцияны сезінсек:
-
Айту -
Жазу -
Физикалық тәсілмен шығару -
Арт-терапия -
RELAX
.
-
Эмоцияны шығарудың тиімсіз, бірақ өмірде жиі қолданатын тәсілдерін көрсету.
-Жағдайға әсер ету
-Өзіңізге әсер ету
-Балаға әсер ету
-
Тренингке қатысушылар жиі қолданып жүрген әдістерді анықтау. Олардың ересек үшңн де, бала үшін де жағымсыз салдары болатынын түсіндіру.
2-тапсырма
Сіз қолданып жүрген әдістер.
1
2
3
-
«Мен хабарлаймын» әдісін түсіндіру.
Бұл әдіс ең тиімді, әрі өзгенің тұлғасына тиіспей, өзің туралы ғана айтатын эмоция тілі. Баланың орнына ересекті де қоюға болады.
Жағдаят:
Мысалы, 4-жасар балаңыз тамақты шашып отыр. Сіз ашуланасыз.
Сіздің әрекетіңіз:
-
Балада басқа айқын эмоциялардың жоқ екеніне көз жеткізу -
Өз эмоцияңызды анықтау. Ол үшін қазір мен не сезініп тұрмын? Деген сұраққа жауап іздеу. Қазір еденді жууым керек. Ол уақытымды алады. Жаңа ғана жуған едім. -
Өз эмоциямыз туралы хабарлаймыз.
- Ұялтпай
-
Сынамай -
Айыптамай
Мен еденді қайта жуатыныма ренжіп тұрмын.
Тағы да басқа бірінші тапсырманы орындау барысында пайда болған эмоцияларды талдау.
7.Мен хабарлаймын әдісіндегі қателікті табыңыз. Қатесін жөндеңіз. Толықтырыңыз. 3-тапсырма
Мен хабарлаймын әдісіндегі қателікті табыңыз. Қатесін жөндеңіз. Толықтырыңыз.
-
Сен маған солай сөйлегенің үшін ренжіп тұрмын. -
Менің шашымнан тартқаның маған ұнамайды. -
Сенің осы уақытқа дейін қайда жүргеніңді білмегенде мен қатты ашуландым. -
Балалар уақытылы ұйқтамағанда мен ашуланамын.
Тренинг соңында қандай инсайт алғандығын сұрау.
Көңіл-күйін сұрау.
Алдағы уақытта осы үйренген білімнің пайдасымен бөлісуді сұрау.