Файл: 1. Бата 3 кбелек 2 ара шып жр. Глге бірінші болып кбелекті ону ытималдыын табыыз а в с д е 2.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-нұсқа
1. Бақта 3 көбелек 2 ара ұшып жүр. Гүлге бірінші болып көбелектің қону ықтималдығын табыңыз:
А) В) С) Д) Е)
2. 3, 7, 11, 15, 19, ..., ..., ..., 35, 39, 43 сандар тізбегінің заңдылығын анықтап, арифметикалық ортасын тап.
А) 17 В) 15 С) 19 Д) 23 Е) 21
3. Кітап үшін 200 тг және оның құнының -ін төледі. Кітап қанша тұратынын тап.
А) 400 тг
В) 250 тг
С) 300 тг
Д) 350 тг
Е) 310 тг
4. Театрда 150 адамның 75-і ер адамдар, 60-ы әйелдер, қалғаны балалар.
А бағаны | В бағаны |
Балалар санының пайыздық көрсеткіші | 10% |
А) салыстыру мүмкін емес
В) А+1=В
С) А=В
Д) АВ
Е) А
5. Тасбақа қандай да бір уақыт аралығында 4 км жолды жүріп өтеді. Егер оның жылдамдығын 2 км/сағ –қа арттырса, онда осы уақыт аралығында ол 4 км-ге артық жол жүреді. Тасбақа бастапқыда қандай жылдамдықпен қозғалғанын тап.
А) 0,5 км/сағ
В) 1 км/сағ
С) 3 км/сағ
Д) 2 км/сағ
Е) 1,5 км/сағ
6. Сахнаға олимпиада жүлдегерлерін сапқа тұрғызды. Мектеп директоры оларды құттықтап тұрып, жүлдегерлердің ішіндегі ең үздігі Асанның оң жақтан санағанда бесінші тұрғанын байқады. Ал математика пәнінің мұғалімі Асанның сол жақтан санағанда тоғызыншы тұрғанына назар аударды. Сахнада қанша оқушы тұрды?
А) 14 В) 5 С) 12 D) 13 E) 9
7. Сандар мен фигуралар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап?
?
216
125
64
27
А) 256 В) 289 C) 343 Д) 484 Е) 512
8. Бірінші цифры 7және барлық цифрлары әртүрлі болатын 3-ке еселік ең кіші үш таңбалы санды тап.
А) 708 В) 702 С) 703 Д) 701Е) 711
9. Ондық цифрлары бірлік цифрларынан үлкен болатын қанша екі таңбалы сан бар?
А) 90 В) 45 С) 35 Д) 9 Е) 7
10. 13 жылдан кейін 4 баланың жастарының қосындысы 97 болады. 7 жылдан кейін балалардың жастарының қосындысы неше болады?
А) 97 В) 73 С) 84 Д) 90 Е) 77
11. Ахмет сүйірбұрышты және доғалбұрышты үшбұрыштың бұрыштарын өлшеді. Олардың төртеуінің өлшемдері 110°, 75°, 65°, 15°. Сүйірбұрышты үшбұрыштың кіші бұрышы неге тең?
А) 40º В) 15 С) 65º Д) 55° Е) 5°
12. Қарбыз бен қызанақтың салмағы қауынның салмағымен бірдей. Екі қарбыздың салмағы қызанақ пен қауынның салмағына тең болса, қауын мен қызанақтың салмағының қатынасы қандай?
А) 4 В) 3 С) 2 Д) 6 Е) 7
13. Бір газеттің жалпы бетінің саны 48 және оның ішіндегілердің барлығы тек екібеттік қағаздар. Осы газеттен әрбір екі беттігін ашып қарағанда, беттік нөмірлерінің қосындысы қандай да бір тақ санды береді. Ол қай сан?
А) 24 В) 29 С) 49 Д) 13 Е) 47
14. Егер топтағы студенттердің жасы 18 бен 22 жас аралығында болса, мына теңсіздіктердің қайсысы дұрыс болады?
А)
В)
С)
Д)
Е)
15. Мектеп асханасындағы үш тағамнан тұратын түскі астың бағасы 475 тг. Бірінші тағамның бағасы түскі астың 40%-ын, ал екінші тағам 48%-ын құрайды.
А бағаны | В бағаны |
Үшінші тағамның бағасы | 60 |
А) А+8
В) АВ+4
С) А=В
Д) АВ
Е) А
16. Өрнектің мәндерін салыстыр:
А бағаны | В бағаны |
57² - 43² | 62² - 38² |
А) А+1000В
В) А-500
С) А+1000В+1000
Д) А-B1000
Е) А+B
17. 13*26915# тоғызтаңбалы саны72-ге бөлінетіндей *, # символдарының орнына сәйкесінше қойылатын цифрларды тап.
А) 7 және 3
В) 5 және 2
С) 1 және 8
Е) 7 және 2
18. Мерей 100 және 20 теңгелерді қағаз бетіне қойып, айналдыра сызып шыққанда екі шеңбер пайда болды. Үлкен шеңбердің диаметрі 2 см 4 мм. Кіші және үлкен шеңберлердің радиустарының қатынасы 3:4. 20 теңгенің радиусы қанша?
А) 24 мм В) 20 мм С) 18 мм Д) 9 мм Е) 8 мм
19. Қалаға келген 42 туристің 17-сі театрға, 29-ы музейге, 13- театрға да музейге де барған. Қалған туристер футболға барды. Футболға барған туристер санын тап.
А) 12 В) 10 С) 9Д) 11 Е) 8
20. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесінен шығатын қырларының қосындысы 40 cм. Оның биіктігі һ см, ені одан 2 есе, ал ұзындығы 5 есе артық. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін тап.
А) 1330 см³ В) 1440 см³ С) 1250 см³Д) 1220 см³ Е) 1350 см³
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
С | Д | С | С | Д | Д | Е | В | В | В | А | В | С | Д | Е | B | Е | Д | С | С |
2-нұсқа
1. Ойын сүйегі лақтырылды. Тақ сан түсу ықтималдығын тап.
А)
В) С) Д) 0 Е) 1
2. Сандар қатарының медианасын тап: 11, 15, 9, 17, 8, 9, 9, 12, 15, 16, 17
А) 17 В) 8 С) 9Д) 12Е) 15
3. Ұлы, қызы және шешесі бірігіп бірнеше теңге жұмсаған. Ұлы мен шешесі 320 тг, ұлы мен қызы 250 тг, қызы мен шешесі 200 тг жұмсаса, барлығы қанша тг жұмсаған?
А) 385 В) 375 С) 300Д) 480 Е) 750
4.Қандай да бір санға 10·11·12 көбейтіндісін қосқанда 2000 шықты. Осы санды табыңыз.
А) 1680 В) 880 С) 2680Д) 680 Е) 780
5. Жібек сатып алған кітабы үшін кассирге 1000 тг ақша берді. Кассир оған осы ақшаның -ін қайтарып берсе, кітаптың бағасын анықта:
А) 840 В) 820 С) 300Д) 720 Е) 160
6. Жүгіріске 31 спортшы қатысты. Азаматтан бұрын жүгіріп келген спортшылардың саны одан кейін жеткендерінен 4 есе аз. Азамат нешінші орын алды?
А) 5 В) 9 С) 7Д) 4 Е) 6
7. а-ның мәнін тап:
А) 20° В) 60° С) 50°Д) 40° Е) 30°
8. Төмендегі сандар белгілі бір заңдылықпен жазылған. Заңдылықты тауып сұрақ белгісінің орнына келетін санды анықта. 127, 63, 31, 15, 7, ...
А) 2 В) 1 С) 3Д) 5 Е) 4
9. Астана мұз айдынында конькиді жалға беру бағасы 1сағатқа 700 тг, ал 1 сағаттан асса, келесі сағатқа 400 тг. Айдос Астана мұз айдынында 2 сағат 15 минутқа конькиді жалға алса, қанша тг төлейді?
А) 1200 В) 1400 С) 1000Д)1500 Е) 1600
10. 1, 2, 3, ..., 18 сандар тізбегінен барлық жұп сандар, сонымен қатар 3-ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тасталған. Сызылмаған қанша сан қалды?
А) 1 В) 4 С) 6Д)7 Е) 5
11. Мұхиттың қолында 6 құлып және оларға дәл келетін 6 кілт бар. Кілттердің құлыптарға дәл келетінін анықтау үшін қанша сынау жүргізу керек?
А) 13 В) 14 С) 12Д) 15 Е) 16
12. Вертолеттің жылдамдығы автомобильдікінен 85 км/сағ артық. Олардың жылдамдықтарының қатынасы 35:18 қатынасындай. Вертолет пен автомобильдің жылдамдықтарын анықтаңыз.
А) 185 км/сағ; 80 км/сағ
В) 190 км/сағ; 75 км/сағ
С) 175 км/сағ; 90 км/сағ
Д) 170 км/сағ; 95 км/сағ
Е) 180 км/сағ; 85 км/сағ
13. Суретте ең көп дегенде қанша төртбұрыш бар?
А) 1 В) 4 С) 6Д) 7 Е) 5
14. Ажар мектепке жаяу, ал қайтарда автобуспен жүрсе, ол барлық жолына 1сағат 30 минут уақыт жұмсайды. Егер ол екі жағына да автобуспен жүрсе, онда барлық жолына 30 минут уақыт кетеді. Ал мектепке де, мектептен де жаяу жүрсе, Ажар барлық жолға қанша уақыт жұмсайды?
А) 2,5 сағ В) 1,5 сағ С) 2сағД) 1,8 сағ Е) 3 сағ
15. Екі таңбалы санды өзінің цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 4-ке, ал қалдық 3-ке тең болады. Егер осы санды цифрларының көбейтіндісіне бөлсек, онда бөлінді 3-ке, ал қалдық 5-ке тең болады. Осы санды тап.
А) 21 В) 42 С) 32Д) 23 Е) 24
16. Кітапта 120 бет. Осы кітаптың кездейсоқ ашылған бетінің реттік нөмері 2 санына аяқталу ықтималдығын тап.
А) 0,1 В) 0,4 С) 0,5Д) 0,3 Е) 0,2
17. Қорапта барлығы 85 шар бар: 25 қызыл, 23 көк, 24 сары, ал қалғаны ақ және қара түсті. Қызыл немесе көк түсті бір шарды қораптан қарамастан алу үшін, ең көп дегенде қанша шар алатынын анықтаңыз.
А) 37 В) 38 С) 48Д) 47 Е)84
18. Серік әкесі 40 жаста болғанда туылған. Қанша жылдан кейін және неше жасында ол әкесінен 6 есе кіші болады?
А) 6 В) 8 С) 10Д) 5 Е) 7
19. Физикадан бақылау жұмысын жазған сынып оқушыларының 12%-ы есептерді мүлдем шығара алмады, 36%- ы шығарған есептерде қателер жіберді, ал қалған 13 оқушы қатесіз орындады. Сыныпта неше оқушы?
А) 21 В) 28 С) 25Д) 30 Е) 24
20. Бұдан 5 жыл бұрын Ербол мен Қымбаттың жастарының қосындысы 8 болса, 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады?
А) 28 В) 26 С) 25Д) 27 Е) 30
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
А | Д | А | Д | А | С | Д | С | А | С | Д | С | Е | А | Д | А | В | В | С | А |