Файл: Жаа таырыпты мегеру. Сфера мен шарды асиеттері Анытама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: Сфера, шар және олардың элементтері. Сфера бетінің ауданы. Айналу денелерінің жазықтықпен қималары.

Жаңа тақырыпты меңгеру.

Сфера мен шардың қасиеттері



Анықтама. Жарты шеңбердің өз диаметрінен айналғанда шығатын фигураны сфера деп атайды.

Анықтама. Жарты дөңгелек өзін шектейтін диаметрден айналғанда шығатын фигураны шар деп атайды.

Шар «(О; R) шары» деп белгіленеді, «центрі О нүктесіндегі радиусы R-ге тең шар» деп оқылады.



Шардың беті – сфера, ол сәйкес жарты шеңбердің айналуынан пайда болады.

Сфераны басқаша шар беті деп те атайды.

Центрден қашықтығы радиустан кіші нүктелер шардың ішкі нүктелері, ал центрден қашықтығы радиустан үлкен нүктелер шарға қарағанда сыртқы нүктелер болатыны түсінікті.

Анықтама. Шарға (сфераға) жанама жазықтық деп шармен (сферамен) ортақ тек бір ғана нүктесі бар жазықтықты атайды.

Ортақ нүкте жанасу нүктесі деп аталады. Біз жазықтық мен сфера (шар) осы нүктеде жанасады деп айтатын боламыз.

Теорема. Шар (сфера) радиусының сыртқы ұшында радиусқа перпендикуляр өтетін жазықтық шарға (сфераға) жанама жазықтық болады.

Теорема. Сфераға жанама әрбір жазықтық жанасу нүктесінде радиусқа перпендикуляр болады.

Шеңбердің радиусы арқылы дөңгелектің ауданын табу

А В=10см; CD=2см. Дөңгелектің боялған бөлігінің ауданын табыңдар.

Шешуі:

Кіші шеңбер:

Үлкен шеңбер:



Жауабы:



Е септер шығару:
№1. Қабырғасы 20 см квадраттың ішіне салынған боялған фигураның ауданын табыңдар.
Жауабы: 228 см2

2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 10см, ені 5 см. Оның боялған бөлігінің ауданын табыңдар.
Жауабы: 10,75 см2.


№3. Радиусы 6 см тең шеңбердің ұзындығын табыңдар. ( ).

а)36 см в) 18 см с)108 см д)12 см
№4..Радиусы 8 смтең дөңгелектің ауданын табыңдар.( )

а) 48 в)24 с) 576 д) 192
Тест сұрақтары:

1) Радиусы 41 см шар центрінен 9 см қашықтықта жазықтық жүргізілген. Қима радиусын табыңыздар.
а) 20 см, в) 40 см, с) 60 см, д) 70 см
2) Радиусы R ге тең сфера бетінің ауданы?
а) 4/3 пR2 в) 2пR, с) 4п R2, д) п R2.
3) Шар радиусы 10 см, Қима радиусы мен шар радиусы арасындағы бұрыш 30º. Шар центрінен қимаға дейінгі қашықтық?
а) 5 см, в) 4 см, с) 6 см, д) 5√2 см

4) Шар радиусы 13 ке тең. Жазықтық шар центрінен 5 см қашықтықта өтеді. Қима ауданы?
а) 25п, в) 169п, с) 12п, д) 144п

5) Диаметрі 10 см шар бетінің ауданын табыңыз.
а) 25п, в) 169 п, с) 12п, д) 144п.