ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп атауы: | | ||||
Мұғалімнің аты-жөні: Тәжірибе жинақтаушы: | | ||||
Пән/Сынып:3в | Дүниетану | ||||
Күні: | | ||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 4-бөлім Сәулет өнері | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Мен жергілікті жердің планын жасаймын | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты | 3.2.1.2 масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру | ||||
Оқу мақсаты: | Барлық оқушылар: масштаб және шартты белгілерді біледі және сұлба мен карта айырмашылығын түсінеді; Көптеген оқушылар: кем дегенде 4 шартты белгіні пайдаланып, масштабты сақтап мектеп ауласының сұлбасын сыза алады; Кейбір оқушылар: берілген тапсырманы шығармашыл түрде орындайды | ||||
Уақыты | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
3минут | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Құпияға толы қобдиша» Мақсаты:бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.Әрбірінің жақсы нәрсеге,жақсылыққа лайықты екенін және сыныпта әр оқушының жеке орны бар екенін сезіндіру.Сыныпты мейірім және достық атмосферасына толтыру. Жүргізілуі:
Ішіндегі қасиеттер: 1. Адалдық,2. Үміт, 3. Шын ниет, 4. Сабырлылық 5. Икемділік,6. Жақсылық,7. Жанашырлық 8. Жомарттық,9. Құрмет,10. Тиянақтылы 11. Төзімділік,12. Тәртіп және ұйымдастыру 13. Кішіпейілділік,14. Достық,15. Ақылдылық 16. Мейірімділік,17. Қарапайымдылық,18. Құн 19. Ықтималдық,20. Ынтымақ,21. тазалыққа құмарлық, 22. Жауапкершілік,23. Тәртіп 24. Табандылық,25. Ұқыптылық Өткенді еске түсіру.Үй тапсырмасын тексеру. «Пазл» әдісі бойынша. Әрбір сурет бөлшегінде сұрақ жазылып тұрады,сол сұраққа жауап беру арқылы пазл құралып,жаңа тақырып ашылады
Жарайсыңдар! Сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырыстыңдар Балалар,бүгінгі сабақтағы бағалау туралы айта кетейін, тапсырманы дұрыс орындауға байланысты және сұраққа белсенді жауап беруге байланысты компас арқылы бағаланасыңдар: 1дана компас = 1 балл. Сабақ соңында қанша балл жинағандарыңды есептейтін боламыз. 5 компас= 10 балл 4 компас= 7-8 балл 2-3 компас= 4-5 балл 1 компас= 2-3 балл Ал енді,пазлдан шыққан суретімізге қарайықшы! Не көріп тұрсыңдар? Иә,бұл жерде кішірейтілген көлемде сурет көрсетілген, яғни, бүгінгі тақырып «Мен жергілікті жердің планын жасаймын» деп аталады, мақсатымыз – «масштаб» дегеннің не екенін және планның шартты белгілерін белгілеуді білесің. Топқа бөлу. «Жергілік жердің планы» сөйлемі арқылы топқа бөлу. 1-топ.Масштаб 2-топ. Шартты белгі 3-топ. Компас | Бір оқушы келеді, ішінен бір қасиетті алады,ол қасиет кімге тән деп есептейді сол оқушыға береді. Әр оқушыға бір-бірден ғана беруге болады,осылаййша барлық оқушы алады,және неліктен олай ойлайтындығын айту Сұрақтарға жауап береді Оқушылар сабақ тақырыбы мен, мақсатымен танысады. | Жарайсың! Компас арқылы жүзеге асады: 1 компас = 1 балл | Қобдиша, қасиеттер жазылған қағаздар | |
35 минут | Суреттерді салыстырып қорытынды жаса. Сурет – бұл барлық заттың кескінін сол қалпында бейнелеу. План – бұл барлық затты жоғарыдан қарағанда кішірейтілген түрде бейнелейтін сызба. Балалар, осыған байланысты ұялы телефондарыңда қандай бағдарлама барекендігін білесіңдер ме? 2гис, гугл карта және карта бағдарламаларында байқауларыңа болады. Мына жағдаятты шешіп көрейікші! «Егер зат қағаз бетіне сыймаса не істейміз?» деп, Арман мен Дана дауласып қалды.Балалардың қайсысы дұрыс пікір айтты? Дана: Затты фотосуретке түсіріп,оның кішірейтілген суретін қағаз бетіне желімдеу керек. Арман: Заттың көлемін бірнеше еае кішірейтіп қағаз бетіне түсіру қажет. Масштаб – Жер бетінде өлшенген қашықтықта қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан.Картаның масштабы 1:300 000 3км – 3000м – 300 000см Тапсырма.Жұптық жұмыс. Мектеп партасының планын сызып көр. Ол үшін:
2- тапсырма. Learning apps бағдарламасы арқылы. Әр топ ақылдаса отыра,2 адам шығарып белгілейді. https://learningapps.org/watch?v=poodjxpwa22 Сергіту сәті https://youtu.be/6HmU9yeGhqI Сергіту сәтінде суретші жайлы ән айттық иә? Ойланып көрейікші, Жергілікті жердің планы мен картасын қай мамандық иелері «оқи» алады? Дұрыс айтасыңдар, геологтар, зерттеуші-туристтар және әскери адамдар және архитектор мен құрылысшы Топтық тапсырма. А3 форматты қағазға туристтің баратын бағытын шартты белгілерді пайдаланып сызыңдар. Ербол өз үйінінен таңертең ерте шығып, қаражолға түсті. Алғашқыда ол оңтүстік-шығысқа қарай бет алды, баққа жеткен соғ, солтүстік бағытқа,өзенге қарай жүрді, онда оны досы Тимур күтіп тұр еді.Олар кездескен соң, оңтүстік-батыста орналасқан мектепке қарай бірге жүрді. Топтық тапсырма.Қосымша тапсырма Әр топ өз тақырыбы бойынша постер қорғайды. 1-топ.Масштаб – жүзім шоктары 2-топ. Шартты белгі – swot талдау 3-топ. Компас - Фишбоун | Дескриптор:
Дескриптор:
Дескриптор:
Дескриптор:
| Компас арқылы жүзеге асады: 1 компас = 1 балл Компас арқылы жүзеге асады: 1 компас = 1 балл Компас арқылы жүзеге асады: 1 компас = 1 балл Компас арқылы жүзеге асады: 1 компас = 1 балл | Презентация А3 форматты қағаз, түрлі-түсті қарындаш А3 форматты қағаз, түрлі-түсті қарындаш | |
2минут | Кері байланыс: https://wordwall.net/ru/resource/28883575 Сұрақтарға «карусель» арқылы жауап береді:
Үй тапсырмасы: Мектеп ауласының планын сыз,одан кейін үйіңнен мектепке дейінгі жолды сыз. Жинаған баллды есептеп көрелік: 5 компас= 10 балл 4 компас= 7-8 балл 2-3 компас= 4-5 балл 1 компас= 2-3 балл Рефлекция. «Компас» әдісі Егер сабақ ұнаса, стикерді Солтүстік бағытқа жапыстыр,егер сұрағың болса батыс пен шығысқа,сұрағыңды қоя отыра жапыстыр, егер ұнамаса оңтүстікке. | Дескриптор:
| Компас арқылы жүзеге асады: 1 компас = 1 балл | |