Файл: Бекітемін Оу ісі жніндегі орынбасары Р. Тоызбаева Сабаты таырыбы Периодты кестені рылымы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р.Тоғызбаева

Сабақтың тақырыбы: Периодтық кестенің құрылымы

Бөлім:

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

Педагогтің аты-жөні:

Қуанышова Ж

Күні:

17.02.23

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Периодтық кестенің құрылымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Химиялық қасиеттері ұқсас элементтердіңбір топқа жататынын анықтайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Табиғи топтар ұғымын сипаттайды

Кейбір оқушылар үшін:

Сілтілік металдар,галогендер, инерттігаздарға жататын

элементтерді ажыратады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Шеңбер құрып жанындағы көршісін бір элементке теңейді.

«Құпия элемент» әдісі арқылы топқа бөлу.


Оқушылар элемент жасырылған суреттер арқылы топқа бөлінеді.

І-топ: Металдар

ІІ-топ: Бейметалдар

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.



Жаңа сабаққа кіріспе

5 минут




(Ұ) «Кім жылдам?» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Оқушылардың жауаптарын қолдана отырып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.


1 Химиялық элементтерді жүйелеудің алғашқы нұсқаларын кімдер жасады?
2. Менделеевтің ұсынған нұсқасы несімен маңызды болды?
3. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген периодтық кестені жасаған ғалым туралы не айтасыңдар?


Оқушылардың жауаптары «Мадақтау» әдісімен бағаланады.


Интер-

белсенді тақта, оқулық

Сабақтың ортасы

15 минут

«Ойлан, жұптас, бөліс»

әдісі арқылы жаңа сабаққа қатысты мәтін беріледі. (Оқушылардың оқылым, айтылым және тыңдалым дағдылары қалыптасады)

Оқушылардың топтағы және жұптағы белсенділігін бақылайды.

Мәтінді 5 минут жеке оқу, 2 минут жұпта талдау және 2 минут топта талқылайды.

Мәтіндегі негізгі анықтамалар мен заңдылықтарға назар аударыңдар.


Дескриптор: Жалпы – 2 балл

-периодтың, топтың сипаттамаларын, жіктелулерін біледі.

-периодтық кестенің құрылу принципін түсінеді.

«Бағалау сағаттары» арқылы өзін-өзі бағалау

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.

Қосымша 1

5 минут

2 тапсырма Жеке жұмыс.

«Химиялық диктант» (Бұл тапсырма арқылы оқушыларда оқу мақсатына сәйкес периодтық жүйе құрылымы туралы білімдері және жазылым дағдысы қалыптасады)

Сергіту сәті

«Адасқан элементтер» ойыны ойнатылады.



-Келесі сөйлемдерді дәптерге жазып толықтырыңдар:

Периодтық жүйедегі барлық --------элементтер артуы бойынша орналасқан.Элементтердің горизонталь қатарлары....................деп аталады.Тік қатарлар.......................деп

аталады.Төменгі сол жағында.................. орналасқан, ал жоғарғы оң жағында ...........орналасқан.Элементтердің көпшілігі................................
Кейбір оқушыларға берілетін тапсырма.

Периодтық кестедегі атомдық массаның өсу ретімен сәйкеспейтін элементтерді тауып жаз. Бұлай орналасу себебін түсіндір.

Химиялық элементтер жазылған пазлдарды құрастыру керек болады. Екі топқа беріледі.



Дескриптор:

-жасырылған сөздерді мәтіннен қателеспей тауып жазады;

-периодтық жүйенің құрылымы туралы жаза алады

«Бағалау сағаттары» арқылы өзін-өзі бағалау

2 балл

«Мадақтау» әдісі. Ауызша кері байланыс жүргізіледі.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Пазлдар

7 минут


Сабақты бекіту

3 тапсырма Сыныппен жұмыс.

«Өздік жұмыс» (тапсырманы орындау арқылы, оқушының периодтық жүйемен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.)


Элементтердің периодтық кестесін пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз, дәптерге орындаңыз:

а) ең жеңіл элементті

ә) рет нөмірі 12-элементті;

б) 3-периодтағы металдарды;

в) 2- периодтағы бейметалдарды;

г) атомдық массасы 80- ге тең элементті;

ғ) 4-период, 1-топтың қосымша топшасында орналасқан элементті атаңдар.

Дәптерге орындайды.



Дескрипторлар:

-элементтің реттік нөмірін біледі;

-металдарды ажырата алады;

-бейметалдарды ажырата алады;

-периодтық жүйені пайдаланып, элементті анықтай алады.;

6 балл


ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.


«Бағалау сағаттары» әдісі



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын жазу арқылы сабаққа қорытынды жасап, бағалау сағаттарына әкеліп іледі.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Ашық сабақ

Тақырыбы: Периодтық жүйенің құрылымы

Сыныбы:7

Пәні: Химия

Пән мұғалімі: Қуанышова Ж.