Файл: за мерзімді жоспарды тарауы 3в онды блшектер жне олара амалдар олдану Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану


Мектеп:


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Жунусова Гульжанат Толеубековна


Сынып:5

Қатысқандар:


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Ондық бөлшекті натурал санға бөледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу ережесін тұжырымдайды және есеп шығарғанда қолданады.

Кейбір оқушылар:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлгенде қалдық жалғаса берсе,онда ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып бөлудің тиімділігін біледі..

Бағалау критерийі

  • Ондық бөлшектерді қосады және азайтады.

  • Есептер шығару барысында ондық бөлшектерді көбейтеді және бөледі

  • Ондық бөлшектерге амалдарды еркін қолданып,есеп шығарады.




Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу алгоритмін жаттығуларды орындағанда пайдалана біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ондық бөлшек,натурал сан,бөлу,бүтін бөлігі,қалдық

Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін...керек;бөлшектің бүтін бөлігі бөлгіштен кем болса,...;бөлу барысында қалдық қалса...

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының 2- құндылығы «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім» негізінде патриотизм және азаматтық жауапкершілікті,ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ондық бөлшектерді көбейту,ондық бөлшекті натурал санға көбейту,ондық бөлшектерді 10,100,1000,... және разряд бірліктеріне көбейту

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)


Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)



Қағаз қиындылары


Топқа бөлу

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар қиындылардан бүтін фигура құрастырып, сол бойынша топ құрайды.


Тапсырма 1

Өткен тақырыпты қайталау;

  1. Ондық бөлшекті көбейту ережесін тұжырымдаңдар?

  2. Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса, не істеу керек?

  3. Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001, ... разряд бірліктеріне қалай көбейтеді?

үлестірме


Тапсырма 2.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу» ережесін қорытындылауға ұсыныс жасаймын:

Киіз үйді құру үшін кереге қанаттарын дөңгелек бойымен байлауға тоқыма баулар орамы алынды. Баулардың бірінің ұзындығы 19,2 м. Ол тең 8 бөлікке бөлінді.Әр бөліктің ұзындығы қандай?

19,2 м=192 дм

192дм :8 =24дм=2,4м

19,2:8=2,4

Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы.




Сабақтың ортасы

25 минут
7 минут



Тапсырма3 «Топтық жұмыс».Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

  • Ереже тұжырымдап,мысалдармен түсіндіреді

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:

1. Ондық бөлшектің үтіріне назар аудармай, оны натурал санға бөлу керек;

2. Бүтін бөлікті бөлу аяқталғанда, бөліндіде үтір қою керек;

3. Егер бөлшектің бүтін бөлігі бөлімінен кем болса, онда бөліндіге 0 бүтінді жазу керек;

4. Егер ондық бөлшектерді бөлу барысында қалдық қалса, онда оған қажетті нөлдер тіркеліп жазылады. Бөлу қалдықсыз бөлінгенше жалғастырылады.

5. Егер ондық бөлшекті бөлгенде қалдық жалғаса берсе, онда ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып алып, есептеген тиімді.

Топтар осы сұрақтарды талдап,білімдерін қалыптастырады

Т.А.Алдамұратова,

Е.С.Байшоланов

5-сынып оқулығы,

2-бөлім,Алматы «Атамұра»2015

5 минут

Тапсырма 4. (жалпы сынып оқушыларын ) «Джиксо»әдісі арқылы топтар бірін-бірі тексереді ,білімдерін бағалайды:

Амалдарды орындаңдар:

1) (4,23 – 2,34) : 21 = 0,09

2) (7,13 + 9,25) : 13 = 1,26

3) (50 – 8,6) : 92 = 0,45

4) (28,88 + 35, 8) : 28 = 2,31

5) (65,97 – 0,45) : 52 = 1,26

6) (1,85 + 3,25) : 34 = 0,15

7) (4,04 + 5,16) : 46 = 0,2

8) (0,8 + 0,55) : 15 = 0,03


Т.А.Алдамұратова,

Е.С.Байшоланов

5-сынып оқулығы,

2-бөлім,Алматы «Атамұра»2015

№1407,118 -бет

3 минут

Тапсырма 5. «Кім жылдам?» ойыны (I,II, III топтар)

Осы ойында оқушылар топтар арасында жарысады. Әр топқа

3есептен беріледі. Оқушылар есепті шығарып, стикерге жазып тақтада ілініп тұрған тапсырмаларға іледі. Қай топ жылдам орындайды белгілі бір смайликке ие болады.

I топ:

1.2,45 : 35 = 0,07

2. 1,56 : 52 = 0,03

3. 1,17 : 13 = 0,09


II топ:

1. 1,62 : 27 = 0,06

2. 1,84 : 23 = 0,08

3. 0,76 : 19 = 0,04


III топ:

1. 1,52 : 76 = 0,02

2. 0,36 : 24 = 0,015

3. 1,08 : 18 = 0,06


Қалыптастырушы бағалау «Смайликтер» әдісі арқылы

1-ші бітірген топқа:



2-ші бітірген топқа:



3-ші бітірген топқа:




Т.А.Алдамұратова,

Е.С.Байшоланов

5-сынып оқулығы,

2-бөлім,Алматы «Атамұра»2015

№1406,118 -бет

2 минут

Сергіту сәті «Көңілді күн»


Интернет желісі

8 минут

Тапсырма 6. «Көршіңе көмектес» ойыны

Бұл ойында оқушыларға жеке карточка таратылады. Карточкалар жалауша мен жұлдызшамен белгіленеді.




Қай оқушының карточкасының артында жалауша, сол оқушылар көршілес отырған оқушыға өз есебін түсіндіреді.

Қ ай оқушының карточкасының артында жұлдызша болса, сол оқушы өз есебін тақтаға шығып бүкіл сыныпқа түсіндіреді.


1.(4,3 + 3,5) : 3 = 2,6

2. (3,45 + 2,75) : 2 = 3,1

3. (33,74 – 5,04) : 7 = 4,1

4. (37,2 – 6,8) : 8 = 3,8

5. (14,7 + 23,8) : 11 = 3,5

6. (61,68 – 4,08) : 12 = 4,8



1. 5х = 8,17 + 2,48

5х = 10,65

х = 2,13
2. 2х +5х = 42,7

7х = 42,7

х = 6,1
3. 12х – 3х = 41,4

9х = 41,4

х = 4,6





Т.А.Алдамұратова,

Е.С.Байшоланов

5-сынып оқулығы,

2-бөлім,Алматы «Атамұра»2015

№1409,119-бет

Сабақтың соңы

(10 минут)
8минут

2 минут

Қалыптастырушы бағалауға тапсырмалар:

1-тапсырма Есептеңіз:

  1. 12,6 : 3 = 4,2;

  2. 6,4 : 8 = 0,8;

  3. 3:2=1,5;

  4. 4,2 : 7 = 0,6;

  5. 2,4 : 8 = 0,3;

  6. 8,1 : 9 = 0,9

Дескриптор: Білім алушы

-Ондық бөлшекті натурал санға бөледі

2-тапсырма

Кестені толтырыңыз.

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

9 км/сағ




41,4 км

6,1 км/сағ

7 сағ







4 сағ

251,6 км

Дескриптор: Білім алушы

-Бөлуді орындайды;

-Көбейтуді орындайды

Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы


Рефлексия - жест арқылы көрсету.



Үй тапсырмасы: №1410, №1411



Т.А.Алдамұратова,

Е.С.Байшоланов

5-сынып оқулығы,

2-бөлім,Алматы «Атамұра»2015

119-бет

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Оқушылардың шығармашыл ізденістерін,өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру арқылы теориялық білімдерін кеңейту үшін деңгейленген тапсырмалар дайындаймын.

Шығармашыл тапсырмалар дайындаймын.

«Бас бармақ»

«Бағдаршам»

«Смайликтер»

Қазақ тілі

Мәңгілік ел жалпы ұлттық идеясының 2-шы құндылығы «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім»

Сергіту сәті «Көңілді күн»

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?


Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


«Миға шабуыл» стратегиясын пайдалана отырып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты аштым.

Тапсырмалар топтың қажеттіліктерін есепке алып деңгейленіп беремін,одан оқушы білімді қабылдады,түсінді,түсіндіре білді.

(Блум таксономиясы)

Сабақ өз деңгейінде өтті,білім стандарты орындалды,дарындылық қабілеттілік анықталды.

Деңгейленген тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау тәсілдері оқу мақсатына жетуге, оқуға тартуға бағытталды.

Сабақтың әрбір кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылды.

Сабақ жоспар бойынша өтілді.


«Инсерт» әдісімен оқушылар жаңа тақырып

бойынша түсінгендерін, ойларын постерге түсіруді енгіземін.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1. «Кім жылдам?» ойыны кезіндеоқушылар жеке, жұппен, топта есептерді талдап жақсы шығарды.

2.) «Джиксо»әдісіарқылы топтар бірін-бірі тексерді ,білімдерін бағалады

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Оқушылардың түсіну,есептеу дағдыларының жақсы қалыптасуы

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Кейбір оқушылар белсенділік танытты, болашақта сол оқушыға мәтінді есептер беруде мән берер едім.


Қалыптастырушы бағалау

Қосымша 1

Бөлім тақырып

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Оқу мақсаты

5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну;қолдану

Бағалау критерийлері

Ондық бөлшектерді қосады және азайтады. Есептер шығару барысында ондық бөлшектерді көбейтеді және бөледі Ондық бөлшектерге амалдарды еркін қолданып,есеп шығарады.




Тапсырма

1-тапсырма

Есептеңіз:

  1. 12,6 : 3 = 4,2;

  2. 6,4 : 8 = 0,8;

  3. 3:2=1,5;

  4. 4,2 : 7 = 0,6;

  5. 2,4 : 8 = 0,3;

  6. 8,1 : 9 = 0,9

Дескриптор: Білім алушы

-Ондық бөлшекті натурал санға бөледі
2-тапсырма

Кестені толтырыңыз.

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

9 км/сағ




41,4 км

6,1 км/сағ

7 сағ







4 сағ

251,6 км

Дескриптор: Білім алушы

-Бөлуді орындайды;

-Көбейтуді орындайды

Бағалау критерийі

Дескриптор

Есептер шығару барысында ондық бөлшектерді натурал санға көбейтеді және бөледі

-Ондық бөлшекті натурал санға бөледі

Ондық бөлшектерге амалдарды еркін қолданып,есеп шығарады.

.

-Бөлуді орындайды;

-Көбейтуді орындайды