Файл: Жазытыта шлшемді суретті алу шін келесі адамдар талап етіледі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Үшөлшемді графика - көлемді объектілерді үшөлшемдік кеңістікте модельдеу жолымен сурет немесе бейне жасау әдістеріне арналған компьютерлік графика бөлімі.
3D модельдеу - бұл объектінің үшөлшемді моделін жасау процесі.
3D модельдеу мақсаты - керекті объектінің көлемді визуалды көрінісін жасау.

Сонымен қатар модель шынайы өмірдегі объектілерге (автокөліктер, ғимараттар, дауыл, астеройд) сәйкес келе алады, немесе толық абстрактілі (төртөлшемді фракталь проекциясы) болуы мүмкін.

Жазықтықта үшөлшемді суретті алу үшін келесі қадамдар талап етіледі:


  • Модельдеу - сахнаның және ондағы объетілердің үшөлшемді математикалық моделін жасау;



  • Текстуралау – модель жазықтығына процедуралық және растрлық құрылымын тағайындау (сондай-ақ материалдар қасиеттерін реттеу - мөлдірлігі, шағылысуы, кедірлігі және тағы басқалары);

  • Жарықтандыру – жарық көздерін орнату және реттеу;

  • Анимация (кейбір жағдайларда) - объектілерге қозғалыс беру;

  • Динамикалық симуляция (кейбір жағдайларда) - бөлшектердің, тығыз/жұмсақ денелері және тағы басқаларының гравитация, жел, итеру және басқа модельдеу күштерімен қатынасының автоматты есептеуі;

  • Рендеринг (визуализация) - таңдалған физикалық моделімен сәйкес проекция тұрғызу;

  • Композитинг (ұйымдастыру) - суретті толық пысықтау;


Модельдеуге арналған ең әйгілі пакеттер:

  • Pixologic Zbrush.

  • Autodesk Mudbox, Autodesk 3D max.

  • Robert McNeel & Assoc. Rhinoceros 3D.

  • Blender.

  • Компас (САПР).

  • Google SketchUp.

SketchUp – қарапайым үш өлшемді нысандарды – ғимараттарды, жиһаздарды, интерьерді модельдеу бағдарламасы.
SketchUp жобалары * .skp форматында сақталады.

СҰРАҚТАР:

  1. SketchUp –қандай бағдарлама?




  1. SketchUp бағдарламасының кеңейтілімі қандай?




  1. SketchUp бағдарламасының мүмкіндіктері қандай?