Файл: за мерзімді жоспар блімі 1А блім Компьютер мен желілерді техникалы сипаттамалары Мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:____________________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А бөлім – Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 8-сынып | Қатысқандар: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы: | Процессор және оның сипаттамалары | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.1. – қарапайым деңгейінде процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру | |||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар үшін: «АЛҚ», «БҚ», «Тактілік жиілік», «Регистрлар», «Разрядтылық» терминдерін білу және оларды түсіну; Көпшілік оқушылар үшін: Процессордың қызметін және сипаттамасын қарапайым деңгейде түсіну; Кейбір оқушылар: Intel және AMD компанияларының процессорларын салыстырып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||
Құндылықтарға баулу | Жеке тапсырмаларды орындау барысында бастамашы, креативті және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дағдылық құндылықтар жүзеге асады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Компьютердің негізгі құрылғылары және олардың өзара әрекеті. Компьютердің жады түрлері және олардың қызметі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин Сабақтың ортасы 15 минут | Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, оқу-құралдарын тексеру. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Шеңбер жасап тұрып, «Гүлмен тілек» әдісі арқылы оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша 2 топқа біріктіріледі. (Сөздерді арнайы дайындап әкеліп, аралас топ құрамын). 1 топ: Процессор 2 топ: Қатқыл диск І. Үй тапсырмасын сұрау «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау ІІ. Жаңа сабақты талқылау Оқулықпен жұмыс және басқа да қосымша ақпараттық ресурстар таратылады. Оқушылар берілген ресурстар бойынша, топ бойынша түсіндіріп кетеді. Мұғалім процессор ұғымын түсінідіреді Мұғалім тақырыпты түсінідіру барысында туындаған сұрақтарға жауап береді. Мұғалім процессордың негізігі сипаттамасын айтып түсіндіреді. Сынып мұғаліммен бірге процессордың тактілік жиілігін есептейтін мысалдарды талқылайды. Топтық жұмыс /І топқа – Қатқыл диск/ «Денотатты граф» әдісі.
Қатты диск Топтық жұмыс /ІІ топқа – Процессор/ «Буклет» әдісі
Бағалау. Екі топ бір-бірлерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | гүлдің суреті, топтың аттары «Информатика оқулығы 8-сынып», қосымша ақпараттық ресурстар Түрлі-түсті парақтар | ||||
8 минут | Жұптық жұмыс «Сөйлемді аяқта» деп аталады 1)... – микропроцессордың командалары орындау жылдамдығының көрсеткіші. 2) ... – қарапайым операцияны орындауға қажетті уақыт аралығы. 3) ... – процессор мен жедел жады арасындағы мәліметтермен алмасу барысында қолданылады. 4) ... – процессордың жүйелік блоктағы құрылғылармен ақпарат алмасуына арналған байланыс каналдарының жиынтығы. 5) ...- бұл процессор мен жүйелік шина арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыратын тактілік жиілік. 6) ... – 1 такт ішінде процессордың өңдей алатын ақпарат көлемін анықтайтын өлшем бірлік. | Оқулық, жұмыс дәптері | ||||
10 минут | Жеке жұмыс. IV. Қалыптастырушы бағалау (жазбаша тапсырма ) Сынып оқушылар тапсырманы жекелей орындайды Тақырып: «Процесссор және оның сипаттамалары» Оқу мақсаты: 8.1.1.1. Қарапайым деңгейде процесссордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру Білім алушы:
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Тапсырма: Процессордың негізігі сипаттамаларына анықтама беріңіз: Разрядтылық:__________________________________________________ Тактілік жиілік:________________________________________________ Ядролық саны:_________________________________________________ Дескриптор: Білім алушы
| таратпа қағаздар | ||||
Сабақтың соңы Қорытынды Рефлексия 2 минут | V. Рефлексия «+» - плюс, «-» - минус, «Қ» - қызықты әдісі «+» - Сабақтың ұнаған жерлерін жазады «-» - Сабақтың ұнамаған немесе оқушы түсінігі бойынша оған қажеті жоқ ақпаратты жазады «Қ»- Сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарын «?» қою арқылы жазып кетеді | Рефлексия парағы | ||||
Үйге тапсырма: 1.Процессор және оның сипаттамаларын біліп келу. 2. «Процессор» сөзі шығатын ребус жасап келу. | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент ) | ||||
Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды | Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды | Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау |