Файл: Барлы оушылар істей алады атынас ыдыстарды не екенін біледі. атынас ыдыстара йылан бір трлі сйыты дегейі не шін бірдей болатынын тсінеді. Кптеген оушылар істей алады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітілді:


Бөлімі:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:

Г.Дариева

Күні: 01.02.2023 ж




Сыныбы: 7 А,Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қатынас ыдыстар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Қатынас ыдыстардың не екенін біледі. Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсінеді.

Көптеген оқушылар істей алады: Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсінеді.

Кейбір оқушылар істей алады: Су құбырының жұмыс істеу принципін түсінеді.

Бағалау критерийлері


-Қатынас ыдыстардың не екенін білу

-Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсіну

-Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсіну

-Су құбырының жұмыс істеу принципін түсіну


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуалды орнату үшін

Үй тапсырмасын тексеру.   «Еске түсіру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталаймыз. Quizlet live платформасы арқылы
№1. Тапсырма:Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?

№2. Тапсырма:Саңылаулары бар  цилиндрдегі сұйық  ең жоғарғы  саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа  шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?



Оқушылар алдыңғы сабақты қайталау сұрақтарына сыныппен жауап береді

Дескриптор:

-Паскаль заңының ережесімен мен формуласын, ХБЖ-дегі өлшем бірлігін біледі

-Қысымды өлшейтін аспапты біледі.

-Формуласына есептер шығару барысында түрлендірулер жасай алады.

Жалпы балл-2


Оқулық

Слайд


Қосымша-1

Сабақтың ортасы

25 минут


Жаңа сабақ. «Мағынаны тану» әдісі арқылы мына суреттен тақырыпты ашу. Осы сурет арқылы нені түсінуге болады?

 Не себепті бұл ыдыстардағы сұйықтың деңгейі барлық бөліктерінде бірдей?


Мұғалім түсіндірулер жүргізеді.(Д)

Қатынас ыдыстар деп екі ұшы ашық орталары жалғасқан ыдыстарды айтады. Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.

Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.

Сұйықтардың тепе-теңдік шарты:
                        p1 = p2 = p3 = …= pn

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.


Тапсырма 1: «Теориядан, тәжірибеге» әдісі жеке жұмыс

1.Су мен күнбағыс майының қатынас ыдыстардағы бағанының айырмашылығын анықтау, түсіндіру;

2.Қатынас ыдыстардағы су мен глецириннің бағанының айырмашылығын анықтау, түсіндіру.

3. Қатынас ыдыстардағы су мен керосин бағанының айырмашылығын анықтау, түсіндіру

4.Сұйықтың деңгейін анықтау

Тапсырма2: «Кім жылдам» эстафеталық есептер шығару.

Мысал-1. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? Теңіз суының тығыздығы:1030 кг/м3 .

Берілгені : Һ=9 м

Талдау: р = ρ g Һ

Шешуі: р = ρ g Һ р =1030кг/м3*10Н/кг*9м=92,7кПа=1030 кг/м3g= 10Н/м3



Оқушылар суретке қарап ойларын айтады. Үй тұрмысындағы ыдыстар. Өйткені қысым барлық ауданға түседі.

Осы ыдыстарға құйылған ыдыстағы судың деңгейлері бірдей биіктікте болатынын айтады.

Оқушылар жеке тәжірибелік тапсырма орындайды.

Қатынас ыдыстың формуласына сүйеніп, деңгейлік тапсырмалар орындайды.


Дескриптор:

— тәжірибе жасай алады

-сұйықтардың тығыздықтарын біледі

— сұйық бағанының айырмашылығын анықтайды

— формуласын біледі

Жалпы балл-4
Дескриптор:

- Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсінеді;

-Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсінеді;

-Қатынас ыдыстардың формуласына сүйеніп, еептер шығара алады.

Жалпы балл-4


Оқулық

ДК экран

Қатынас ыдыстар

Слайд

Қатынас ыдыстар, сұйықтық


Қосымша-2

Сабақтың соңы.
10минут
Бағалау


Үй тапсырмасы

Бүгінгі сабақ бойынша рефлекция 

Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
  2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
  3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.


Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
П 25

Экперименттік тапсырма





Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10балл


Стикерлер