Файл: Курсы апараттыкоммуникативтік технологияларды олдануды бастапы негізін алайтын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 112

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




7 мин

Сабақты бекіту.

Рефлексия.



«Ой-толғаныс» әдісі

Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.

Орындаған жобаңның файлын компьютерде «Менің жобам» деген тақырыпта бума ашып, сақта. Жобаны аяқтағаннан соң, дәптеріңе төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, есебіңді жаз:

  • Мен таңдаған жобаның тақырыбы

  • Мен неге бұл тақырыпты таңдадым?

  • Жаңадан не білдім, не үйрендім?

  • Керекті ақпараттарды қалай іздеп таптым?

  • Ақпараттарды қалай сақтадым?

  • Ақпараттарды қалай тасымалдадым?

  • Қай нәрсе ұтымды шықты?

  • Нені орындай алмадым?

  • Менің жобаны орындаудан алған әсерім қандай?



«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды, бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісімен бағалайды. Сабақтың соңында оқушылардың қорытынды бағасын шығару мақсатында сабақ бойында жинаған жұлдызшаларын санайды.

5 жұлдызша – өте жақсы!

4 жұлдызша – жақсы!

3 жұлдызша – талпын!

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды

болуын қадағалайды.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету»,

«Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Менің жұлдызым» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:


Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1: 2:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. ҚР Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2017 ж.

  2. «Цифрлық сауаттылық» оқу бағдарламасы. Бастауыш білім беру (3-4-сыныптар). Астана, 2017 ж.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. Астана, 2017 ж.

  4. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Астана, 2016 ж.

  5. Аганина К.Ж. Формирование учебно-компьютерные умения у учащихся в процессе обучения школьным дисциплинам: дис. ... канд. пед. наук. – Алматы, 1996. – 148 с.

  6. Клустер Д. Что такое критическое мышление? // Перемена: Междунар. журнал о развитии мышления через чтение и письмо. — 2001. — № 4. — С. 36-40.

  7. Әрекеттегі RWST философиясы мен әдістері. Алматы, 2005 ж.

  8. Оқытудағы интербелсенді әдістер. Астана, 2014 ж.


Р.А.Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова

Цифрлық сауаттылық

Әдістемелік нұсқау

Жалпы білім беретін мектептің

3-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау

Методист Ф.С. Лекерова

Редактор Л.С. Ахметова