Файл: 6. 2 x асыр xііі асырды басындаы азастан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беру ұйымының атауы

Пәні:

Бөлім:

6.2 X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі.

Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

Сабақтың мақсаты

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату.

Бастапқы стимул тудырушы материал.

Оқушыларға VI – IX ғғ.және Х-ХІІ ғғ. Қазақстанның ортағасырлық картасын салыстыруды және Қазақстанның саяси картасындағы өзгерістерді анықтау тапсырмасын беріңіз (найман, жалайыр, керейіт тайпаларының орналасуына баса назар аудартыңыз).

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

мадақтау

Жаңа білім

«Наймандар, керейіттер және жалайырлар» тақырыбында бейнебаян тыңдатып, жаңа тақырыппен таныстыру.

Мәтінмен жұмыс.

Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Найман тайпалары ХІІ ғасырдың ортасына қарай өз мемлекетін құрды. Мемлекетті алғашқы кезде Наркеш Дайын хан басқарды. Мемлекеттің нығайған тұсы Инаныш Білге ханның билік құрған кезі. Ол қайтыс болғаннан кейін найман мемлекеті құлдырауды бастан кешіреді. Моңғол тайпаларының билеушісі Темучин наймандардың ішкі талас-тартысын, саяси дағдарысын пайдалана отырып 1204 жылы оларды бағындырады. Моңғолдардан жеңілген наймандар Күшлік ханның басшылығымен батысқа жылжып, қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай, Ертіс маңына барып қоныстанады. 1218 жылы Жетісудағы наймандар моңғол билігін мойындайды.

Тарихта керейіттер жайлы алғашқы жазба деректер Х ғасырдан бастап кездеседі. Керейіттер ортағасырларда ірі мемлекет ретінде қалыптасты.

Алғашында Маркуз хан басқарған кезде мемлекет біршама күшейді. Кейін Құршақұз мемлекетті бір орталықтан басқаруға ұмтылса да көрші тайпалар шабуылы оған мүмкіндік бермеді. ХІІ ғасырдың соңына қарай Тұғырыл ханның кезінде керейіттер дәуірледі. 1203 жылы Темучин керейіттерді бағындырады. Керейіттердің басым бөлігі батыс аймақтарға қоныс аударады.

Жалайырлар және олардың тайпалық бірлестігі жайында мәліметтер моңғол деректерінде кездеседі. Жалайыр тайпаларының билеушісі Жамұқа 1201 жылы Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан»жариялап, таққа отырған. Темучин керейіт ханы Торымен одақ құрып, Жамұханы жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан. Бұдан кейін жалайырлар Қазақстанға өтіп Жетісу жерін мекендейді.

Найман, керейіт және жалайырларды хан басқарған. Ал бұл мемлекеттер ұлысқа бөлінген. Ұлыстардың ішкі мәселесін шербишешкен. Әскерлер ондыққа, жүздікке, мыңдыққа бөлінген.

Бұл тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлік малдың барлығы да өсірілген. Әсіресе жылқы өсірудің маңызы ерекше болды. Қолөнер де гүлденіп, күнделікті тіршілікке қажетті заттардың барлығын дерлік аталмыш тайпалар өздері жасаған.

1-тапсырма: «Картамен жұмыс»

Картаға мемлекеттерді дұрыс орналастыр.

2-тапсырма:жасыру

Берілген деректерге сүйене отырып тайпаларды анықта.

1. Орхон өзені, Ертістің жоғарғы ағысы мен Алтай тауларын мекендеген тайпа.

Наймандар

2. Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзенінің жоғарғы жағы мен Селенгі өзенін мекендеген тайпа.

Жалайырлар

3. Солтүстік Моңғолиядағы Орхон, Селенгі және Керулен өзендерінің сағасын мекендеген тайпа.

Керейіттер

4. Алтай, Ертіс маңын қоныстанған тайпа.

Наймандар

5. Наркеш Дайын хандық құрған тайпа.

Наймандар

6. Жамұқа хандық құрған тайпа.

Жалайырлар

7. Тоғрұл хандық құрған тайпа.

Керейіттер

8. Жетісу жерін қоныстанған тайпа.

Жалайырлар

3-тапсырма: «Тарихи диктант»

жасыру

Бос орындарға тиісті сөздерді орналастыр.

1. Моңғол тайпаларының билеушісі Темучин 

наймандардың

ішкі талас-тартысын, саяси дағдарысын пайдалана отырып

1204 жылы

оларды біржолата жеңіп, өзіне бағындырады.

2. Біртіндеп күшейе бастаған 

керейлердің

жерін басып алуды көздеген Темучин 

1203 жылы

шабуыл жасап, оларды бағындырады.

3. Жамұқа 

1201 жылы

Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан» жариялады. Бұл жағдайды естіген Темучин Жамұқаны жеңіп, 

жалайырларды

қол астына қаратқан.

Мәтінмен жұмыс

Дескриптор:

-Картаға Найман, Керейт, Жалайыр мемлекеттерін дұрыс орналастырады.

Дескриптор:

Берілген деректерге сүйене отырып тайпаларды анықтайды.

Дескриптор:

Бос орындарға тиісті сөздерді орналастырып, сөйлемдерді толықтырады.

ҚБ

Өзін-өзі бағалау

Өзін-өзі бағалау

Өзін-өзі бағалау

Ақпараттық мәтін

Білімленд платформасы бейнебаян

Карта
Таратпа материалдар

тапсырмалар

Бекіту

Сабақты қорытындылау

1.Моңғол билеушісі Шыңғыс ханмен жақын достық қатынаста болған адам.

Инаныш Білге

Наркеш Дайын

Жамұқа

Маркуз

2.Ұлыстардың ішкі мәселесін шешетін адамның лауазымы қандай болды?

шерби

хан

уәзір

түменбасы

3. ХІІ ғасырдың ортасына қарай өз мемлекетін құрған ұлыс.

наймандар

қазақтар

ұйғырлар

жалайырлар

4.Тарихта керейлер жайлы алғашқы жазба деректер қай ғасырдан бастап белгілі?

VІІІ ғасырдан

ІХ ғасырдан

Х ғасырдан

ХІ ғасырдан

Үйге тапсырма: Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

Тест сұрақтары

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Найман тайпалары ХІІ ғасырдың ортасына қарай өз мемлекетін құрды. Мемлекетті алғашқы кезде Наркеш Дайын хан басқарды. Мемлекеттің нығайған тұсы Инаныш Білге ханның билік құрған кезі. Ол қайтыс болғаннан кейін найман мемлекеті құлдырауды бастан кешіреді. Моңғол тайпаларының билеушісі Темучин наймандардың ішкі талас-тартысын, саяси дағдарысын пайдалана отырып 1204 жылы оларды бағындырады. Моңғолдардан жеңілген наймандар Күшлік ханның басшылығымен батысқа жылжып, қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай, Ертіс маңына барып қоныстанады. 1218 жылы Жетісудағы наймандар моңғол билігін мойындайды.

Тарихта керейіттер жайлы алғашқы жазба деректер Х ғасырдан бастап кездеседі. Керейіттер ортағасырларда ірі мемлекет ретінде қалыптасты.

Алғашында Маркуз хан басқарған кезде мемлекет біршама күшейді. Кейін Құршақұз мемлекетті бір орталықтан басқаруға ұмтылса да көрші тайпалар шабуылы оған мүмкіндік бермеді. ХІІ ғасырдың соңына қарай Тұғырыл ханның кезінде керейіттер дәуірледі. 1203 жылы Темучин керейіттерді бағындырады. Керейіттердің басым бөлігі батыс аймақтарға қоныс аударады.

Жалайырлар және олардың тайпалық бірлестігі жайында мәліметтер моңғол деректерінде кездеседі. Жалайыр тайпаларының билеушісі Жамұқа 1201 жылы Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан»жариялап, таққа отырған. Темучин керейіт ханы Торымен одақ құрып, Жамұханы жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан. Бұдан кейін жалайырлар Қазақстанға өтіп Жетісу жерін мекендейді.

Найман, керейіт және жалайырларды хан басқарған. Ал бұл мемлекеттер ұлысқа бөлінген. Ұлыстардың ішкі мәселесін шербишешкен. Әскерлер ондыққа, жүздікке, мыңдыққа бөлінген.

Бұл тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлік малдың барлығы да өсірілген. Әсіресе жылқы өсірудің маңызы ерекше болды. Қолөнер де гүлденіп, күнделікті тіршілікке қажетті заттардың барлығын дерлік аталмыш тайпалар өздері жасаған.

1-тапсырма: «Картамен жұмыс»

Картаға мемлекеттерді дұрыс орналастыр.

2-тапсырма:жасыру

Берілген деректерге сүйене отырып тайпаларды анықта.
1. Орхон өзені, Ертістің жоғарғы ағысы мен Алтай тауларын мекендеген тайпа.

2. Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзенінің жоғарғы жағы мен Селенгі өзенін мекендеген тайпа.

3. Солтүстік Моңғолиядағы Орхон, Селенгі және Керулен өзендерінің сағасын мекендеген тайпа.

4. Алтай, Ертіс маңын қоныстанған тайпа.

5. Наркеш Дайын хандық құрған тайпа.

6. Жамұқа хандық құрған тайпа.

7. Тоғрұл хандық құрған тайпа.

8. Жетісу жерін қоныстанған тайпа.

3-тапсырма: «Тарихи диктант»
жасыру

Бос орындарға тиісті сөздерді орналастыр.
1. Моңғол тайпаларының билеушісі Темучин ...................ішкі талас-тартысын, саяси дағдарысын пайдалана отырып......................... оларды біржолата жеңіп, өзіне бағындырады.

2. Біртіндеп күшейе бастаған ........................... жерін басып алуды көздеген Темучин  ....................шабуыл жасап, оларды бағындырады.

3. Жамұқа ........................... Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан» жариялады. Бұл жағдайды естіген Темучин Жамұқаны жеңіп,  ...................................қол астына қаратқан.