Файл: Трбие сааты ыса мерзімді жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді____________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты Қысқа мерзімді жоспары

«Оқушының құқықтары мен міндеттері»





Күні

19.12.2022

Сынып жетекші

Байтілеуова С.Ә

Сынып 10«Ә»

Қатысушылр саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

«Оқушының құқықтары мен міндеттері»


Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту, оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Құндылықтарды дарыту

Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға,

адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

Интерактивті тақта,слайд

Үлестірмелі материалдар

плакаттар (тақырыпқа байланысты)

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендттер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды  мынандай сұрақпен бастағым келіп отыр:

— Балалар  «Есім алуға» құқықтарың бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

«Есім» ойынын ойнайық. Қазір біз әрқайсымыз тізбек бойынша өз есімімізге сын есім қосып айтайық.Яғни сын есім де, есім де бірдей әріптен басталуы қажет. Мысалы: Намысты-Нұргүлмін.

Ал жақсы,сендердің есімдерің бар және таныстырып шықтық,сендердің есімдерің солай аталатынын енді қалай дәлелдейсіңдер?

Дұрыс, балалар!

Туу туралы куәлік – бұл сендердің алғашқы құжаттарың. Ал онда тағы не туралы жазылған? Кім біледі?

Онда,сендер Қазақстан Республикасының азаматы екендерің жазылған.

Яғни, адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады екен. Ол дегеніміз әрқайсымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді.

Ендеше, бүгінгі біз сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?

Дұрыс айтасыңдар,біздің бүгінгі тақырыбымыз «Менің құқықтарым мен міндеттерім» деп аталады.

Балалардың құқықтары қайда жазылған? Оны кім бекітеді? Ендеше сендерге қысқаша айтып өтейін.

 Шағын – дәріс «Сендердің құқықтарың туралы Конвенция»

   20 қараша – бұл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні. Бұл күні « Балалар

құқығы» туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған.

Барлық дүние жүзіндегі балалардың құқықтары арнайы «Балалар құқығы туралы»

Конвенцияда жазылған.Бұл құжат 1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-да қабылданды.Бұл

ұйым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс

миллиондаған адамдардың өмірін қиды,яғни,олардың өмір сүру құқығын шектеді.Сол

себепті осындай соғыстардың болдырмау мақсатында  барлық  дүниежүзіндегі

халықтар БҰҰ-на бірікті.

   Өкінішке орай, дүние жүзінде  әлі де қауіп-қатерлер  жиі болып тұрады.Мысалы: соғыстар,терактілер,қылмыстар,апаттар,аштық,аурулар…Тіпті үлкен, мықты  адамдардың өзі  осындай қатерлерге қарсы тұра алмай жатады. Сондықтан ең қорғансыз болып табылатын балалар.Олар тіпті күнделікті өмірде үлкендердің  қолдауы мен қарауын   қажет етеді.Сол себепті балаларды қорғау үшін «Балаларды қорғау туралы» Конвенция қабылданды.   Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.  Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды. Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4Сұрақтарға жауап береді

Сауалнамаға оқушылар топтасып жауап береді


Мадақтау

Интерактивті тақта,слайд-1