Файл: Блім 2в ауа. Жану реакциясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

7.2В Ауа. Жану реакциясы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жану үдерісі. Оксидтер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.4 -затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу

7.3.1.5 -тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру


Сабақтың мақсаты:

Затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін біледі.

Тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіреді.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Топтастыру.










Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.


Ауаның құрамы қандай?

Ауа құрамындағы газдардың үлесі қандай?

ҚБ

Мұғалім кері байланысы.

презентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

16 мин.

Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін бейне сабақ көретіледі.

ЕББҚ тапсырмасы:
Біз жасалған тәжірибеден кез келген зат ..... қарағанда таза ...... жақсы жанатынын байқадық. Оттегі ........ қолдайды. Жай заттар жанған кезде ........... заттар түзіледі.

Кілт сөздер: ауа, таза оттегі, жану, күрделі.


Оқушылар оқулықтағы мәтін мен бейне ролик көру арқылы жану реакциясын және оксидтерді сипаттайды.


Дескриптор

− күкіртті, натрийді оттекте және ауада жағып, байқалған құбылыс туралы қорытынды жасайды-1б

− заттарды оттекте жағу неліктен белсенді жүретінін түсіндіреді-1б

− реакция өнімдерін атайды-1б

+/- әдісі
Әр дұрыс жауап 1 балл.

ДК экраны

https://www.youtube.com/watch?v=tygKiGImuSo
7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Қима қағаздар

Жеке жұмыс 5 мин

Заттар қарқынды жанады (ауада немесе оттекте)


Төмендегі жану суретін салыстырыңыз


Ауада оттекте

жану


Дескриптор:

Жалпы-2 балл

Жанудың жарқырап жануына байланысты анықтайд

Екі суретті салыстырып айырмашылықты сәйкестендіреді.


ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Жеке жұмыс 5 мин

Ұсынылған заттарды жану қабілетіне байланысты жанғыш, тұтанғыш, жанбайтын деп үш топқа бөліңіз:

Шырпы, мүсәтір спирті, темір, тас, антистатикалық сұйықтық, қағаз.


Тез тұтанатын заттар

Жанғыш заттар

Жанбайтын заттар




















Дескриптор

Жалпы -4 балл

-Тез тұтанатын заттарды анықтайды;

-Жанғыш заттарды анықтайды;

-Жанбайтын заттарды анықтайды;

-Тез тұтанатын заттарға екі мысал келтіреді;

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.