Файл: Трі пікірлесу атысушылар 711 сынып лдары мен келері. ту барысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырыбы: «Әке –алтын діңгек»

Мақсаты:

Мектеп пен әкенің арасындағы қарым-қатынасты, ата-анаға деген құрмет сезімін нығайту;

Әкенің бала тәрбиесіне, оның біліміне, тәртібіне ықпал етуіне көмектесу, ата-ана белсенділігін

арттыру.

Түрі: пікірлесу

Қатысушылар: 7-11 сынып ұлдары мен әкелері.

Өту барысы:

1.Кіріспе сөз.

Армысыздар құрметті әкелер!

Әке – асқар тау,

Ана етегіндегі бұлақ,

Бала- жағасындағы құрақ,-

деген мақал өмір шындығы екені анық. Олай болса, тәрбиенің ең мәндісі, ең маңыздысы отбасынан басталуы тиіс. Отбасындағы шаңырақтың тірегі – әке. Отбасының қамқоры, басқарушысы, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды. Әке ер баланың –досы әрі ақылшысы, қыз баланың қамқоршысы. Сонымен, баланы баулу, тәрбиелеу- әке мойнына жүктелген парыз. Бүгін мектебімізде өткізіліп отырған «Әке –алтын діңгек» атты ұлдардың әкелерімен кездесу сағатына қош келдіңіздер.

2. «Егер мен сиқыршы болсам....»

Мақсаты: Бала – отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болып, үлгі өнеге алу.

«Егер мен сиқыршы болсам...» балалары жауап береді.

-Барлық жағдайды жасар едім, ұзақ өмір тілер едім, татулық орнатар едім, бақыт әкелер едім, денсаулықтарын жақсартар едім, мәңгі өмір сүретін етер едім, бар жағдайын жасар едім, әкемді жақсы жұмысқа орналастырар едім, үй салар едім, әкемді жасартар едім, т,б

Өздеріңіз көріп отырғандай, балалардың әртүрлі жағдайда болғаны, жанұядағы мәселелер, тұрмыстық жағдай т.б соның бәрі оқушының ішкі жан дүниесін түсінуге көмектеседі. Ашып айтсақ, балаға өмірде кім, не қымбат, кімді қалай, қаншалықты сүйетіні, бағалайтыны туралы ойларын білдік.

Алдымен, баланың сиқыршы болғандағы армандары тек қана жанұясына қатысты екенін көруге болады.

3. Ұл бала тәрбиесі туралы.

Ұл бала- қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың отын тұтатушы,ұрпақты жалғастырушы.

Ер бала ата-анасына, іні-аға, қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады. Бабаларымыз «Қызың өссе, қызы өскен ауылмен, ұлың өссе, ұлы өскен ауылмен көрші бол» деп өсиет айтқан.

Жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл,жеріне туған халқына, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген.

Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ, сондықтан қай ата-ана болмасын, баласының білімді, әдепті болуын армандайтынын білеміз. Ал бар тәрбиенің көзі- ата-бабаларымыздан қалған асыл да дана сөздер.


Бала тәрбиесіне көңіл бөлетін әрбір ата-ана, ата-бабаларымыздың асыл сөздеріне терең мән берген.

4. тапсырма

Әкелерге тест. «Бала тәрбиесі»

Әр дәуір кезеңінде ата-ана балаға тәлім – тәрбие берумен бірге, олардың бойында ақыл, қайрат, білім, тағлым алуға үнемі көңіл аударып, жеке мән беріп отырған.

Құрметті әкелер, назарларыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс –тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата-ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай?

Әрбір сұрақтан кейін сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес жауап нұсқаларын белгілеңіз. Іске сәт!

1.Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі жыртылып, немесе бетаузы көгеріп келді. Сіз:

А) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз.

Ә) балаңызға көмек бересіз, біраз бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта –қайта айтып, балаға ұрсасыз,

Б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешуі керек.
2.Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:

А)олардың ата-аналарымен сөйлесесіз

Ә)балаларды үйге шақырып, оларға ықпал жасауға тырысасыз;

Б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.

3.Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:

А)еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білу тиіс деп ойлаймын

Ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтындығыңызды айтасыз

Б) балаңызды жеңілуді ұнату үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз

4.балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйықтауы керек болсада жатқысы келмейді.Сіз:

А)оған ұйқының маңыздылығын түсіндіремін

Ә)қалаған уақытта жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертен белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз.

Б)ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз.

5.Балаңыз қатысты болсын-болмасын күнін таңертеннен кешке дейін теледидар қараумен өткізеді. Сіз:

а)ол үшін кейбір бағдарламаларды таңдап, тек соларды қарауын талап етесіз.

ә)теледидар қарау үшін белгілі уақыт бөлесіз, бірақ не қарасада бала өзі таңдацды.

б)теледидарды өшіріп тастаймын

6.Балаңыз жеткілікті дәрежеде дөкір, сөзге әуес делік. Тіпті мұндай құлқымен айналасындағы адамдардың мазасын алады.Сіз:

а)оған мұндай мінез құлықтың жақсы болмағандығын түсіндіріп, дөкір болмау керек екенін айтасыз



ә)дөкір іс-әрекет жасауына тйым салып, бұзақылығына жаза бересіз.

б)жақсы іс-әрекеттерін қайталау үшін мақтап, мәпелейсіз

7.Балаңыздың жасы әлі кішкентай болса да қыздарға –ұлдарға қырындауын бастаған. Сіз:

а).еш нәрсені қозғамай, болған күйінде тастайсыз

ә) мұның тек балалық махаббат болғандығын ойлап, қарсы шығасыз

б)балаңызға махаббат түсінігін айқындап түсіндіріп, әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынастардың қандай болу керек екендігін жақсылап түсіндіріп бересіз.

8.Басқа балалар сіздің балаңыздың артынан қалмайды: оны мазақтайды, ұрады т,б. Сіз:

а)балаңызға қарсылық беру жолдарын үйретесіз

ә) бұл балалардың ата-аналарымен кездесіп сөйлесесіз

б)балаңыздың мұндай балалармен кездеспеуі үшін мүмкіндік жасайсыз.

9.Сіз ұлкен ұлыңызға/қызыңызға бүкіл мүмкіндіктерді жасайсыз. Бірақ ол соған қарамастан еш нәрсенің қадірін білмей, кішкентай бауырларына ұрысып айқайлайды.Сіз:

а) оны ақылды болуға, саналы әрекет жасауға шақырасыз, бірақ бұның бәрін кішкентай бауырларының да естуін қамтамасыз етесіз.

ә)балаңызға одан әрі көп көңіл бөлуге тырысасыз

б)тіпті араласпайсыз

10. Егер балаңыз дөрекі іс-әрекет жасап, басқаларды түсінбей, бөтен балаларға тиіссе. Сіз:

а)өзінің қатесін түсіну үшін оған қарсы тап солай әрекет етуге бастайсыз.

ә) оған көбірек көңіл аударып,проблемаларын түсінуге тырысасыз

б)күш пен зорлықты тақырып еткен киноларды қарауына тыйым саламын.

Сауалнама бойынша сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес жауап нұсқаларын мына кесте арқылы бағалаңыз. Ұпай сандарын қосып, сауалнама қорытындысына назар аударыңыз.

Ұпайлар:

ұпайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

3

2

0

3

3

5

3

5

5

0

Ә

0

5

3

5

5

0

0

3

3

5

Б

5

0

5

0

0

3

5

0

1

2



0-18 ұпай аралығында: Сіз балаңызды өзіңізді өміріңізге, тұрмыс жағдайыңызға қарай «көзіңізді жұмып» тәрбиелейсіз. Оның жаңа өскелең ұрпақ өкілі екенін ескермейсіз. Сіздің ойыңызша, тұйық болу және үлкендерді сыйлау адам үшін ең әдемі және әдепті ерекшеліктер. Бірақ сіз үшінші мыңжылдықта адамдардың өздеріне деген сенімінің, шығармашыл ерекшеліктерінің және өзінше іс-әрекет жасауының маңызды болатындығын ұмытып кеткенсіз, сіздің балаңызға бұл ерекшеліктер керек болады, бірақ сіз балаңызды оларды жетілдіруге тырыспайсыз, өмірдің өзгергендігін және алға кетіп бара жатқанын көргіңіз келмейді.

19-35 ұпай аралығы: Сіз балаңыздың келешекте қандай жағдайда өмір сүретіндігін ойламаған болсаңыз керек. Алайда, сіздің дұрыс жасайтын жақтарыңызды да айта кетсек артық болмайды: сіз бүгінгі өмірге сай әрекет етіп, бала тәрбиесінде қалыптасып кеткен тәсілдердің орнына қазіргі тәсілдерді қолдануға тырысасыз, баланың өз мәселелерін өзінің ойлауы керек болғанын ең дұрыс шешім деп табасыз, балаңыздың еркін іс-әрекет жасауына рұқсат бересіз, оның беделіне нұқсан келтірудің керегі жоқ деп ойлайсыз. Бірақ мұның бәріне қарамастан, балаңыздың өмірге әзір екендігін айту қиын. Сіз онда ойлау еркіндігін, өзіне сенім сезімін жеткілікті түрде жетілдірмейсіз. Сіз балаңыздың әр нәрседе тек қана сізді тыңдауын қаламасаңыз да оның өз ойларына жеткілікті түрде сенбейтініңізді айтуға болады.

36-50 ұпай аралығында: Сіз балаңыздың әділет және мейірімділіктің басым болатын, менменшілдіктің сыналатын, ақыл, еркін, ой, сананың сыйлы болатын бір қоғамда өмір сүретіндігіне шын жүректен сенеді екенсіз. Бұны жақсылап ойлап қараңыз.

Ойлайды әрқашанда бала қамын

Көремін аялаған алақанын

Әкемнен алған асыл қасиетті,

Елімнің керегіне жаратамын.

5.тапсырма «Сезім кітабы» деп аталады.

Жауқазын гүліне немесе эмоцияналдық бейнеге өз балаларын қалай жақсы көретінін жазу.

(әкелерге тапсырма)

6. тапсырма «Екеуміз біргеміз»

Баламен ата-ана бірлесіп қандай жұмыс, не жасай алатындарын жазады.

Мыс: бірге сурет саламыз, бірге ән айтамыз т,б

Әкеден артық орман жоқ,

Әкеден артық қорған жоқ.

Әкеден артық дана жоқ,

Әкеден артық пана жоқ.

7.тапсырма. Өз әкелері туралы ұлдар ой толғау. (Ой толғау орталығы)

- Оқушылар өз әкелерің туралы ой толғауларыңызды парақ бетіне жазсаңыздар.

8. Қызықты сұрақтар

1. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?


2. Сабақ беретін мұғалімдерін атаңыз?

3. Балаңыздың аяқ киім размері?

4 .Парталас көршісі кім?

5.Ең сүйікті тағамы қандай?

6.Ұнататын түсі қандай?

7.Қандай пәнді сүйіп оқиды?

8.Сүйіп қарайтын бағдарламасы?

9.Қызығушылықпен жасайтын жұмысы

10.Болашақ мамандығын таңдай алды ма?

11.Балаңыздың арманы?

12.Достары кім?

9.Ата-анаға жадынама

Баланы қалай оятасыз, оның сол күнгі психологиялық бейімделуі соған байланысты екенін ұмытпаңыз. Әркімнің түнгі демалысқа қажетті уақыты әртүрлі болып келеді. Тек көрсеткіші біреу ғана: баланың ұйқысы қанып, сіз оятқан кезде жеңіл оянуы тиіс.

Баланы мектептен қарсы алуды үйреніңіз. Бірден «Бүгін қандай баға алдың?» деп бастамау керек. Одан да «Бүгін немен айналыстыңдар?» «Мектептің жағдайы қалай?»деген сияқты бейтарап сұрақтардан бастаңыз.

Баланың табысына қуаныңыз. Уақытша сәтсіздіктеріне ашу шақырмаңыз.

Баланың өмірінде болған оқиғалар жайындағы әңгімесін төзімділікпен көңіл қоя тындаңыз.

Бала өзін жақсы көретінін сезінуі тиіс. Онымен қарым-қатынаста дауыс көтеру, зілдене сөйлеуді алып тастап, отбасында қуаныш, сүйіспеншілік және құрмет тұту ахуалын тудырыңыз.

Баланы үлкен отбасылық жұмыстарға қатыстырыңыз және бастаған ісін аяғына жеткізуіне үйретіңіз.

Отбасының әрбір мүшесінің, оның ішінде баланың да үйдегі өз қатарының қызметі болу керек.
10.Тренинг «Мен ұлымды мақтаныш тұтамын» (әкелер ұлдарына тілек)

11.Қорытындылау.

Бала тәрбиелеуде отбасының екі тірегі әке мен ана басты тәрбиешілер, сол әлпештеген әке, аялаған ана. Біз ұстанатын басты ереже тәрбиешілердің өзі тәрбиелі болу керек. Әкеге баласы имандылығын, тазалығын,ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол әкесінің қуанышы, бақыты. Бала тәрбиесі, ең алдымен, отбасындағы ата-ананың ықпалымен жүзеге асып, қоғамдық тәрбиемен ұштасып отырады. «Әке ер, ана жігер, бір үйде екі кеменгер» деген сөз тегін айтылмаса керек. Өз баласын адам болсын қатарынан қалмасын демейтін ата-ана жоқ шығар сірә.

Ата-аналарға арнап жазылған М.Әлімбаевтың «Ата-ананың арманы»

Қипақтайды қит етсе анаң-әкең

Қайтсем ғана осыны адам етем

Басқалардың осындай балалары

Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен

Ойын емес оллаһи біздікінің

Енжарлығы – елде жоқ ала бөтен

Туа салып тұлпардың жалын тартқан

Қырғиларға қызығып қарап өтем

Жарық сыйлап маңына, жылу сыйлап

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?