Файл: Кмм 14 негізгі орта мектеп Таырыбы кекргеножонар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

КММ №14 негізгі орта мектеп

Тақырыбы:
«Әкекөргеноқжонар,

шешекөрген тон пішер»
(отбасылық сайыс)


Сыныбы: 8-9

Сынып жетекшісі:Тилек Бердибек

Тақырыбы: Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

 

Мақсаты:1. Балаларды болашақ отбасылық өмірге дайындау, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту. Отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылығын , құрметін арттыру.

Сабақтың түрі:сыныптан тыс отбасылық сайыс

Пән аралық байланыс:қазақ тілі, қазақ әдебиеті,өнер, еңбек,музыка, информатика, бейнелеу өнері.

Сахнаның безендірілуі:«Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» тақырыбында қабырға газеттері, слайд, техникалық жабдық,мультимедиалық тақта,проэктор.
Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің сөзі:

Сәлеметсіздер ме? Құрметті ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар ! «Адам баласымен сымбатты,ұрпағымен қымбатты» дегендей жас ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау әр ұстаздың,ата-ананың міндеті.Тәрбиенің кілті –отбасына,өмір тіршілігіне тікелей байланысты.Отбасы адам баласының өсіп-өнетін,қаз тұрып қанат қағатын ұясы. Ағартушы педагогымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың «Әрбір оқушыны пайдалы әдетке үйрету үшін оларды сабақтан тыс уақытта бақылау» деген идеясы да қазіргі заман қажеттілігін ашып тұрғандай. Бүгін біз, 6 «Б» сынып оқушылары ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Әке көрген оқ жонар,шеше корген тон пішер» атты отбасылық сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: ӘКЕ,АНА. Осы бір сөздердің ішінде қаншама ұлылық жатыр десеңізші?! Әкесі,шешесі қасында жүріп тәрбиесін көрмей немесе әкенің отбасындағы орнын түсінбей жүргендер қаншама десеңізші.Ең бір қасиеттісі біздің қазақ халқында әкеге деген құрмет сонау ертеден қалыптасқан халықпыз.Әкеге қарсы келмеу.Әкенің алдында жаман қылықтар көрсетпеу, отбасында әкенің орнын құрметтеп отыру қанымызға сіңген халықпыз. Десек те әке де бала тәрбиесінен қол үзбеуді үнемі естен шығарған емес.Қазақтың ұлы ғалымы Шоқанды әкесі үнемі қасына ертіп жүріп, төрелікті дұрыс жасау,дауды даналықпен, ақылмен шешуге баулыған. Дегенмен Абай Құнанбаев әкесінің қара халыққа деген қатал көзқарасын ұнатпаған.Сөйтті де әкесі ұсынған билікке өз орнына бауырларын жіберіп отырған. Сөйте тұра әкесінің алдына барып сенің мұның дұрыс емес деп айтпаған..Ал Абайдың өз баласы Әбішті кедейлерге , жоқ - жітікке қамқор бола білуге тәрбиеледі. Осындай үлгі болар әкелер ортамыздан табылсын дегіміз келеді.


2-жүргізуші:Ал, ана. Ана деген 3 әріпті құдіретті сөзге тең келер жер бетінде ештеме жоқ десек артық айтпаған болар едік. Қазақ аналарын пір тұтып, анасын құрметеуден еш таймаған халық. Сонау Ұмай анамыздан бастап Домалақ ана, Зере ана, Ұлжан ана, Дінасыл аналарға тоқталар болсақ, бүгінгі бір сағатымыз жетпейді. Бірі, бүткіл халықтың анасы болса, енді бірінің тәрбиелеген баласы халықтікі. Олай болса көп сөйлеп созбай, әдептен озбай бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған отбасылармен таныс болыңыздар.

Қалыбай отбасы - «Қызғалдақ» тобы

Рахым отбасы - « Бақытты жанұя » тобы

Жұмахан отбасы - «Тұлпар» тобы

Мұхаметқали отбасы - «Шебер» тобы

1-жүргізуші:

Ендігі кезекте отбасылардың әділ бағасын берер деген үмітпен қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

№139 мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлы

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мангутов Бақтыбай Мұсаұлы

  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәңірберген Мөлдір Жарқынбекқызы

  3. Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Мұқатаева Назикен Нұрланқызы

  4. Филология кафедрасының меңгерушісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жусупова Жанар Алибековна

1-жүргізуші:

Бакытты бол өмірде асыл ана,
Осы күнге жеткізген сен ғой дана
Әлпештедің аяладың күндіз-түні,
Шын журектен бакытты бол асыл ана,- дей отырып келесі кезекті

2-жүргізуші:_Сайыстың_шарттары'>2 сынып оқушыларының орындауында «Каббой биін» тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Сайыстың шарттары

1.Әр топ (оқушы әкесі немесе анасы)

А) Өздерін таныстыру

Ә)топтың аты,эмблемасы,ұраны

Б)Қабырға газеттерін қорғау

2.Көне салтты білесің бе? (сұрақ-жауап)

3.Өз өнерін көрсету

4.Қонақжай қазақ (ас мәзірі)

5.Мақал-мәтелдер сайысы (отбасы, білім, отан,еңбек, өнер, тәрбие)

6.Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер (қол өнер)

7. Ситуациялық жағдай

8.Отбасындағы дәстүр
1-жүргізуші:

І айналым : «Таныстыру

2-жүргізуші:



ІІ айналым Көне салтты білесің бе? (сұрақ-жауап)

1-жүргізуші:ІІІ айналым

Елі бар бақ жұлдызы жанып тұрған

Жері бар жаралғандай жарық нұрдан

Ер халқым,көтерілші өн бойына

Ғаламды таңырқатсын алып тұлғаң,-дей отырып әр отбасының өнерлерін тамашалайық

2-жүргізуші:

4- айналым Қонақжай қазақ (Ас мәзірі)

Өнері өрге жүзер талаптының

Талабы талмай ұшар қанаттының

Әлди әуен әлемі өнер оты,

Шарпып өтсін лебімен қанаттының,-дей отырып келесі кезекті

Оралбаева Нұрсаяның орындауындағы әке туралы әнінтамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты,-дей отырып келесі кезекті 5-айналым

«Мақал – мәтелдер » сайысына береміз.
2-жүргізуші:

6 айналым. Қол өнер

Келесі кезекті «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» сайысына береміз.

Тапсырма бойынша әкесі мен анасынан үйренген қол өнерлерін таныстырады.

1-жүргізуші:

7- айналым. «Ситуациялық жағдай»

А)Балаңыздың дұрыс емес ортада жүргенін байқап қалдыңыз.Осындай жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?

Ә)Балаңызды мектепте сабақтың соңынан алып қалды.Сағатқа қарасаңыз баланың келетін уақытынан көп асып кеткенін байқадыңыз.Шыдамсыздана тосып жүрсіз.Тіпті шыдай алмай далаға шығып мектеп жаққа да бір-екі рет қарап қойдыңыз. Тым кешікті. ... Сіздің әрекетіңіз?

Б)Қызыңыз «Сыныпта қыздар мені бөліп тастады,менімен ешкім ойнамай қойды,... .» т.т. көптеген сөздер айтып үйге жылап келді. Сіздің әрекетіңіз?

В)Сіздің балаңыз сабаққа себепсіз бір апта бойы келмеген,Бірақ үйден сабаққа кеттім деп кетеді.Аптаның соңында сынып жетекшісі осы оқиға туралы хабарлады.Сіздің іс-әрекетіңіз.

2-жүргізуші:

Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп –

дегендей ең соңғы 8 «Отбасындағы дәстүр» атты айналымға да келіп жеттік.
Қазылар алқасының шешімі дайын болғанша6 сынып оқушыларының орындауында «Қазақ биін» биінтамашалаңыздар.


Қазылар алқасының шешімін тыңдап, марапаттау.

Сайысқа қатысушы отбасылардың қорытындысын айту үшін келесі сөзді мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлына береміз.

Қорытынды (мұғалім)

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмегендерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік. Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Сол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.
2-жүргізуші:

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.
1-жүргізуші:

Ата-ана болса өрнекті,

Ұл мен қыз өсер көрнекті.

Әуезов Мұхаң айтқандай:

Түзейік бесік-жөргекті.
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 6 «Б» сынып оқушыларының «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» атты отбасылық сайысы осымен аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

А)Балаңыздың дұрыс емес ортада жүргенін байқап қалдыңыз.Осындай жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?

Ә)Балаңызды мектепте сабақтың соңынан алып қалды.Сағатқа қарасаңыз баланың келетін уақытынан көп асып кеткенін байқадыңыз.Шыдамсыздана тосып жүрсіз.Тіпті шыдай алмай далаға шығып мектеп жаққа да бір-екі рет қарап қойдыңыз. Тым кешікті. ... Сіздің әрекетіңіз?

Б)Қызыңыз «Сыныпта қыздар мені бөліп тастады,менімен ешкім ойнамай қойды,... .» . көптеген сөздер айтып үйге жылап келді. Сіздің әрекетіңіз?

В)Сіздің балаңыз сабаққа себепсіз бір апта бойы келмеген,Бірақ үйден сабаққа кеттім деп кетеді.Аптаның соңында сынып жетекшісі осы оқиға туралы хабарлады.Сіздің іс-әрекетіңіз.