Файл: Сонымен атар марапат (награда) ретінде де лес берілетін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дәріс № ХХ-XVII ғғ. Корея

XV ғасырда елде орын алған феодалдық өзара қырқысулар Х ғасырдың басында тыйлып,жарты аралда мемлекеттік бірлік орнай бастады. Үш мемлекетті біріктіруді 918 жылы « Екінші Когуреде» өз билігін орнатқан әскер басшысы Ван Гон қолға алды. 935 жылы ол Силланы, 936 жылы «Екінші Пэкчені» бағындырып алады. Қайтадан бірігіп, қалпына келген мемлекет «Корё» деп аталды. Осы атымен қазір аталады. Оның астанасы Сонго /қазіргі Кэсон/ қаласы болды. ВанГон шаруаларға арқа сүйей отырып, тыбысқа жетті. Ол жаңа жерді басып алысымен ондағы шаруаларды бұрынғы қарыздаранан босатып, салық мөлшерін уақытша азайтты. Корёнің жер жүйесі негізінен тандық жүйеге еліктеді. Жер барлық адамдарға берілді. Әркім қызметіне қарай үлесалып отырды. Ол чонсиква деп аталады. Жердің иесі өлген соң ол мемлекетке қайтарылып отырды. Солдаттар үлесті 20 жасқа толған соң алатын, 60 жасқа толған соң қайтырып беретін. Егер баласы немесе басқа туысы оның қызметін жалғастырса, үлес қала беретін. Баласы жоқ аджамдар 70 жастан кейін зейнеткерлік үлес алатын. Ол «кубунчжон» деп алады. Бала сы жоқ солдат соғыста қаза тапса, зейнеткерлік үлесті онгың әйелі алатын.

Сонымен қатар марапат (награда) ретінде де үлес берілетін.

Ол үлес «конымчжонси» деп аталады. 16 жаста кәмелетке толған деп саналды, ал60 жаста зейнеткер деп жумыстан босатылды. Зейнеткерлер салықтардан да босатылатын. Үлес иелері әрбір кёлден (

1 га) бір сок (160 кг.) салық төледі. Жалпы салық мөлшері табыстың 1/10-інен аспады.

Бір орталыққа бағынған мемлекет құрылғанымен бұрынғы жеке мемлеке,т басшыл ары, олардың жақтастары қайтадан бөліну үшін күресіп бақты. Корё үкіметі өзінің сыртқы саясатында Қытайдағы Сун империясына бағыт ұстады. Қытаймен одақтасу кидандар қаупіне байланысты болды. Кидандар Корёнің ішкі талас-тартысын пайдаланып, оны басып алуғатырысты. 993 ж. Кореяға кидандар шабуылы басталды. Бірақ олар тойтарыс тауып, кейін қайтты. 1009 ж. Корё өкіметінің басшысы Ван Мок Чонды әскерлер тақтан түсірді. 1010 ж. Кидандар әскері Амноккан (Ялуцзян) өзінен өтіп, Көреге басып кірді. 1011 ж. Қаңтарда олар Корё астанасы Кэгёнді (Кэсон) басып алып, талқандады, таржға салды. 1011 жылғы 28 қантардағы шайқаста Корё әскерінің басшысы Ян Гю қаза тапты. Бірақ кәріс халқы шет елдік басқыншылырға қарсы аянбай күрес жүргізді. Үш айдан кейін Кан Гам Чхан баскарган кәріс әскері кидандарды шегінуге мәжбур етті. 1013-1014 жж. киданадр Тончжо мен Хынхвачжин аудандарында Кореге екі рет басып кірді. Бірақ сәтсіздікке ұшырап, кейін қуылды 1014 ж. Көреге өкімет билигін әскерилер басып алады. Хынчапвшиндегі аудандарында шайқастан кейінолар .Коредегі өкімет билігін әскерилер басып алды. Хынхвачжиндегі шайқастан кейін олар Кэгенде бет алды. Бірақ біраз шайкастарда женіліс тапкан сон кейін шегіне бастады. 1019 ж. каңтарда Коре эскері кидандарды Куджда тасталқан етіп жеңді. Кидандармен бітім шарты жасалды. Амноккан (Ялуцзы) өзені осы кезден бастап Кореяның шекарасы болып белгіленді.


Көренің гүлденүі Мунджон (1047-1082) корольдің билігі кезінде басталды. Бұл кезде өте тиімді әкімшілік жүйесі құрылды. Ол жүйе 2,5 ғасыр өмір сүрді.бұл орталықтандырылған өкімет билігінің күшеюі, мемлекеттің жерге меншігінің нығаю кезі болды. Сонымен қатар Х-ХІІ ғғ. ірі жекес меншіктік жер үлестерінін өсуімен сипатталады. Көптегенг ірі жер иелері өздерінің карулы күштерін ұстады. Осы кезде бекі ніс-қала Намген (қазіргі Сеул) салынды, Ол 1394 ж. Коренін астанасында айналды. Коренін бейкуат тыныштык ХІІ ғасырда қарай қайта бұзылды. Осы ғасырдың басында Кореге қытайдың солтүстік-шығысынмекендйтін тунгустык чжерджендер тайпасынын шапкыншылығы жиіледі. 1104 Чонпхен қамалындағы шайқаста кәрістер женілді. 1107 чжерджендер жаңа шабуыл басстап, катты тойтарыс алды. 1125 жз. Коре қытайдағы чжерджендердің Цзинь империясывна вассалдык тәуелділік мойындады. Бұл кезде Кореда будда шіркеуін ықпалы өсе түсті. Ол үкімет беделін інөсуіне көм екетесто. Бірак жеке феодалдар шіркеу иелігінің өсе түсуіне наразы болды. Шіркеу мен феодалдар арасындағы қақтығцыстар елдің саяси-экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді. Әсіресе шаруалар үлкен күйз еліске сұшырады. Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды. 1126 ж. Ли Ча Гем басқарған Кэгендегі бүлік бұрқ ете түсті. Ли ча Гем (Ли Джагем) Инджон ванның қайын атасы болатың. Ол әскердегі биліктіжәне чиндер (қызмет) министрлігің өз қолында ұстаған. Алғаш Джагем жеңіске жетіп, Инджонды қамап қойды. Бірақ көп өтпей 1135 ж. Согенде будда монағы Ме Чхон басқарған бүлік шықты. Бұл кэгендік және сэгендік (солтүстіктің орталығы) ақсүйектер арасындағы билік үшін күрес еді. Ме Чхон басқарған феодалдар тобы елдің Солтүстік-Батыс облыстарының жеке мемлекетке бөлінгендігін жариялады. Бірақ көрнекті мемлекет қайраткері Ким Бусик басқарған өкімет әскері 1136 ж. көктемде Согендіштурмен алып, бүлікті басты. Бұл мемлекетті нығайтуды жақтаушылардың жеңісі болды.

ХІІ ғасырдығң екінші жартысынла Қытай ықпалына қарсы күрес тоқтамады. 1170 ж. Ыйджон ванные билігіне наразы феодалдар тобы төңкеріс жасап, билікті басып алды. Чон Джунбу бастаған дінбасылары таққа құлатылған ванның інісі Мендж онды отырғызды. Іс жүзінде өкімет билігі әскерилердің қолында қалды. Феодалдар арасындағы феодалдар мен шіркеу арасындағы қақтығыстар елдің саяси-экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді.

Әсіресе шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады.

Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды. Көтерілістер 1162, 1166 жылдары болды. Ал 1176 ж. нағыз шаруалар соғысы басталды. Оны Мани басқарды. Көтеріліске шыққандар негізінен нобилер мемлекеттік басыбайлы шаруалар болды. Олар елуге жуық қалаларды басып алды: 1177 ж. көтерілістің оңтүстіктегі негізгі ошақтарын басқаннан кейін көтерілістер солтүстік-батыс



аудандарға тарай бастады. Көтеріліс тек 1178 жылдың аяғында ғана толық ба-

сылды. Мани өлтірілді. Сонан кейін ірі көтерілістер Кёнсан провинциясында 1193-1194 жж. Ким Сами мен Хё Симнің басшылығымен болды. 1196 ж. іс жүзіндегі өкімет билігі Чхве Чхун Хэннің қолына көшті. Сөйтіп, 1258 жылғы моңғол жаулап алушылығына дейін елде екі әулеттің билігі қатар орнады. Осындай феодалдық озара қырқысулар Корёні әлсіретіп, оны басқа мелекеттердің жаулап алуын жеңілдетті. 1216 жылы Кидандар Кореяға қайта басып кірді. Корея королі Цой Чхун Хэн монғолдардан көмек сұрады. Монғол отрядтары 1218 жылы Кореяға кіріп, кидандарды қуып шықты. Корся моңғолдарға салық төлеп тұрудан бас тартқан соң 1231 жылы моңғол әскерлері жарты аралға басып кірді. Сылтау- Кореядағы моңғол елшісінің

өлімі болды. Моңғол ханы Кореяға Сартай басқарған әскер жіберді.

Корея королі мен үкімет басшысы Цой У астанадан қашып, Канхвадо

аралындағы камалға барып тығылды. Дегенмен моңғолдар Кореядан

салық алып тұрумен шектелді. Моңғолдар Кореяны толық басып

алу ойынан қайтқан жоқ. 1259 жылы Цой аулетінің үкімет басшысы өлтірілді,

Канхвадо аралындағы қамал талқандалды. Король мұрагері кепіл ретінде

Моңғолияда ұсталды. Кореяның королі өлген соң мұрагер еліне қайтып келіп, таққа отырды. Ол Кореяны Моңғолияның вассалы деп жариялады. Сөйтіп, Кореяда моңғолдар билігі орнады. Моңғолдар Кореяны Жапонияға қарсы соғыста өз базасына айналдырды. Бірақ бұл зорлыққа халық көнгісі келмеді. 1270 жылы моңғолдар өз елін қауіпсіздендіру мақсатымен Кондо аралығындағы қамалды жойып, оны қорғап тұрған әскерді таратуды талап етті. Бұл талап «үш корпус әскерлерінің» көтерілісін туғызды. Осы әскерлер

моңголдарға қарсы үш жыл бойы күресті. Оларға шаруалар да көмектесті. Бірақ король мен оның одақтасы 1273 жылы көтерілісті басты. 1274 128

1 жылдардағы Жапонияға сәтсіз жорықтардан кейін моңғолдар Кореяны оккупациялауын онан әрі жалғастырды. Олар «Шығыс жорығын басқару» мекемесін кұрды. Ол мекеме Корея үкіметінің үстінен қарайтын орган болды. Кореяның король үкіметі бұл мекеменің қолжаулығы болды Жүз жылдық моңғол езгісі Кореяның экономикасына айтарлықтай зиян келтірді. XIV ғасырдың ортасына қарай Кореяның жағдайы өте қиындап кетті. Шіркеу мен

феодалдардың, моңғолдардың езгісіне жапон шабуылдары қосылды. 1356 жылы жапондықтар Есонган өзеніндегі Кедон аралын басып алып, Корея астанасына қауіп төндірді. 1359 1360 жылдары Солтүстік Корея «Қызыл


бастылардың» талан-таражына үшырады. Елде тап күресі де шиеленісті. Кәріс

дворяндары шіркеудін, ақсүйек феодалдардың жерлерін тартып алуды, моңғолдарды қууды, үкімет билігін күшейтуді мақсат етті. Сондықтан олар

армия мен флотты күшейтуді,будда шіркеуінің жерін тартып алуды талап етті. Кореяның қала халқы – қолөнершілер мен көпестер дворяндарды қолдады. Бұл талаптарды король Конминнің /1352-1374/бірінші министрі Синдун ескерді, мүмкіндігінше қанағаттандыруға тырысты. 1356 жылы Синдун «Жер мен халық санын қайта қарау басқармасын» құрды. Ол ірі жер иеленушілер тарапынан катты наразылыққа ұшырап, корольге қарсы қастандық ұйымдастырды деген айыппен олім жазасына кесілді. 1356 жылы моңғолдардың негізгі күші Кореядан шықты, ал қалған гарнизондары 1359 жылы толық талқандалды. Кореядағы моңғолша жыл санау, қызмет баптары

жойылды. 1359 жылғы жеңісте ұйымдастырушылық қабілетімен срекше көзге

түсіп, жеңісті қамтамасыз еткен Ли Хван Чжо деген феодалга король он мың шаруалар отбасын сыйлап, әскердің қолбасшысы етіп тағайындады. Сөйтіп Ли әулетінің жұлдызы жанып, шарықтауы басталды. 1368 жылғы Қытайдағы моңғолдар билігінің құлауы Кореяға да әсер етті. 1369 жылы Корся королі Конмин ресми түрде ұлы ханның вассалы екенін мойындаудан бас тартты.

Патшалығының екінші кезеңінде король будда дінбасыларының серкесі Син

Удың ықпалына түсіп кетті. Бұл 1374 жылғы сарай төңкерісіне әкеліп соқты. Син У мен король олтірілді. Бұл төңкерістен кейін тақ үшін күрес 20 жылга созылды. Ақыры династия құлады. 1389 жылы «Жаңа партияның» басшысы, Ли Хван Чжоның баласы Ли Сон Ге таққа сол өкілі Коньянды отырғызды. Бірақ партияның партияның әскердегі офицер мүшелері 1392 жылы сарай төңкерісін жасап, Коньянды тақтан құлатты. Оның орнына Ли Сон Генің өзін

король деп жариялады. Ол мемлекеттің Корё деген атын Чосон деп өзгертті.

1396 жылы оның астанасы Ханьян /қазіргі Сеул/ қаласына көшірілді. Жаңа король Ли Сон Ге /1392-1398/ «жаңа партияның» талабына сай ақсуйек феодалдардың ірі жер иеліктерін конфискелеп, орташа және ұсақ иелікті дворяндарға таратып берді. Жаңа тәртіптің нығаюы, сонымен қатар жаңа династияның таққа түпкілікті бекуі династияның I-королі Ли Хван Вонның /Тхечжон/ атымен /1401-1419/ тығыз байланысты. Бұл король оте шебер саясатшы болды. Ол Қытай императорынан «Чосон королі» деген грамота

алды. Сондай істерімен Ли Хван Вон Кореяны Шығыс Азиядағы ірі

күштердің біріне айналдырды. Бұл корольдің тұсында басқару аппараты қайта құрылды. Алты палаталы орталық өкімет органы құрылды. Жоғарғы үкімет органы сегіз мүшесі бар Мемлекеттік Кеңес болып табылды. Ел сегіз провинцияға болінді. Оларды король тағайындайтын, тек корольге бағынатын уәкілдер басқарды. Провинциялар уездерге бөлінді. Қызметке орналасу


үшін «ғылыми дәреже» қажет болды. Ол ар-наулы емтиханнан өткен соң

берілді. Негізінен үш атақ болды. Ш төменгі дәреже жергілікті жерде, қалған екі жоғарғы дәреже – астанада берілді. Қызметтегі адам Янбан деп аталды.Бұл

сөз кейін дворяндардың атына айналып кетті. 1401 жылғы жарлық бойынша

будда монастырларының көп жері тартып алынды. Елдің ішіндегі жағдайды реттеу мақсатындағы шаралар бүкіл XV ғасыр бойы жүргізілді. Король Сечжонның /1419-1450/ тұсында бүкіл өңдеуге жарайтын жердің есебі алынып, жиналатын салық мөлшері анықталды. Ол жердің сапасына, судың

жақындығына қарай белгіленді. Жапониямен сауда жасау да реттелді. Сауда үш портарқылы жүргізілді. Олардың бастысы Цусима болды. 1420 жылы осы

порттың бастығы Жапония сауда кемелерінің қайсы портқа қанша рет қатынасатыны жөнінде келісім жасады. Кореяны әсіресе олардың солтүстік- шығысындағы көршілері чжурчжендер қатты мазалады. Онымен күрес көпке созылды. Тек 1449 жылы Корея Туманган өзені маңында Чжурчжендер жерін

басып алып, онда әскери гарнизонын орналастырды. Бірақ чжурчжендермен

тайталас XV ғасырдың екінші жартысында да онан әрі жалғасты. Ли әулетінің жетінші королі Сечжо /1456 -1470/ тұсында корей деревнясын қамтыған өзгерістер болды, ашаршылық бола қалған кезде қажет болатын егін сақтайтын қоғамдық қоймалар салынды, жер жыртуға, көшіп-қонуға керек

болатын ipi қара мал басын көбейтуге қолдаушылық көрсетілді; малды, жібек құртын бағып қағу жөніндегі басшылық нұсқау кеңестер жасалды. Ескі суару жүйесін жөндеп, жаңасын салуга көп мән берілді. Бұл шаралар слдің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосты. Өңделген жердің көлемі 1391 жылы 798 127 кёл болса, 1404 жылы 922 677 кёлге жетті. Бүл кезде қолонері мен сауда жақсы дамыды. Қолөнершілер мен саудагерлер еуропалық цехтар мен гильдиялар сияқты ұйымдарга бірікті. Ол ұйымдар үкіметтен қажетті тауарлар шығару монополияларына құқ алып отырды. Елдегі сауданың өсуінің куәсі жергілікті жәрмеңкелердің көбеюі болды. Кореяның жаңа астанасы Сеул XVI гасырдың басында халқының көптігі жағынан елдің ең ірі қаласына айналды. Ол халықтың басым көпшілігі қолөнершілер мен саудагерлер болды. Мәденисті. VIII-XII ғасырларда Кореяда қолданбалы қолонері елеулі табыстарға жетті. Кореямен көршілес барлық елдерде Силла

шеберлерінің нефриттен жасаған зергерлік бұйымдары жоғары бағаланды. Силла кезінен алтын білезік, тәж, семсер, сондай-ақ металдан жасалған белдіктер мен ертоқымдар сақталған. Әсіресе Кореядағы кітап шығару ісі срекше көңіл аударарлық болды. 991 жылы Сэген /қазіргі Пхеньян/ қаласында қолдан жасалған кітаптар шығаратын мекеме құрылды. Негізінен буддалық діни кітаптар мен тарихи жылнамалар басылып шығарылатын. 1022 жылдан ағаштан, 1232 жылдан металдан жасалған шрифтер қолданыла бастады. 1403 жылы соз құю қалыптары жасалды. Білім беру ісін кеңейту шаралары жүзеге асырылды. Ол істі қытайдың философия, саясат, экономика және тарих жөніндегі кітаптарынан рухтанған кәріс оқымыстылары конфуциандықтар