Файл: Сонымен атар марапат (награда) ретінде де лес берілетін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


басқарды. Мәдениеттің дамуына 1403 жылы жасалған «сөз құю» қалыптары зор үлес қосты. Корей халқының мәдени өміріндегі ең маңызды оқиға - онмун

/қарапайым халық жазуы/ деп аталған ұлттық алфавиттің жасалуы болды. Ол алфавит 1446 жылы ресмиқұжатта жарияланды.Үлттық алфавиттің жасалуына байланысты ағарту ісі қанат жайып, Ұлттық тілдегі әдебиет дамыды. Корольдің конфуциандық кеңесшілері қарапайым халық тіліндегі жазуды кеңінен қолдануға Қарсы болды. Сол себепті мемлекеттік құжаттар мен барлық саяси, экономикалық және философиялық әдебиеттің тілі ретінде қытай тілі қалып қойды. Астрономия мен календарлық есепке үлкен көңіл бөлі

нді. Жұлдыздардың орнын анықтайтын жаңа астраномиялық құралдар жасалды. Жаңа метеорологиялық аспаптар ойлап табылды. Жердің ылғалдылығын өлшейтін аспап барлық мекемелерде болуы керек деп міндеттелді. XV ғасырдың ортасында кәріс оқымыстылары «Нонса чиксоль» («Жер өңдеу кітабы») деген кітап жазды. 1451 ж. Ян Сон Джи басқалар Корёның тарихи және географиялық сипаттамасын жазып, картасын жасады. Медицина саласында да біраз табыстарға қол жетті. 1432 ж. «Хянъяк чипсонбан» (дәрі жасау) деген фармакопея құрастыру аяқталса, 1445 ж. «Ыйбан юхчви» деген медициналық энциклопедия баспадан шықты. ХIY ғасырдың аяғында Хансонда Кёнбоккун сарайы салынды. Кәріс музыкасының дамуына XV ғасырда өмір сүрген Пак Ен көп үлес қосты. Ол ең алғашқы музыка мектебін ашты.1493 ж. Сон Хён басқарған топ «Акхак квебом» («Музыка білімінің негіздері») деген кәріс музыкалық энциклопедиясын құрастырды. XIV-XV ғасырда «камёнгык» деген маскалар театры мен «инхёнгык» деген қуыршақтар театры құрылды. Сөйтіп, дамыған орта ғасырларда Корё мәдениеті ішкі - сыртқы қиыншылықтарға қарамастан елеулі табыстарға қол жеткізді.