Файл: Ататы адамдар Малімні атыжні Іззатова г кні 16. 02 Сынып 3б.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім:

Атақты адамдар

Мұғалімнің аты-жөні

Іззатова Г

Күні:

16.02

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Негізгі және туынды етістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу 3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: сөз таптарын ажыратып, сөйлемнен етістікті анықтайды.

Көптеген оқушылар: мәтіндегі сипаттама бойынша кейіпкерді анықтай алады.

Кейбір оқушылар: жерлес атақты ұстаздар туралы әңгімелей алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Жаңа оқу материалын жариялау «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді:

  • Етістік туралы не айта аласыңдар?

  • Етістіктің анықтамасын айтыңдар.

  • Етістіктің сұрақтары қандай?

  • Етістіктің түрлерін атаңдар.

  • Етістікке әр түріне бір-бір мысал келтіріңдер.

Ә) Оқу тапсырмасын тексеру.

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда атақты тұлғалар туралы ортақ тақырыпты бастап, етістікті анықтауға бағытталған тапсырмалар орындаймыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі. «Таңдау» әдісімен суреттер таңдатып топқа бөлу.

  1. Жаттығу жасайды.


Сұраққа жауап береді.

Топқа бірігеді.


«Бас бармақ» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.


Заттар суреті

Жаңа білім

10 мин

2 мин
Бекіту

20 мин

(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.

16-жаттығу.

Көп нүктенің орнына атақты тұлғалардың бірінің атын қойып, мәтінді оқыңдар.

- Мәтін кім туралы?

-Оның тұңғыш оқу құралы қалай аталады? Ол қандай оқулық? Ойларыңмен бөлісіңдер.

-Мәтіннен етістіктерді табыңдар. Олардың негізгі немесе туынды

етістік екенін айтыңдар.

-Сыныптастарыңа мәтін мазмұнын анықтауға арналған сұрақтар қойып, жауап беріңдер.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға: жерлес атақты ұстаздар туралы әңгімеле.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.

18-жаттығу.

Жаңылтпашты жатқа айтыңдар және жазыңдар.

Атам бақ аралады,

Ағам тал аралады.

Апам көл аралады,

Асыл ат тағалады.

-Қарамен жазылғандар қандай сөздер?

-Олардың мағынасын бір-біріңе түсіндіріп көріңдер.

Ж: синоним сөздер. Біріншісі бақша ішінде жүрді, екіншісі тал кесті деген мағына береді.

-Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.

Ж: ара-ла-ды, таға-ла-ды.

19-жаттығу.

-«Етістік» сөзінен баспалдақ жасаңдар. Осы әріптерден басталатын іс-әрекетті білдіретін сөздер ойлап, торкөзді толтырыңдар.

- Шыққан етістіктердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт.

-Туынды етістіктерді теріп жаз.

Тапсырманы орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Билеп сергиді.

Тапсырманы орындайды.

Мәтін құрастырып жазады.


Дескриптор:

- Ахметтің атын қойып, мәтінді оқиды-1балл.

-Ахметтің тұңғыш оқу құралын атайды-1балл.

Мәтіннен етістіктерді тауып, негізгі немесе туынды етістік түріне ажыратады-2балл.


Дескриптор:

- Жаңылтпашты жатқа айтады және жазады-2балл.

-Синоним сөздерді ажыратады, мағынасын бір-біріңе түсіндіреді-1балл.

-Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдайды-1балл.

-«Етістік» сөзінен баспалдақ жасап, сөзжұмбақты шешеді-2балл.

Оқулық, дәптер

Оқулық, дәптер



Кері байланыс

5 мин

Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.

Оқу тапсырмасы: 17-жаттығу.

Кері байланыс жасайды.

Оқу тапсырмасын жазып алады.

ҚБ қойылады.