Файл: ткізген Жарбол Балнр Тілектесызы Шаын орталы отан, туан жер,елхалы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өткізген: Жарбол Балнұр Тілектесқызы
Шағын орталық
ОТАН, ТУҒАН ЖЕР,ЕЛ-ХАЛЫҚ
ТУРАЛЫ
Жері байдың - елі бай.
Отан – қуат,
Отбасы – шуақ.
Есің барда елің тап.
Егемен елдің еңсесі биік.
Көп біріксе – ел болар,
Көп тілегі көл болар.
Өз елің – алтын бесік.
Ер- жалғыз,
Ел – көп.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
Елу жылда ел жаңа.
Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.
Өз елінің иті де қадірлі.
Туған жердің түтіні де тәтті.
Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.
Өз елім – өлең төсегім.
Сарала қаз көлін сағынар.
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
Ел қариясы – ел қазынасы.
ЕР, ЕРЛІК, БАТЫРЛЫҚ
ТУРАЛЫ
Ер жолдасы – тәуекел.
Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ерлік білектен емес, жүректен.
Елін сүйген ер болар.
Сарымай сасымас,
Батыр саспас.
Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.
Батыр жарасыз болмас.
Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.
Ердің екі сөйлегені – өлгені.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Еменнің иілгені – сынғаны,
Ер жігіттің ұялғаны – өлгені.
Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді.
Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
Ерлік – ел есінде.
ЕҢБЕК – БАЙЛЫҚ,КӘСІП – НӘСІП
ТУРАЛЫ
Мал жисаң - қонысын тап,
Ас жисаң – ыдысын тап.
Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.
Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.
Ердің атын еңбек шығарады.
Еңбегіңнен ел таныр.
Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбекпен ел көгерер.
Байлықтың атасы – еңбек,
Анасы – жер.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Жақсы жұмыс – жанға тыныс.
Ырыс алды – ынтымақ.
Еңбек еткен емеді,
Еңбексіз не өнеді.
Қолынан елген қонышынан басады.
Не ексең соны орасың.
Әлің барда еңбек ет,
Еңкейгенде емерсің.
Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Еңбекке үйренем десең, ерінбе,
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Еңбек ер атандырар.
ҚЫРАҒЫЛЫҚ ПЕН САҚТЫҚ
ТУРАЛЫ
Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Сақтықта қорлық жоқ.
Алдыңа бір қарасаң,
Артыңа бес қара.
Сол көзіңе оң көзің қарауыл болсын.
Жаман айтпай жақсы жоқ.
Қауіп қайдан болса, қатер содан.
Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
Ежелгі жауда елдік жоқ.
Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.
Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.
Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар.
Дұшпан көзі төртеу.
Кек түбі - ойран.
Алыстағы жаудан,
Аяқ астындағы дұшпан жаман.
Ұйқы өліммен тең.
Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады.
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
АДАЛДЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК, ДОСТЫҚ, ІЗГІЛІК, ЫНТЫМАҚ ТУРАЛЫ
Адалдық жүрген жерде,
Адамдық жүреді.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Асылдың бірі – адалдық.
Жүз теңге ақшаң болғанша,
Жүз досың болсын.
Жаман туысың болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.
Ескі дос келгенде,
Жаңа достың көзінен жас шығады.
Доспен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Дос басқа қарар,
Дұшпан аяққа қарар.
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Жартыны жарып жеген,
Татулықтың белгісі.
Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.
Адамның өзі жетпеген жерге, сөзі жетеді.
ЖАН-ЖАНУАР, ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ
ТУРАЛЫ
Құлындаған биеден,
Құдықтағы су артылмайды.
Түйе – шудасын,
Жылқы – жалын,
Сиыр – мүйізін төсейді.
Байтал шауып бәйге алмас.
Ел көркі – мал, өзен көркі – тал.
Түлік – төлден өседі.
Малдың жайын баққан білер,
Оттынның жайын жаққан білер.
Мал жуасы – қой,
Аң жуасы – қоян.
Ер қанаты – ат.
Сауып ішсең мың күндік,
Сойып ішсең бір күндік.
Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.
Қарағайға сүйеніп тал өсер,
Басқа сүйеніп мал өсер.
Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.
Ат қадірін білмесең, жаяу қаларсың,
Ас қадірін білмесең, аш қаларсың.
Жақсы ат жанға серік,
Жақсы ит малға серік.
Жылқы – малдың патшасы,
Түйе – малдың қасқасы.
Қойдың іші – береке,
Жылқының – іші мереке.