Файл: АйАру Балабашасы жшс арттарын ардатаан ел ардаты 1 азан арттар кніне арналан ісшара жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ай-Ару» Балабақшасы» ЖШС

«Қарттарын ардақтаған ел ардақты»
/1 қазан қарттар күніне арналған ісшара жоспары/

Өткізген: тәрбиешілер С.Айдарбаева

М.Токтубулатова

Муз.жет: А.Кипикова

2022-2023 оқу жылы


Мақсаты: балаларымыздың үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға етіп тәрбиелеу.
Жүргізуші:

Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кеңін арқалаған айбынды аталар «Балд аурен» тобының 1  қазан – Қарттар күніне» орай ұйымдастырған «Қарттарын қадірлеген-ел ардақты» атты мерекелік іс- шарамызға  қош келдіңіздер!

Ата-әже ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары деп біздің сіздерге арналған  «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар!

Келесі кезекте сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісіне берсек.

Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Аташым»

Жүргізуші: Ата – әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын

Балаларымыздың сіздерге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар!

1 бала: Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 бала: Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
3 бала: Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

4 бала: Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз

5 бала: Менің атам-дана

Айтқан тілін алам

Бата беріп өскенде,

Менде атамдай болам

6 бала: Жақсы көрем атамды,

Жақсы көрем әжемді,

Ақыл сөзі мақалды

Екеуі де әдемі.

Жүргізуші:

Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады.
Би: «Қазақ биі»

Жүргізуші: Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: «Атасы мен немересі»

Осы көріністен шығатын қортынды: аталар мен әжелер сіздердің осындай ақыл, кеңестеріңіз өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымызға үлгі-өнеге және де біз үшін ауадай қажет. Әрқашан ақыл, кеңестеріңіз таусылмасын.

Ән: «Қошақаным»

7 бала: Әже деген көп шығар,

Әжедей адам жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі

Қандай әсем күлкісі.

8 бала: Менің әжем ақ әжем

Алтын әжем күн әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

9 бала:Әжетай, әжетай,

Сізді жақсы көремін.

Көп ертегі тақпақтар,

Сізге айтып беремін.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: екі әжеміз ортаға шығып ұршық иіреді.

Жүргізуші: құрметті де ардақты ата-әжелер, осымен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді, сіздерден осы тәрбиеленушілерімізге  бата берулеріңізді сұраймыз. Балаларымыздың сіздерге арнап жасаған кішігірім сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

Сау болыңыздар!