Файл: АйАру Балабашасы жшс Білім леміне мерекелік кеш жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ай-Ару» Балабақшасы» ЖШС


«Білім әлеміне»
/мерекелік кеш жоспары/


Өткізгендер: топ тәрбиешілері

Муз.жет: А.Кипикова

2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: балалардың Білім күні туралы білімдерін арттыру, жақсы көңіл күйін қалыптастыру, шығармашылық қиялын, мәдени қарым-қатынаста сөйлеуін дамыту.Достық қарым-қатынасты нығайту.

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын

Керек-жарақтары мен жабдығы: «Білім кітабы», цифрлар, ертегі кейіпкерлері.

Ұйымдастыру бөлімі:

Амандасу

-Салеметсіңдер ме, балалар?

-Көңіл күйлерің қалай?

Бүгін керемет мереке – Білім күні! Барша балалар,аға-әпкелеріміз мектепке барып, білім алып, оқу оқиды.

-Сендердің мектепке барғыларың келе ме?

-Мектепке бару үшін қандай болуымыз керек?

-Дұрыс айтасыңдар, білімді , ақылды болуымыз керек.

-Жүргізуші.
Білім күнін тойлаймыз,
Би билеп, ойын ойнаймыз!

Ал қазір мен сендерге ойын ойнауды ұсынамын. Егер сендер менің айтқаныммен келіссеңдер, былай жауап беріңдер!»

«Ол мен, ол мен, олар менің достарым!» ойыны

-Балабақшаға кім келді және достарымен қуана қауышты?
-Кім таңертең тұрып, беті-қолын жуды?
-Кім бүгін кітап бетін, бояғыштарды ашты?
-Кім ойыншықпен ойнап, орнына жинады?
-Кім орындықты сындырып, қызды балшыққа итерді? (Балалар үнсіз.)
-Кім тезірек өсіп, мектепке барғысы келеді?

Жүргізуші. Жарайсыңдар! Ешкім қателеспеді! Жер бетіндегі ең көңілді халық – балалар деп тектен-текке айтпайды.

Қымбатты балалар! Бізде жаңа оқу жылы басталады, жарқын, көңілді ойын-сауыққа толы жаз артта қалды .

Жүргізуші

-Балалар, мынау ненің суреті?

-Кітап

-Дұрыс айтасыңдар, бұл кітап жай кітап емес; «Білім кітабы».Бұл кітапта сендерге арналған тапсырмалар бар екен.Соларды орындасақ.

Егер кітап керек болса,
Дайындалыңдар онда.
Сынақтардан, кедергіден,
Өтуге жолдағы.

ЖүргізушіБалалар, біздің Білім еліне аттануымыз керек. Сендер дайынсыңдар ма?

Балалар. Иә.

Жүргізуші. Сонымен, жолға шығамыз!Сендерге Білім кітабының бірінші тапсырмасы


«Жұмбақтар» аялдамасы

ЖүргізушіБілім елінің тұрғындары білімге құмар, ертегіні көп біледі және жақсы көреді. Ал сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Балалар. Иә.

ЖүргізушіҚазір ертегіні қаншалықты білетіндеріңді тексереміз. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер ертегіні табасыңдар.


Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)



Кедей еді бұл бала,
Айы туды оңынан,
Жын шығады керемет,
Сиқырлы оның шамынан. (Алладин)



Үй жинаған ұқыпты,
Бір қыз бопты ертеде
Тыңдамаған мысықты,
Салыпты ғой әлекке. (Мақта қыз бен Мысық)



Джунглиде өскен жасынан,
Епті бала болыпты,
Багира, Бану достары,
Шерхан оның қас жауы. (Маугли)



Кішкене қыз орманға,
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып алады. (Қызыл телпек)

Жүргізуші. Жарайсыңдар! Қараңдаршы, біз екінші аялдамаға келдік.

«Ойын» аялдамасы

«Мектепке портфеліңді жина» ойыны

Балалар, сендерге тапсырма бізге мектепке бару үшін қандай оқу-құралдар қажет? Соны жинаймыз.

«Жоқ санды тап» ойыны

Балалар келесі кезекте мына тапсырмаға назар аударамыз.Суретте қай сан жоқ, соны табамыз.

Жүргізуші. Осы аралықта келесі станцияға келдік.

Балалар, келесі аялдамамыз «Ән» аялдамасы

Жүргізуші. Білім елінің тұрғындары көңілді әндерді ұнатады. Ал сендер ән айтқанды ұнатасыңдар ма?

Балалар. Иә.

Жүргізуші. Онда барлығымыз бірге «Балабақша» әнін шырқайық.

Жүргізуші: балалар, келесі аялдамамызда кіші топтың балалры би билеп береміз дейді. Ендеше ортаға қошеметпен шақырайық



БИ: «Қолшатыр»

Жүргізуші. Міне, біз саяхатымыздың соңғы аялдамасына да келдік.

«Тілек» аялдамасы

Бір-бірімізге жылы тілектерімізді арнасақ.

Жүргізуші.
Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.
Балаларды мадақтау

Балалар, тағы да мереке құтты болсын! Сендерге жақсы көңіл күй және шаттық тілейміз!