Файл: азаша квн ойыны 911 сыныптар фанфар ойнатылады алжыннан несіне сескенді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
/ Қазақша КВН ойыны 9-11 сыныптар /
ФАНФАР ОЙНАТЫЛАДЫ:
Қалжыннан несіне сескендің,
Қазағым әзілмен көшкен жұрт.
Күлкіге шөліңді қандырар,
Жайдарман клубына қош келдің! -
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Армысыздар ауылдастар,
Бармысыздар қонақтар.
Ұлы тұлғалы ұстаздар,
Оқу қуған оқушылар.
Шұбар орта мектебінде өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
«Өнерлі өрге жүзер» «Өнерлі болу,олда байлық» -демекші бүгінгі ойынымыздың тақырыбы «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері, және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін әдемі әзілмен,үйлескен ұйқаспен,күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Әзіл қалжын жадыратар көңілді,
Нұрландырып жібереді өмірді.
Келіңіздер көріңіздер шаттана,
Ұсынамын кең құшақты төрімді-
дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып,тамаша күлкі сыйлайтын жайдарманшыларды қошеметпен ортаға шақырайық!
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
1 | « Күлегештер » жайдарманшыларын ортаға шақырайық! |
2 | «Тек кана ұлдар » жайдарманшыларын қарсы алыңыздар! |
3 | «Шұбарстан » жайдарманшырын сахна төріне шақырайық! |
4 | « » жайдарманшыларын қошеметпен қарсы алайық! |
| |
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Бәрекелді!Бәрекелді!
Топтар ортаға келді.
Жиналған барлығың,
Әзілмен күлдірт елді.-деп сіздерге ақ тілек айтайын.Құрметті қауым бүгінгі ойында сіздердің алдарыңызда өнер көрсететін жайдарманшылармен таныс болдық.Енді -
Әзілдің әжесін,
Қалжынның қожасын.
Көріністің көркісін,
Әртістің әр ісін.- бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы:.......................................................
2.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:............................................................
3.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:............................................................
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:
1.СӘЛЕМДЕСУ; / жиналған көпшіліктің көңілдерін көтере отырып ,әзіл-қалжынмен сәлемдесу /
2.СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ;/ Ауыл,мектеп,білім ,денсаулық т.б.салалар бойынша жаңалықтар 5 мин/
3. Қайым айтыс; / 5мин /
4.Үй тапсырмасы /тақырыбы:Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!/
Барлық жайдарманшыларға ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Жайдарманшылармен таныс болдық,олай болса қошеметпен дайындыққа сахна сыртына шығарып салайық!СӘТТІЛІК тілеймін!
Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Жүрекпенен сәлем салайық,
Қабыл ал кең жүректі халайық.
Ортаңызға келіп қалдық көрермен,
Күлдірейік көңілдерді табайық.--дей отырып, алғашқы СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде:
№ | Командалар | Сәлемдесу |
1 | « Күлегештер » жайдарманшылары | |
2 | «Тек кана ұлдар » жайдарманшылары | |
3 | «Шұбарстан » жайдарманшыры | |
4 | « Тапқырлар » жайдарманшылары | |
Рахмет өнерпаздар,енді осы СӘЛЕМДЕСУ бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Күлші тағы күлімде,күле берші,
Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.
Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,
Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің.-деп,келесі бөліміміз СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ!
Сахнада өзінің жаңалығымен,болашақ журналист:
№ | Командалар | Соңғы жаңалықтар |
1 | « Күлегештер » жайдарманшылары | |
2 | «Тек кана ұлдар » жайдарманшылары | |
3 | «Шұбарстан » жайдарманшыры | |
4 | « Тапқырлар » жайдарманшылары | |
Рахмет журналистер!Ал әділ-қазылар алқасы оқушылар жеткізген жаңалықтарды бағалаңыздар! Алғаш болып жаңалық оқыған:
ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Келесі бөліміміз: Қайым айтыс /уақыты 5 мин/
№ | Командалар | Сәлемдесу |
1 | « Күлегештер » жайдарманшылары | |
2 | «Тек кана ұлдар » жайдарманшылары | |
3 | «Шұбарстан » жайдарманшыры | |
4 | «Тапқырлар » жайдарманшылары | |
Рахмет өнерпаздар,енді әділқазылар алқасы осы ҚАЙЫМ АЙТЫС бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,
Өнер көрсет, күтетіндей сағына.
Көрерменді қуанышқа бөлейік,
Әзіл бөліміне кезек берейік.-демекші, келесі бөліміз Үй тапсырмасы ! Ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Ортада өздерінің өткір әзілдерімен:
№ | Командалар | Әзілің жарасса |
1 | « Күлегештер » жайдарманшылары | |
2 | «Тек кана ұлдар » жайдарманшылары | |
3 | «Шұбарстан » жайдарманшыры | |
4 | «Тапқырлар » жайдарманшылары | |
Рахмет! әзілқой өнерпаздар!Осы бөлімнің бағасын білсек,бірінші болып өнер көрсеткен:
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Рахмет, Әділ-қазылар қорытынды балдарын шығарғанша,ортада:................................................ қабыл алыңыздар!
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында:
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Құрметті қауым «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» тақырыбына өткізілген Жайдарман ойыны
өз мәресіне жетті,жайдарманшыларға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!