Файл: Масаты Оушыларды білімге деген штарлыын арттыру. ызытыру арылы білімін тередету, зияткерлік абілетін дамыту. Оушыларды бойында компьютер туралы толы ой алыптастыру,.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітімін» о.і.м : А.С.Байдильдина

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту .

  • Оқушылардың бойында компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Оқушыларды сабырлылыққа, тәртіптілікке, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақта, компьютер, слайд.

Түрі: ,

сайыс.

Ойын барысы: Ойынға 3 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 5 турдан тұрады.
Сайыс шарты мен өтуі

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

1.Таныстыру

2.Техника дүкені

3.Суреттер сөйлейді

4.Байқағыштығыңды байқат

5Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Кім тапқыр?» атты сайысқа қош келдіңіздер! Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.

Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

1-кезең: Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.

«Намыс» тобы:

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Тұлпар» тобы

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз

2-кезең: Техника дүкені.

  • Әр топтан кезекпе-кезек бір оқушыдан шығып, техника дүкеніне барады.

  • Дүкеннен өзіне қажетті техниканы сұрайды.

  • Қажетті затты сатып алу үшін дүкеншінің сұрақтарына жауап береді.

Әр топтың сатып алған техникасының санына және берген жауаптарына байланысты ұпай қосылады.

3-кезең: Суреттер сөйлейді.

  • Әр топ компьютерге “Менің үйім” тақырыбында сурет салады.

Суретті қорғайды

4-кезең: Байқағыштығыңды байқат.

Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.


1-топ 2 топ

5-кезең: Сөз тапқанға қолқа жоқ

1-топ: “П” әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:

  • принтер, плоттер, пернетақта, процессор, пішімдеу, паскаль, пробел, пуск, проводник, программа

2-топ: “К” әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:

  • компьютер, картридж, клавиатура, ксерокс, Кбайт, калькулятор, компакт-диск, курсор, копировать, контур, курсив

Оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз сыныпты аяқтап, ең көп ұпай жинаған сыныпқа, «Кім тапқыр?» жеңімпазы атағын береді.

Н.Крупская атындағы негізгі мектебі.

« Кім тапқыр?»

сайысы

(5- сынып)

Өткізген: Байдильдина А.С.

2017-2018 оқу жылы