Файл: Блімі Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлімі:




Педагогтің аты-жөні:

Сулайманова М.А

Күні:

13.02.2023ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

№ 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау"

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;

9.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;

9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:Тербелмелі қозғалысты біледі және түсінеді;

Көптеген оқушылар: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтайды. Барлық есептеулерді жүргізіп, қателіктердде анықтайды және қорытынды жасайды.

Кейбіреуі: Зертханалық жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сұрақтар:

- Математикалық маятниктің формуласы қалай жазылады?

-Математикалық маятникті қайда қолданады?

-Математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға тәуелді?

- Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыздар

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Бағалау критерийлері

Зертханалық жұмысты қалай орындау керектігін біледі және түсінеді.

-Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытады. Есептеулерді дұрыс жүргізеді.

- Зерттеу тәжірибелерін жүргізе алады, зертханалық жұмыста алынған/есептелген мәндер мен еркін түсу үдеуінің нақты мәнін салыстырады, егер алған мәндері өте жуық болып шықса, немесе нақты мән мен есептелген мәннің арасында алшақтық бар болса, неліктен олай болғандығына талдау жасайды.

- Тәжірибе жасау арқылы мәліметтер алады: қозғалыс және уақыт мәндері

Жауаптары
(Геологияда, кен іздеуде. Еркін түсу үдеуінің мәні кестелік мәнінен үлкен болған жерлердде ферромагниттік қазбалы байлықтар немесе темір рудасының кені болуы мүмкін)

(маятниктің ұзындығы / жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне)

Оқулық

Слайд
Техника қауіпсіздігінің ережелерінен осы жұмысқа қажетті үзінді

Сабақтың ортасы
30 минут


Зертханалық жұмыс: «Математикалық маятниктің көмегімен дененің еркін түсу үдеуін анықтау»

Мақсаты: Математикалық маятниктің қасиеттерін зерттей отырып дененің еркін түсу үдеуінтәжірибе жүзінде анықтау.

Теориялық бөлім



Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық.

Есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз (конустық маятник).

Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.=Ттер=Т.

Конустық маятниктің айналу периоды шеңбер бойымен қозғалыстың жылдамдығының формуласынан алынады:



Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана (аз бұрышқа) ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең ():


ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан: ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан



Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз:



Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:



Математикалық маятниктің периоды түбір астындағы еркін түсу үдеуіне кері пропорционал. Осы жерден еркін түсу үдеуін есептейтін формуланы қорытып шығарамыз:



Гипотеза/ болжам: (бұл пункт міндетті емес) Егер жіптің үйкеліс күшін және ауаның кедергі күштерін ескермесек, математикалық маятниктің көмегімен анықталатын еркін түсу үдеуінің мәні 9.8м/с2 -қа тең немесе жуық болуы мүмкін.

Жұмыс барысы:

1.Тұрғыны парта шетіне орнатып, оған металл шар ілінген жіпті еденнен 3-5см жоғары тұратындай ілу

2.Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8см-ге ауытқытып, тербелтіп жіберу

3. Жіптің ұзындығын алдын-ала өлшеу. Маятниктің толық 40 тербеліс жасауға кеткен уақытты өлшеу.

4.Тәжірибені қайталап, уақыттың орташа мәнін алу. Сол уақыттың орташа мәні бойынша орташа периодты есептеу: Торт=tорт/N

5. формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің орташа мәнін есептеу.

6.Барлық өлшеулерді кестеге енгізіп, қателікті анықтап, қорытындылау.



N

t,с

tорт

Tорт, с

gорт, м/с2

1
















2
















3
















4
















5
















Қателіктерді анықтау:

Абсолютті қателік:



Салыстырмалы қателік:





Қорытынды жазу.



Зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтар: қысқышы мен сақинасы бар тұрғы, жіп, сызғыш немесе өлшеуіш лента, секунд өлшегіш, металл шар, магнит.

Сабақтың соңы.

5 мин


Рефлекция

Бағалау


Рефлексия. Бағалау.

Төмендегі сөздермен бастап, 1-2 сөйлеммен өз іс-әрекеттеріңді бағалаңдар.

Кестеде 1 ғана бағанды толтырыңдар (таңдау бойынша)

1

2

3

Мен бүгін үйрендім….

Маған қызықты болды (немесе жоқ), себебі

Жұмыс уақытында қиындықтар болды, себебі…




Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болып, қорытындыларын жасайды. Әр жұптан 1 сөйлемнен тыңдап, барлық қорытындылардан жалпы бір қорытынды жасау.



Презентациямен мұғалім ұсынған қорытындыны көрсетуге де болады.