Файл: Блім Шешімдерді программалау. Мектеп 204 Ы. Алтынсарин атындаы аза орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бөлім: Шешімдерді программалау.

Мектеп: №204 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдиева А.

Сынып: 7 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Күрделі шарттарды программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 - программалау тілінде алгоритмді жазу

7.3.3.2 – сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында (Lazarus) жазу

Сабақ мақсаты

  • Барлық оқушылар: Визуалды ортада кіріктірілген шарттарды қолдану ерекшеліктерімен танысады.

  • Оқушылардың басым бөлігі: Кіріктірілген шарттарды пайдаланып, теңдеу жүйесін шешуді бағдарламалау тіліне салады.

  • Кейбір оқушылар: Кіріктірілген шарттарды пайдаланып, визуалды ортада жасалған жобаға өзгерістер енгізеді.

Бағалау критерийлері

  • Визуалды ортада кіріктірілген шарттарды қолдану ерекшеліктерін біледі.

  • Кіріктірілген шарттарды пайдаланып, теңдеу жүйесін шешуді бағдарламалау тіліне сала алады.

  • Кіріктірілген шарттарды пайдаланып, визуалды ортада жасалған жобаға өзгерістер енгізе алады.

Тілдік мақсаттар


Лексика және терминология:

Lazarus, Form1, Button, Label, Edit, Caption, project, If, Then, Else, кіріктірілген шарт

Термин сөздерді программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында жоба жасау кезінде қолданады.



Сабақ барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы



2 мин

4 мин

5 мин



1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, жағдайын сұрау

Түрлі-түсті стикерлер арқылы сыныпты 2 топқа біріктіремін.

1-топ «IF операторы»

2-топ «THEN операторы»

Оқушылардың өткен тақырыпты «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы пысықтаймын.

1. Lazarus-та шартты тексеру үшін қандай оператор қолданылады?

2. Шартты тексеру операторы қолданылуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

3. Паскаль программалау тілінде мәліметтерді енгізу үшін қандай операторды қолданамыз? (Read)

4. Нәтижені экранға шығару үшін қандай операторды қолданады? (Write)

5. Lazarus программалау ортасын қалай іске қосамыз?

Жаңа сабақ

Шарттармен жұмыс жасау барысында екі ғана тармақтан тұратын қарапайым шарттардан бөлек күрделі, екіден көп тармақтардан тұратын шарттармен жұмыс жасауға тура келеді. Мұндай шарттарды орындау үшін бірнеше шарт тексеру операторлары қажет. Кіріктірілген шартта IF операторының құрамына екінші IF операторы енеді. Егер THEN және ELSE қызметші сөздерінен кейін IF операторы қолданылса, онда мұндай шарт кіріктірілген шарт деп аталады.




№1 нұсқа

IF шарт1 THEN IF шарт2 THEN оператор1 ELSE оператор2 ELSE оператор3



№2 нұсқа

IF шарт1 THEN оператор1 ELSE IF шарт2 THEN оператор2 ELSE оператор3



№3 нұсқа

IF шарт1 THEN IF шарт2 THEN оператор1 ELSE оператор2

Ескерту:

Операторларды бір-біріне кіріктіріп пайдалану кезінде әрбір е1sе өзінен алдыңғы then-ге тиісті болады.

Бір мезгілде 2-3 тен артық IF операторын бір-біріне кіріктіріп қолданбау керек. Себебі, бұл күрделі құрылымға алып келеді.

Сондықтан, оның нәтижесін талдау, анықтау қиынға соғады.



Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныс болғаннан кейін, өткен сабақтармен байланс жасап, алған білімін есіне түсіріп, сұрақтардың арасынан өзінің білетін сұрағына жауап береді.

Ауызша мадақтау, ынталандыру

стикерлер


Интербесенді тақта

Оқулық,

стикерлер,

қима қағаздар


Сабақ-тың ортасы


4 мин


4 мин


4 мин

12 мин

Топтық жұмыс

1 тапсырма

А саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программаның жолдарын операторлармен толықтырыңдар.

program e1;

var a:integer;

begin

read (a);

if a mod 2 = 0

then write (a, ' jup san')

else write (a, ' tak san');

end.
Дескриптор:

- Шартты тексеру операторларын қолданады.

- Программа жолдарын жазады.

Топтық жұмыс 1-топ

2 тапсырма

А бүтін саны берілген. А санының оң немесе теріс екенін анықтаңдар. Егер берілген сан оң болса «1,» теріс болса «-1», сан нөлге тең болса «0» деген жауап шығуы керек.

program e2;

var a: integer;

begin

readln (a);

if a=0 then write(0) else if a>0 then write(1) else write(-1)

end.
Дескриптор:

-Есептің шарттарын айтады.

-Кіріктірілген шарттарды қолданады.


Топтық жұмыс 2-топ

3 Тапсырма

Функцияның мәнін есептеңдер.

x-12, егер x>0

y= 5, егер x=0

x2, егер x<0
program e3;

var y,x: real;

begin

readln (x);

max:=a;

if x=0 then write (5) if x>0 then write (x-12) else write (sqr(x));

end.
Дескриптор:

-Есептің шарттарын айтады.

-Кіріктірілген шарттарды қолданады.
«Жеке жұмыс» №4 Тапсырма

A бүтін саны берілген. А саны нөлге тең болса – «нөл», бірге тең болса – «бір», екіге тең болса – «екі», әтпесе «Бұл санды білмеймін» сөздерін экранға шығар.

Осы есеп негізінде «Санды табу» тақырыбында жоба жасаймыз. Ең алдымен жоба пішінін дайындаймыз. Жоба пішініне Button, Edit компоненттерін орналастырамыз. Button батырмасына арналған кодын жазамыз

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var a:integer;

begin

a:=strtoint (edit1.text);

if a=0 then

ShowMessage (‘нөл’)

else

if a=1 then

ShowMessage (‘бір’)

else

if a=2 then

ShowMessage (‘екі’)

еlse

ShowMessage (‘бұл санды білмеймін’);

end;



Дескриптор:

- Кіріктірілген шарттарды біледі.

- Lazarus программалау ортасында программа жазады.

- Программа қатесін табады.


Берілген тапсырманы компьютерде орындайды

Берілген тапсырманы компьютерде орындайды

Берілген тапсырманы компьютерде орындайды


Ауызша мадақтау, ынталандыру

Ауызша мадақтау, ынталандыру

Ауызша мадақтау, ынталандыру

Слайд

Интерактивті тақта
қима қағаздар

Интербесенді тақта

Оқулық, дәптер,

компьютер.

Оқулық, дәптер, үлестірме парақшалар



Сабақ соңы



3 мин

1 мин
1 мин


«Кім жылдам?» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын

1.Кіріктірілген шарт деген не?

2.Кіріктірілген шарттардың қанша жазылу нұсқасы бар?

3. Жоба жасауда қандай компоненттерді қолдандық?

4.Жобаны қалай іске қосамыз?

5.StrToInt оператордың қызметі қандай?

Үйге тапсырма: §4.7 Кіріктірілген шарттарды программалау

Сабақ соңында оқушылар "Табыс сатысы" әдісі арқылы рефлексия жүргіземін:


1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 


Формативті бағалау бойынша сабақ барысындағы ұпайлар есептелінеді.