Файл: Эссе Трбие тал бесіктен Алмаанбетова арлыаш Аманазыызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Эссе : «Тәрбие - тал бесіктен»

Алмағанбетова Қарлығаш Аманғазықызы

ГКС-12 ЖББМ КММ мектепалды сыныбының тәрбиешісі

Тәрбие мәселесі-өте күрделі. Ол-баланы тек жақсы жаққа бағыттау,жаманнан жирендіру туралы айтып қою ғана емес,сол жолда жігер-күшіңді сарп ету.

Біздер,бала бағбандары, осы жолда аянып қалмауға міндеттіміз.

Мен «Тәрбие - тал бесіктен» тақырыбын бекерден-бекер таңдамадым. Тәрбие бастауы, тәрбиенің қайнар бұлағы-отбасы. Өзім көп балалы отбасында тәрбиелендім. Отбасымыздағы он балаға ата-анамыз саналы тәрбие бере алғанына сенімдімін. Қазірде әрқайсымыз бір-бір шаңырақ иесіміз. Тәрбиеші мамандығын таңдауымның өзі- ата - ана тәрбиесінен алған тағылымымның молдығынан дей аламын.

Бала тәрбиесі- қызығымен қиындығы қатар жүретін іс. Бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін орта-отбасы. Бала өз ортасына қарап өседі.

Мен де өз сыныбымдағы балаларымның тәрбиелі болып өсуіне аса мән беремін. Сыныбымда қанша бала болса, сонша мінез-құлқы бар жеке тұлға білім мен тәрбие алуда. Олардың әрқайысына жеке тұлға ретінде қарап, әр баланың отбасымен байланыса отырып жұмыс жасаймын. Мысалы: Айсұлуым өте қызық, тез ренжиді ,бірақ қайтымы тез. Ренішін тез арада ұмытады. Ал, Ернұрым ылғи көңілді жүреді. Ондай бала ортаға көңілді күй сыйлайды. Мен ол баланы балаларға үлгі етіп айтып отырамын. Ата- аналармен кездесу сәттерінде «тәрбие негізі- отбасы» екендігі туралы көп айтамын. Отбасындағы әке мен ананың тәрбиесі- әр баланың өмірінде басты рөл атқаратыны әр ата-анаға мәлім .

Тәрбиелі адам келеңсіз жағдайда өз эмоциясын ұстай алады. Көпшілік жерде орнымен сөйлейді және мәдениеттілігімен көзге түседі.

«Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»деген,ұлы пәлсапашы Әбунасыр Әл-Фараби.Қанша білім-білігі шексіз болса да,тәрбиесі осал адам- тәрбиесіздіктен жапа шегеді.

Отбасы –тәрбие бастауы болса, оны одан әрі жетілдіріп дамытатын, қоғамға қосатын қоғамдық орта, ол - мектеп. Ата –ана мен тәрбиеші тығыз байланыста жұмыс жасаған жерде ұрпағымыз білімді, тәрбиелі болады деп ойлаймын. Бала өскен сайын оның тұлға болып қалыптасуына тәрбиешінің де қосар үлесі мол. Сондықтан, жас ұрпақтың елін сүйер азамат болып өсуі үшін ата-ана мен тәрбиешінің алар орны ерекше. Мен өз шәкірттерімнің адамгершілігі мол, мейірімді, еліміздің жанашыр азаматы болып өсуіне үлесімді қосып жүргенімді мақтан етемін.