Файл: Абай облысы Білім басармасыны Аягоз ауданы Білім бліміні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Абай облысы Білім басқармасының
Аягоз ауданы Білім бөлімінің
«Ақтоғай жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің
Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі
Кесикбаева Гульзипа Макажановна
Пікір
Кесикбаева Гульзипа Макажановна Қазақстан тарихы пәнінен сабағы 6 «А» сыныбында өтті. Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасына сай жасалған сабақ жоспарын ұсынды.
Сабақ барысында оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру бойынша постер жасап,өз тұжырымдамаларын басқалардың тұжырымдамаларымен салыстырып, ортақтары болса тауып, ерекшеліктері болса іріктеп, тіпті байланыстыра алды. Оқушылардың алдарына таратылған әр түрлі ақпарат оқушылардың жұпта, топта талқылануы арқылы және оқушылар әдістің жұмыс алгоритмі бойынша әрекеттер орындаған кезде негізгі түйінді мәселелер табылып, оның шешу жолдары да қарастырылды.
Сабақ жабдықтары талапқа сай, сабақтың әр кезеңінде көрнекі құралдарды тиімді пайдаланып, дидактикалық материалдарды тиімді қолдана білді. Оқушылар алдында сабақтың мақсатын қою және қорытындысын шығару үшін дескрипторларды ұтымды жүзеге асырды. Мұғалім белсенді оқыту әдістері арқылы сабақта қолдануы мақсатқа лайықты пайдаланды.
Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатты. Сабақтың кезеңдері сақталып, қызығушылықты ояту мақсатында ойын элменттерін қолданды. Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сйкестендіру әдісінің Kahoot видео ойыны арқылы өткізілді. Жаңа сабақтың тақырыбын,зерттеу сұрағы ,мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырып өтті. АКТ тиімді пайдаланып: интернет желісіндегі ақпарат арқылы қосымша білім берілді.Сабақты ұйымдастырушылық оқу оқу-іс-әрекетінде инновациялық формалар мен әдістерді іске асырды. Оқушылармен жұмысты жүргізуде талдау дағдыларын, зерттеушілік әрекет дағдыларын,бақылау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгергендігін көрсетті. Әр оқушыға жеке сараланған тиімді әдістер пайдалану арқылы оқу мақсатына жетті.
Абай облысы Білім басқармасының
Аягоз ауданы Білім бөлімі мемлекеттік
мекемесінің оқу- ғылыми , оқу ғылыми
ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің
әдіскері : М.Т.Коккозова