Файл: Бизнесжоспар азаи наыштаы киімдер мен тсек жабдытарын жасап шыаратын тігін цехын ашу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Төңкеріс ауылы

БИЗНЕС-ЖОСПАР

______ «Қазақи нақыштағы киімдер мен төсек жабдықтарын жасап шығаратын тігін цехын ашу»

Жоба аввторы: Умирбекова Камшат Пазылбековна

2022 жыл

Кіріспе

Менің мақсатым өз қаламда халыққа қол жетімді бағада, сапасы жоғары қазақи нақыштағы киімдер тігу. Шымкент қаласында Қырғызстан мен Түркия, Қытай елінің киімдері сатылады. Бағасы қымбат және өзге мемлекеттің пайдасына кетіп жатыр. Осы мемлекеттердің Шымкент нарығында түбегейлі орнын баспасам да, сапасы жағынан кем түспес қол жетімді бағада халыққа киімдер ұсыну және болашақта Қазақстан нарығына көтерілу.

  1. Жобаның тұжырымдамасы:

  • Қазақи нақышта киімдер тігу;

  • Жаңадан төсек жабдығын тігу;

  • Жеке тапсырыстар қабылдау;

  • Үлкен көлемде тапсырыстар қабылдау.



  1. ТҮЙІНДЕМЕ

Умирбекова Камшат Пазылбековна тігіншілік бойынша тәжірибесі бар.

Жобаның сипаттамасы «Қыз-келіншектердің қазақи нақышта киімдерін тігу және қайта қалпына келтірудің барлық түрлері».

  • Жобаның басталған мерзімі 2022 жылдың қыркүйек айы.

  • Қажетті қаражат мөлшері – 1 225 200теңге.

  • Жобаның орналасу және іске асыру жері: Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округы, Төңкеріс ауылы, Дарбаза көшесі, 41 үй.

Жобаның мақсаты

  • Тігін шеберханасын ашу үшін қажетті тігін машинасын алу;

  • Ауыл жастарына тігін шеберлік сабақтарын өту және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыны жұмысен қамту;

  • Халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету;

  • Қосымша жұмыс күш, яғни жұмыссыз жүрген азаматтарға өз септігімізді тигіу.

Жобаның бағыты.

«Қыз-келіншектердің қазақи нақышта киімдерін тігу және қайта қалпына келтірудің барлық түрлері».

Жобаның маңыздылығы

  • Халыққа сапалы қызмет көрсету.

Осы бизнес жоспарда сипатталған даму сценариі ұсыныс сипатына ие және жалғыз деп қарастырыла алмайды. Жобада материалдарды, жабдықтарды алуға, орынжайды жалға алуға және персоналдық еңбек ақысына жұмсалатын максималды шығындар қарастырылған.

Жобаны қаржыландыруды «Еңбек» бағдарламасы бойынша іске асырылы отырған 400 АЕК қайтарымсыз грант арқылы жүзеге асыруды жоспарлайды.


Кесте 1. Қажетті қаражат көзі.

Атаулары

Сомасы

Жобаның жалпы құны

1 230 750

Қажетті қаражат

1 225 200

Жеке қаражат

5 550

Жоба экономикалық тұрғыдан:

  • жаңа жұмыс орындарының ашылуына, еңбеккерлерге уақтылы еңбекақы төленуіне;

  • тігін шеберханасын дамыту үшін жаңа орындардың ашылуына;

  • сапалы таза өнім;

  • өнімдерді сату арқылы пайда табу:

  • Төлеби ауданы қазынасына салық және басқа да түсімдердің түсуі;

  • халықтың сұранысын қанағаттандыр жағдайларына ықпал етеді.


Бизнес-жоспар құпиялылығын сақтау меморандумы

Бұл Бизнес жобада келтірілген мәліметтер қатаң құпияландырылған. Жобамен танысу әзірлеушінің рұхсатымен ңана болады.

Жобамен танысушы тұлға жоба иесінің келісімінсіз мәліметті жарияламауға кепілдік береді және жауапкершілікті өз мойнына жүктейді.

Биззнес жобаны толығымен де, жеке алынған бөлімдерін де (соның ішінде қаржылық көрсеткіштерін) көшіруге тыйым салынады.

Егер Бизнес жобаны жүзеге асыруға қызығушылық тудырмаса, онда оны автордың өзіне қайтаруын сұраймыз.

Бизнес жоба кәсіпке қосымша қаражат тарту мақсатында сұратылды.

Бұл бизнес жоба құжаты мынылардан тұрады:

  1. «Word» форматындағы мәтіндік құжат.

Жоба үйлестірушісі туралы ақпарат

Кесте 2. Жоба үйлестірушісі туралы ақпарат

Аты-жөні

Умирбекова Камшат Пазылбековна

Азаматтығы

ҚР

Мекен-жайы

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округы, Төңкеріс ауылы, Дарбаза көшесі, 41 үй

Жеке куәлік №

035052083

Туылған жылы

22.07.1988

ЖСН

880722402119

Отбасылық жағдайы

Тұрмыста, 4 ұл, 2 қызым бар

Білімі

Орта кәсіптік

Мамандығы

Қаржы

Байланыс нөмірі

8 775 565 62 16

Қаражатты сұрату мақсаты

Тігін шеберханасын ашу

Валюта

Теңге

Жобаның жалпы сомасы

1 230 750

Қайтарымсыз грант

1 225 200

Оның ішінде жеке қаражат

5 550


Жоба

Жобаның тұжырымдамасы. Төңкеріс ауылында тігін ательесін ашқым келеді.Мақсатым тігін ательесін дамыту.

Ательенің шығаратын негізгі өнім түрлері – көрпе-төсек, қазақи нақышта киімдер тігу, жеке тапсырыстар қабылдау.

Кейіннен өндірілетін өнімнің түрі – халыққа заманауи үлгіде киім тігіп, дүкендерге, көтерме базарға, әлеуметтік желіде сату, қазақи нақышта киімдер, төсек жабдықтары, қыз жасауларын сату.

Келешек қаражат жинау арқылы үлкен цех салып, Қырғызстаннан, Түркиядан келетін өнімдерді Қазақстан «сату-сауда» азайтып, өз орнымды алу.

Мен тігін машиналарын Каспий дүкенінен аламын.


  1. ӨНІМНІҢ СИППАТТАМАСЫ

Кәсіпкер өз алаңында сатылатын цехта тауарлардың сапалық сипаттамаларын бақылауға ерекше көңіл бөлуге ниетті. Қазіргі уақытта сәнқойлар арасында сұранысқа ие емес өтімді тауарлармен едәуір масштабқа ие болды. Обылыс тұрғындары арасында тұтынушылық мәдениеттің қарқынды өсуімен мұндай фактілер тұтасымен өндірстің қызметтеріне сұраныстың төмендеуіне әкелуі мүмкін, әсіресе бұл төмендеу табысы орташа деңгейден жоғары тұтынушылар тобында байқалады.

Тұтынушылар топтарын - үй бұйымдарын сатуға арналған әлеуетті сатып алушыларды мұқият талдау сізге сәйкес тұтынушылардың сандық және сапалық сипаттамаларын ескере отырып, әр өнім тобында ассортимент құруға мүмкіндік береді. Бұл үлкен босалқылардың алдын алуға және «ескірген» тауарларды азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кәсіпкер жеңіл өнеркәсіп нарығындағы тұтынушылық сұраныстарға сәйкес қызмет көрсетудің жоғары сапасын және жаңашылдықты сақтауға ерекше назар аударады.

  1. Маркетингтік жоспар

Өнімдер нарығының сипаттамасы

Тігін цехының қызметін жиі пайдаланушылар әйелдер қауымы болып келеді. Сондықтан, сапалы және қолжетімді бағада тігетін тігіншілердің қызметіне деген сұраныс әрқашан жоғары. Ұлттық нақыштағы қолөнер өнімдеріне деген қызығушылық жоғары.Яғни, сұраныс әрқашан болады деген сөз.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 1 млн-ға жуық халық мекендейді, сондықтан әрбір тұтынушының таңдау сегменттерін ескере отырып бастапқыда санаулы қызметтерді ұсынуды жөн санап отырмын.

Маркетинг стратегиясы

Клиенттерді тігін шеберханасына тартудың дәстүрлі әдістері – бұл баспа басылымдарындағы жарнама, ұсыныстары бар буклеттерді тікелей тарату, көрмелерге қатысу, сондай-ақ жинақтамаларды өздерінің интернет сайттарында орналастыру.


Телефон маркетингіне қатысты, ол бастапқы байланыстарды орнату үшін пайдалы болуы мүмкін. Бұл арада прайс-парақтарды тарату маңызды емес, клиентті мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру маңызды болып табылады.

Кәсіпорында өнімді сатуды қйымдастыру мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыруды көздейді:

  1. Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг және оны жетілдіру үшін жұмыс жүргізу;

  2. Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру, тұрақты клиенттерді бекіту бойынша шаралар кешенін пайдалану.

Өнімді сатуды өінің сауда нүктесін ашып және көтерме сада делдалдары арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Кесте 3. SWOT-талдау

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер


Өндірістік қуаттарды кеңейту.

Шығарылатын өнімдердің жиын түрін ұлғайту.

Қатерлер

Осыған ұқсас өнімдер шығаратын ірі өндірістерді ұйымдастыру.

Импорт үлесін ұлғайту (импорт өнімдерін тұтыну үлесін ұлғайту).

Ішкі орта

Артықшылықтар

Жоғары технологиялық және осы заманғы жабдықтарды пайдалану.

Табиғи шикізатты пайдалану.

Кемшіліктер


Шикізат бағаларына тәуелділігі.


Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Шымкент қаласында тұтынушыларға қызмет көрсетіп отырған тігін шеберханаларының қызметтері сапасыз, ал кейбіреулері қолжетімсізз бағада. Құрылатын кәсіпорынның негізгі артықшылықтарымыналар болып табылады:

  • өндірістің икемділігі;

  • әділетті және өзара тиімді өткізу саясаты;

  • бәсекелестік бағалар, жеңілдіктердің пайдалы саясаты;

  • кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері;

  • тұрақты дамуы.

Баға саясаты

Бәсекелестердің қызметтері мен ұсынылып отырған өнімдердің сапасы мен бағасы жиі бақылауға алына отырып тұтынушыларға қолжетімді етіп ұсынады.

Кесте 4. Әлеуетті бәсекелестер бағасын талдау



Өнім атауы

Бәсекелестер бағасы, теңге

ЖК бағасы, теңге

1

Әр түрлі дизайндағы көрпешелер

8 000

5 000

2

Әр түрлі дизайндағы құрақтар

6 000

4 800

3

Әр түрлі дизайндағы төсеніштер

8 000

6 400

4

Әр түрлі дизайндағы жастықтар

6 000

4 800

5

Әр түрлі дизайндағы дастархан жапқыштары

8 000

6 400

6

Түрлі конструкцияларға жамылғылар

10 000

8 000

7

Ас үйге әртүрлі дизайндағы ас үй жиынтығы

15 000

13 000

8

Әр түрлі дизайндағы төсек-орын жабдықтары

20 000

15 000

9

Әр түрлі дизайндағы зергерлік бұйымдар

20 000

15 000

10

Қолмен жасалған зергерлік бұйымдар

15 000

13 000


Кесте 5. Негігі инвестициялық қаражатқа алынатын құрал-жабдықтар



Қажетті құралдар

Саны

Бағасы,тг

Жалпы,тг

1

Тігін машинасы Janome MC-450E

1

650 000

650 000

2

Оберлог JAK JK A4E-Q

1

280 000

280 000

3

Philips DST 5041/30 үтігі

1

45 000

45 000

4

Парогенератор Silter Super mini 2035

1

140 000

140 000

5

Жұмыс столы Гербор

1

62 000

62 000

6

Гладильная доска Nika напольная Валенсия 2НВ2

1

38 000

38 000

7

Қайшы, пышақ, ине, сызғыш, т.б

1

10 200

10 200




Барлығы




1 225 200

1 225 200

Ғимараттар мен қажетті электр жабдықтары.

Жеке мүліктегі ғимарат орны бар. Коммуникациялық қызметтер орнатылған. Тек қажетті құралдарға инвестиция қажет етіледі. Электр жабдықтары жүргізілген.

6. Штаттық бөлініс

Жалдамалы қызметкерлерді таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық дайындығына, сондай-ақ тігіншілік қызметшілері адамдармен, әсіресе, әйелдер қауымымен жұмыс істейтіндіктен коммуникативтілігіне де мән береміз. Қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында, сондай-ақ коммуникативтіліктерін жақсарту үшін оларды оқытуға уақыт және ақша бөлеміз. Қызметкерлерді салалық оқу орындарынан іздейміз. Баспа беттеріне, интернетке жарнама береміз немесе кадрларды таңдау агенттігімен кеңесе отырып таңдайтын боламыз. Сонымен қатар қызметкерлер өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайтынына кепілдік береміз.

Кесте 6. Штаттық кесте

Қыззметші

Саны

Айлық, тг

Жалпы, тг

Тігінші

1

60000

60000