Файл: Пні Математика Сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні: Математика

Сынып: 3

Сабақ тақырыбы:

Разрядтан аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу / Ғарышты бағындырушылар


Ортақ тақырып:

Атақты тұлғалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.11 мынадай жағдайларда: 28∙3; 84:3 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолдану.

Бөлім:

Сандар және өлшемдер /3С бөлім – Жазбаша көбейту мен бөлу/

Бөлімше:

1.2 Сандармен амалдар орындау

Оқу мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • «Байқоңыр» айлағы және алғашқы ғарышкерлер туралы ақпаратты анықтайды, атайды. Олардың ғарышта ұшу ұзақтығын анықтайды.

  • Берілген өлшем бірліктерге сүйеніп тәулікті сағатпен өрнектейді, атайды, салыстырады, түсіндіреді.

  • Жазбаша көбейту мен бөлудің баған түрінде жазылуына назар аударады, жазбаны пайдаланып сандарды разрядқа жіктеп атайды.

Көптеген оқушылар:

  • Ғарышкерлердің ұшу ұзақтығын салыстырып қаншаға артық, кем екенін түсіндіреді.

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды талқылайды және амалдарды орындауда екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданады. өрнектің мәнін табады.

Кейбір оқушылар:

  • Алған білімдеріне нақты дәлелдер ұсынады.

Бағалау критерийлері:

  • Алғашқы ғарышкерлер туралы ақпаратты анықтайды, олардың ғарышта ұшу ұзақтығын салыстырады.

  • Разрядтан аттап өту арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша түрін орындайды.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, жазылым


Пәндік лексика және терминология:

Алгоритм, бірлік, ондық, секунт, минут, сағат, тәулік, түбекше.

Алгоритм математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан. Нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін білдіреді.

Түбекше – ғарышкерлердің тамағы салынған ыдыс.

Сөз тіркестері: Сандарды разрядқа жікте, разрядтық қосылғыш, баған түрінде және бұрыштап жазу, Ғарыш кемесі «Восток»

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?


-Сабақта қандай қиындықтар туындады?
- Топта кімнен жақсы көмек алдыңыз?
-
Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Құндылықтарға баулу

«Байқоңыр» ғарыш айлағының маңызы мен экологиялық зардаптарын ашу.

Топта бір-бірін тыңдау, қолдау көрсетуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, жаратылыстану, көркем еңбек, АКТ.

Алдыңғы меңгерілген білім


Уақыт өлшем бірліктерін атайды, бөліп көрсетеді. 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға көбейту ережелеріне сүйенеді.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы:

10 мин

  • Ойсергек «Өзіңізге тілегенді – басқаларға тіле». Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Әр оқушы 10 сек ішінде өзіне бір не бірнеше тілек тілейді. Содан кейін жұптасып, тілектерін бір-біріне тілейді.

  • Топтарға бөлу («мозаика» әдісі арқылы топтастыру)

1-топ Байқоңыр

2-топ Ғарышкерлер

3-топ Ғарыш кемесі

4-топ Галактика

  • Топтар атын жариялайды, топ мүшелері топтағы міндеттерін бөліп алады.


Ұжыммен жұмыс. Белсенді оқытудың «Сұрақ қою және талқылау» әдісі. «Ой шақыру» әдісі /жабық сұрақтар/.


  • Ғарыш айлағы қалай аталады? Ол қайда орналасқан?

  • Байқоңыр туралы не білеміз?

  • Алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім?

  • Ю. Гагарин ғарышқа қай жылы ұшты?

  • Ғарыш кемесі қалай аталды?

  • Қандай зымыран түрлерін білеміз?

  • Ю. Гагариннен кейін 2-ші боп ғарышқа ұшқан кімдерді білеміз? /мүмкін жауаптарды тақтаға жазып отырамын/


Мұғалімнің қосымша материалы:Байқоңыр Қызылорда облысында орналасқан ғарыш алаңы. Іргетасы 1955ж. қаланды. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңырдан тұңғыш ғарыш ракетасы ұшырылды. Ол дүниежүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігі еді.

Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш палигоны болып табылады.

Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Ю.Гагариннен кейін 300-ден астам ғарышкерлер ғарышқа ұшты.

Байқоңыр ғарыш алаңы 1991ж. қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993ж. Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді.

Ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар болды.

Ғарыш кемелері жетілдірілді.
Ұжымдық жұмыс. Белсенді оқытудың «Сұрақ қою және талқылау» әдісі. «Сұрақ менен, жауап сізден» әдісі
Тапсырма : (оқулықпен жұмыс)

Берілген ғарышкерлердің ұшу ұзақтығын сағатпен өрнекте. Әр ұшқан сайын ұшу ұзақтығы қаншаға сағатқа артқан?

  • Ю. Гагариннің ғарышта болу ұзақтығы қандай? Қандай өлшеммен берілген?

  • Герман Титовтың ұшу ұзақтығын анықтайық. Тәулікті сағатпен өрнектейік.

  • 2 ғарышкердің ғарышта ұшу ұзақтықтарын салыстырайық.

  • Кім ғарышта ұзағырақ болды? Неліктен?

  • Андриян Николаев ғарышта неше сағат болған? Оны қалай таптық?

  • Ғарышкерлердің ұшу ұзақтығы қанша сағатқа артып отырған?

  • 3 ғарышкер арасында ғарышта кім ұзақ болды? Неліктен?


Дескриптор

  • Оқушылар Байқоңыр ғарыш айлағы туралы атайды.

  • Жетелеуші сұрақтар арқылы тәулікті сағатпен өрнектейді.

  • Әр ғарышкердің ұшу ұзақтығындағы айырмашылықтарын салыстырады. Бағамдайды.

ҚБ: «Бас бармақ» және мадақтау сөздер.
Кері байланыс. «Ұшақ» әдісі

  • Ю. Гагариннен кейін ғарышқа ұшқан кімдерді білдік?

  • Ғарышта кім ұзақ болды?

  • 3 тәулікте неше сағат бар екенін қалай білдіңдер?

  • 24 неше таңбалы сан? Оны 3-ке қалай көбейттік?

Осыдан кейін бүгінгі сабақ тікелей екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің қатысы бар екендігі анықталады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Алгоритм сөзіне түсінік беру.







Юрий Гагарин



Герман Титов



Андриян Николаев




Сабақтың ортасы:

25 мин

Ұжымдық, топтық жұмыс. Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» әдісі.
Оқулықпен жұмыс. 3 сынып. 3-бөлім. 71-72 бет.

Оқулықтағы 2 (3) тапсырманы барлық оқушының танысуына уақыт беріледі. Оқушыларға алгоритмді пайдалана отырып түсіндіру ұсынылады. Сосын топта талқылап, шешімдерін ұсынады.
Көбейтудің алгоритмі жазылады: Бөлудің алгоритмі жазылды:

Баған түрінде жазамыз; Бұрыштап жазамыз;

Бірліктерді көбейтеміз; Бөлу жоғары разрядтан

басталады. Ондықты бөлеміз;

Ондықтарды көбейтеміз; Бірлікті бөлеміз;

Жауабын оқимыз. Жауабын оқимыз.

ҚБ. Мадақтап, қолдау білдіріп отырамын.
Топпен жұмыс. «Постер құру» әдісі.

Оқулықпен жұмыс. 3 сынып. 3-бөлім. 72- бет.

Оқулықтағы 4-тапсырманы топтарға бөліп беремін, олар А-3 қағазында бір-біріне түсіндіре отырып орындайды. Лидерлер үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсетеді, түсіндіреді.

1-топ.

Өрнектерді баған түрінде есептейді.

36*2 84:7

2-топ.

Өрнектерді баған түрінде есептейді.

25*3 75:3

3-топ.

Өрнектерді баған түрінде есептейді.

27*3 85:5

4-топ.

Өрнектерді баған түрінде есептейді.

29*3 75:5
Дескриптор

  • Берілген тапсырмаларды топта талқылай отырып шығарады.

  • Өрнектерді баған түрінде және бұрыштап дұрыс жазады.

  • Өрнектің мәнін табады.


Белсенді оқытудың «Рефлексия және бағамдау» әдісі

ҚБ. «Диірмен» және стикер әдісі (топтар бір-бірінің жұмысымен танысады, бағалып, стикерге кері байланыс жазады. Жұмыстары өздеріне оралған соң біреуі кері байланыстарды дауыстап оқып, өз пікірлерін білдіреді).
Сергіту сәті.

https://www.youtube.com/watch?v=e-B1RL2fM9g

«Мен ғарышкер боламын» әніне билеу.

Әні: Өктем Алтаев

Сөзі: Саят Қамшыгер
Жұппен жұмыс. Белсенді оқытудың «Зерделеу» әдісі.

  • Ғарышкерлер ғарышта тамақтана ма? Тамақтанса қалай деп ойлайсыңдар? (Ғарышкерлерге арнайы жасалған тағамдар түбекшелерде сақталады. Суреттері көрсетіледі)

Оқушылардың есеп шығару машықтарын дамыту және екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді бекіту мақсатында есеп шығару.

Жұптаса отырып шығарады.

Сорпа 3 қорап – ?, әрқайсысында 32 түбекше

Ет - ? түбекше 200 түбекше
Шешуі: 200 – 32 * 3 = 104(түбекше)

Жауабы: 104 түбекше ет алынған.

Дескриптор

  • Берілген есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын табады.

  • 2 қосылғышқа берілген есепте қосылғышты табу керектігін басшылыққа алады.

  • Амалдардың орындалу ретін дұрыс қолданады.

ҚБ. «Жұбыңды бағала».



Оқулық.


Алгоритм ілінеді.


Флип-чард, маркерлер, стикер.





бейнежазба




Слайд.

Оқулық, дәптер

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс «Үлкен шеңбер» әдісі.

Сабақ соңында мұғалім оқушыларға үлкен шеңбер жасап тұруларын сұрайды. Мұғалім оларға рефлексияны шақыратын мынандай сұрақтар қояды:
- Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?


-Сабақта қандай қиындықтар туындады?
- Топта кімнен жақсы көмек алдыңыз?
-
Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?