ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-сыныптың «әдебиеттік оқу» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 45 минут
Тыңдалым және айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны – 16
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық
жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының
арасынан дұрыс жауабын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын тексеруге бағытталған көп таңдауы бар, қысқа және толық жауаптарды қажет ететін тапсырмаларды қамтиды.
Пәні: әдебиеттік оқу
Оқушының аты-жөні: ____________________________________________________
Тыңдалым және айтылым Мәтінді мұқият тыңда. Ертедегі адамдар үңгірлерді паналаған. Кейінірек өздеріне баспана тұрғыза бастады. Оларға баспанасының әдемілігі емес, сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы маңызды болған. Баспаналары бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерден, саз кірпіштен тұрғызылды. Уақыт өте келе өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге тұрғын үйден бөлек әртүрлі қоғамдық ғимараттар да пайда болды. Мұндай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін асқан шеберлік пен терең білім қажет болды. Түрлі ғимараттардың жобасын жасайтын адамды сәулетші, ал олардың туындыларын архитектура немесе сәулет өнері деп атады. Сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Ол – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Ол мәдениет саласын құрайды. Қай елден болса да ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар көруге болады. Сәулет өнері туындылары ғасырдан - ғасырға мұра болып отырады. Сондықтан сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне аса қажет. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1) Автор сәулет өнері жайлы қандай мәлімет берген? 2) Мәтінде сәулет өнерінің маңыздылығы қалай сипатталған? [2] 2-тапсырма. Сәулет өнері туындыларын қалай бағалауға болады, өз ойыңды айт. Сөйлеу барысында көркем-бейнелі сөздерді, мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді қолдан. [4] | |||||||
Оқылым Мәтіндерді оқы.
1-тапсырма. 1) Сұрақтардың негізінде мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтап, кестеге жаз.
[3] 2-тапсырма. Мәтіннен «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бас ғимаратының биіктігін көрсететін сөйлемді тауып, қоршап сыз. [1] 3-тапсырма. Мәтін түрін анықтап, белгіле(+) А) көркем мәтін Ә) ғылыми-танымдық мәтін [1] | |||||||
Жазылым 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Оқиғаға тағы басқа кейіпкер немесе оқиға қосып, мәтінді жалғастырып жаз.
_______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ [5] |
Балл қою кестесі
Нұсқа: 1
№ | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||
Тыңдалым және айтылым (6балл) | |||||
1 | Білім алушының ықтимал жауабы: Автор сәулет өнері туралы ғылыми –танымдық мәлімет берген. Сәулет өнерінің шығу тарихын жазған. тсс | 1 | Баламалы жауаптар қабылданады. | ||
Білім алушының ықтимал жауабы: Сәулет өнерінің маңыздылығын «Сәулет өнері туындылары ғасырдан - ғасырға мұра болып отырады. Сондықтан сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне аса қажет» деген сөйлемдерден байқауға болады. | 1 | ||||
2 | Білім алушының ықтимал жауабы (диалог): - Сәулет өнері туындыларын әдемілігіне, адамдарға қолайлы жағдай жасалғанына, орналасқан жеріне байланысты бағалауға болады деп ойлаймын. Сәулет өнерімен айналысатын адамдар шебер болады. «Өнерлінің қолы алтын» деп аталарымыз бекер айтпаған. -тсс | 1 | Мазмұндық тұтастықты сақтай отырып, тақырыпты ашады. | ||
1 | Ойды жүйелі жеткізеді, логикалық жүйелілік сақталады. | ||||
1 | Сөйлеу барысында көркем- бейнелі сөздерді/ мақал- мәтелдерді/нақыл сөздерді қолданады; | ||||
1 | Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. | ||||
Оқылым (5 балл) | |||||
1 | | 3 | Әр дұрыс жауап 1 балл. | ||
2 | | 1 | | ||
3 | Ә) ғылыми-танымдық мәтін | 1 | | ||
Жазылым (5 балл) | |||||
3 | Білім алушының ықтимал жауабы:Сол кезде Бақытжан уақытын тиімді пайдалана алмағанына өкінді. Сосын мұғалімге дәптерін үйге тастап кеттім деп өтірік айтқысы келді. Бірақ өтірігі ашылса, одан кейін ешкім мұның сөзіне сенбейтін болатынын ұқты. Сөйтті де ол мұғалімге шындықты айтып, кешірім сұрады. Бұдан кейін мұндай жағдай қайталанбайды деп уәде берді. Мұғалім кешірім берді. Бақытжан өзіне үй тапсырмасын орындамай тұрып ойынға шықпауға серт берді. | 1 | Мәтінді оқиғаның мазмұнына сай жалғастырады; | ||
1 | Мәтінде негізгі идеялар көрініс табады, тақырып толық ашылады; | ||||
1 | Жұмыс сөздік қордың байлығымен, қолданылатын синтаксистік құрылымдардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді; | ||||
1 | Тілдік нормалар мен емле ережелерін сақтайды; | ||||
1 | Орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес); | ||||
Барлығы | 16 | |