ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 28
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мақал-мәтелдер сайысы
Мақсаты: оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білімін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау,машықтарын
қалыптастыру;
Тәрбиелік:оқушыларды ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлей білу шеберлігін дамыту, сөз саптау қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.
Ойын барысы:
Қайырлы күн құрметті оқушылар және қонақтар! Мақал- мәтелдер атты сайысқа қош келдініздер! Біздің бүгінгі сайыста мақал –мәтелдер бойынша білімдеріңді тексереміз .Ойынымыз 6-бөлімнен құралған.
I-кезең.Сөзжұмбақ
II-кезең.Жалғасын тап
III-кезең.Берілген сөздерден мақал жаз
IV -кезең.Мақалдың мағынасына сай тауып оқу
V–кезең.Жоғалған сөзді тап
Көрнекілігі: слайд, мақал – мәтел
Мақал – мәтелдерге түсінік беру:
Мақал-мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. «Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: «Кең болсаң,кем болмайсың», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені, Еменнің иілгені-сынғаны».
Мәтел – ой-бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді», «Әлін білмеген әлек».Мақалдар негізінен тура мағынасында ұсынылса,мәтелдер астарлы мағынада түсініледі.
I-кезең "Сөзжұмбақ"
1. Өзі затың
2. Жас қала
3. Суық ай
4. Қыз есімі
5. Жазғы демалыс орыны
М | е | н | ш | і | к |
А | с | т | а | н | а |
Қ | а | ң | т | а | р |
А | р | у | ж | а | н |
Л | а | г | е | р | ь |
I I-кезең "Жалғасынтап"
1.Қарға баласын аппағым дер,
(Кірпі баласын жұмсағым дер).
2.Өз балаңды өскенше бағасың,.........
(Немереңді өлгенше бағасың).
3.Сөйлей-сөйлей шешен болар,...... (Көре-көре көсем болар.)
4. Қымбат дүние қолға түсе бермейді,...........(Қымбат сөз ауызға түсе бермейді).
5.Туған жердей жер болмас,......(Туған елдей ел болмас).
6. Астың дәмін тұз келтірер, (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
7. Денсаулық — ....(зор байлық.)
8. Бас аманда мал тәтті, (Бас ауырса, жан тәтті).
9. Өзі қонақ болып көрмеген,.............(Қонақты сыйлай білмейді.)
10. Атаңа не қылсаң,................(Алдыңа сол келер.)
III-кезең "Берілген сөздерден мақал жаз"
1.Оқу 3.Тазалық 5.Ат 7.Тіл
2.Білім 4. Еңбек 6. Отан 8. Дос
Сергіту сәті:
IV -кезең "Мақалдың мағынасына сай тауып оқу"
1.Ортақ шебердің қолы, Тілі ортақ шешеннің.
+ Шебердің қолы — ортақ,Шешеннің тілі ортақ.
2. Өседі шыбықтан мал, Өседі төлден тал.
Шыбықтан тал өседі
+Төлден мал өседі.Шыбықтан тал өседі
3.Бір басы сыймас қазанға, басы қошқардың екі
+Екі қошқардың басы Бір қазанға сыймас.
4.Төлден мал өседі. Шыбықтан тал өседі
+Төлден мал өседі.Шыбықтан тал өседі
5. Тұзы жоқ адам –Досы жоқ тағам Тұзы жоқ тағам.
+ Досы жоқ адам -Тұзы жоқ тағам.
6.Адал адам гүлзарын сүйеді,
Бұлбұл Отанын сүйеді.
+Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
V-кезең "Жоғалған сөзді тап"
1.Ағайын тату болса, ат көп, Абысын тату болса ас көп
2.Жат жерде сұлтан болғанша, Өз елінде ұлтан бол.
3.Алтын, күміс тас екен,
Арпа, бидай ас екен.
4.Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда.
5.Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.
6.Тіл тас жарады. Тас жармаса, Бас жарады.
7.Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ.
8.Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл
9.Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ
10.Әркімнің өз жері жұмақ. Туған жердің ауасы да шипа.
11.Асыл-тастан, Өнер- жастан
12.Еңбек-адамның көркі, Адам- заманның көркі.
13. Судың да сұрауы бар.
14. Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы.
15. Мектеп кеме - білім теңіз.
16. Ұстазы мықтының, ұстамы мықты.
Қорытындылау. Әділқазылар алқасына сөз беріп, ұпай саннын анықтау. Жеңімпаз оқушыларды құттықтап, қатысқан оқушылардың барлығына рақмет айтып, атсалыса қатысқан балаларды марапаттау.