Файл: Таырыбы Кктамырдан ан алу техникасын жргізу Маыздылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мастер класс жоспары
Тақырыбы: Көктамырдан қан алу техникасын жүргізу
Маңыздылығы: Көктамырдан қан алу медицина саласындағы ең маңызды жүргізілетін шаралардың бірі. Себебі науқастың шағымына сәйкес нақты диагноз қоюға көмек беретін зерттеу әдістерінің бірі.Оны әрбір орта қызметтегі медперсонал білу керек процедура. Оны емдеу ісі және мейіргер ісінің студенттері үшін де білу маңызды. Кей жағдайларда дәрігерлер де жасау керек болғандықтан олардың білу керек дағдыларының бірі.Кей жағдайларда техниканың дұрыс болмауынан қателіктер де жиі кездеседі.
Мақсаты: Көк тамырдан вакуумтейнермен қан алу техникасын көрсету арқылы біліктілікті арттыру.
Міндеті:
-
Мастер-класс қатысушыларының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ету:
-
Техника барысында қауіпсіздікті сақтау -
Ескертулерді ескеру
2.Қызмет барысында тәжірибені қалыптастыру.
Қолдану әдістері:
-презентация көмегімен баяндау;
-симмуляция арқылы іс әрекетті көрсету;
-кері байланыс.
Қан алатын вакуумды жүйе – бұл қауіпсіз жүйемен қанды алу, тасымалдау және қанның сапалы анализінің үлгісі.
Вакутайнер – венадан қанды алуға арналған толық жабылған вакуумдалған пластикалық бір рет қолданылатын жүйе.
Ол 3 компоненттен тұрады:
1. Қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық ине.
2. Бір реттік ұстағыш
3. Белгіленген вакуумды көлемі бар залалсыздандырылған (пробирка) түтік.
Артықшылығы: қауіпсіздік, тиімділікті, үлгісінің бүтіндігінің кепілдігі және зерттеуді қайта жасау, ең аз гемолиз, микроұйынды қан, үлгіні алу аралығының уақыты және оның химиялық қосымша заттектермен жанасуы әр уақытта, қан мен химиялық қосымша заттектер көлемінің қатынасы тура, бұраудың әсері минимальды, үлгісі залалды.
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу. Асқынулар: гематома (қанісік), тромбофлебит (венаның және қабынуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі).
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз.
2. Лабораторияға жолдама жазыңыз.
3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз.
5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.
6. Қанды алуға арналған жүйені алыңыз.
7. Ораудың саңылаусыздығын, қан алатын негізгі компоненттердің сақталу мерзімін тексеріңіз.
8. Орауды (қорапшаны) ашыңыз. (стандартты қараңыз).
9. Инені алып, қорғаныш қалпағын алыңыз (егер де 2 жақтық инені қолданса, онда сұр қорғаныш қақпағын алыңыз).
10. Ине ұстағышқа инені қондырып, оны тірелгенге дейін бұрап бекітіңіз.
11. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. Қолдың жоғарғы бөлігін киімнен босатып, қолын төмен қарай түсіріп шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
12. Венозды манжетаны (бұрауды) иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне ішкі киімнің немесе салфетканың үстінен салыңыз.
13. Кәріжілік артериясындағы тамырды ұстаңыз (тамыр соғуы сақталулы болу керек).
14. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толыған көк тамырды табыңыз.
15. Көк тамырды толтыру үшін, науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.
16. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
17. Шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктерімен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстаңыз.
18. Оң қолға жүйені алыңыз.
19. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көк тамырды бекітіңіз.
20. Науқастың қолына байланысты ине мен ұстағышты 150 бұрышпен ұстаңыз, қанағымы бойынша инені 1-1,5 см енгізіңіз.
21. Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен түтікті ине ұстағышқа қондырыңыз, түтік қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап басыңыз, ол қан ағуды қамтамасыз етіңіз.
22. Залалды түтікке қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шешіңіз. Қан шамасы түтікте белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтіңіз.
23. Ұстағыштан түтікті алынған қан түрімен шығарып алыңыз.
24. Түтіктің ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырыңыз, бірақ та шайқамаңыз, сілкімеңіз!.
25. Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да, онда ұстағышқа келесі түтікті қондырыңыз.
26. Қанды тасымалдауға арналған контейнерге түтікті салыңыз.
27. Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойыңыз, венадан инені және ине ұстағыштан шығарып алыңыз.
28. Инъекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұраңыз.
29. Түтіктерге белгілер салыңыз.
30. Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды түтіктегі қанды жолдамасымен лабораторияға апарыңыз.
31. Қорғаныш заттарды шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
32. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
- биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;
- ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;
- қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;
- шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).
- жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;
- вакутайнер (BD VACUTAINER) - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу - медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.
- түтікті ұстағышқа түтік қақпақшасы кіргенге дейін енгізу – қанның ағуын қамтамасыз етеді, ине резеңкілі мембрананы және түтік қақпақшасының тығынын теседі. Жасалған вакуум теңелту жасамағанша, қан түтікке өтеді. Қанның ақпауы - венаны өтіп кетіп тесу көрсеткіші. Бұл жағдайда түтікке қан тұспегенше инені (шығармай) тарту қажет.
- Ине ұстағыштан түтікті алғанда резеңке мембрана түпкі қалыпқа келеді, ине бойынша қан ағымы жабылады. Дәрігердің тағайындағанына байланысты әртүрлі түтіктерді қолдану қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-Мейіргербикелік ісінің теориялық негіздері». С.А.Мухина. И.И.Тарновская
(Қазақ тіліне аударған және редакциялаған Қ.Ж.Ахметов.) ГЭОТАР-медиа 2014ж
-« Мейірбике ісі негіздері». М.Ш.Нурманов. Ж.Т.Матакова. Қараганда 2012ж