Файл: Кптеген оушылар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 7 «Ә»

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Күрделі шарттарды программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.2.1.алгоритмді программалау тілінде жазу

7.3.3.2.сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында (C/C++, Python, Delphi, Lazarus) жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Функцияларды программалау тілінде жазады

Көптеген оқушылар:

Алгоритмдерді программалау тілінде жазады

Кейбір оқушылар:

Python программалау тіліндегі күрделі шарттарды қолданады

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

2 мин

3 мин

Ұйымдастыру бөлімі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Өткен сабақты тексеру.

1. Тармақталу алгоритмдері дегеніміз не?

2. Қандай жағдайларда if-else құрылымы қолданылады?

3. if-elif-else құрылымы қай кезде қолданылады?



1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Өткен сабаққа қатысты сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімнің мадақтау сөздерімен бағаланады.


Қб: стикер /2балл/

Kundelik.kz Жұмыс дәптері


Сабақ

тың ортасы

10мин

5мин

20мин


Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Оқулық § 24, 164-бет







Оқулық § 24, 165-166 бет
Сергіту сәті

«Ауада жазу» сергіту сәті орындалады.

Баспен, көзбен, бір қолмен, екі қолмен, аяқпен 1,2,3,4,5 сандарын жазу.

Жеке жұмыс.

Компьютерде практикалық тапсырма орындау

1. Үш сан берілген. Үш санның да оң сан екенін тексеретін программа құрыңдар. Программа құру барысында логикалық амалдарды қолданыңдар.

2. Сан берілген. Енгізілген санның екі таңбалы сан екенін анықтайтын программа құрыңдар. Мысалы: 42-екі таңбалы сан.

3. x,y сандары берілген. Егер x пен y сандары теріс болса, онда әрқайсысының мәнін модульдерімен алмастыру қажет. Ал x пен y сандарының бірі теріс болса, онда екі мәндіде 5-ке арттыру керек. Егер x пен y сандары оң болса, онда олардың мәндерін 10 есе арттыратын программа құрыңдар.

Дескриптор:

- Python программалау тілінде программа құрады

Қб: стикер/ 4балл/



Мұғалімді тыңдайды

Анықтама және мысал есептерді дәптерге жазады

Тапсырманы орындайды



Стикер


Оқулық

Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

5мин

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.







Оқу тапсырмасы

§ 24, 167-бет, Үй тапсырмасы