Файл: Жоспар жм ерітінділері. Анытамасы. Сипаттамасы. Шексіз ісінетін жм ерітінділері. Шекті ісінетін жм ерітінділері. Коллоидты ерітінділер..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоспар :

  1. ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы.

  2. Шексіз ісінетін ЖМҚ ерітінділері.

  3. Шекті ісінетін ЖМҚ ерітінділері.

  4. Коллоидты ерітінділер. Анықтамасы. Сипттамасы. Қасиеттері.

  5. Қорғалған коллоидты ерітінділер. Жеке технологиясы.

  6. Жартылай коллоидты ерітінділер.


КІРІСПЕ

Қазiргi кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады. Ерiткiш диффузиялы түрде молекула жiптерiнiң арасына енедi. Бұл сатыда ерiткiштiң көп мөлшерi жұтылып, iсiнген ЖМҚ көлемi 10-15 есеге бiрден ұлғаяды. Бiрақ iсiну процессi әрқашан толық ерумен бiтпейдi, iсiну шектi немесе шексiз болады. Iсiну көлемiне әртүрлi факторлар әсер етедi. Коллоидты ерiтiндiлер - құрылымдық бiрлiгi мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексi болып табылатын ультра- микрогетерогендi дәрiлiк түр. Коллоидты ерiтiндiлер дисперстiк фаза мен дисперстiк ортадан тұрады. Фармацевттiк iс-тәжiрибеде қорғалған коллоидты ерiтiндiлер қолданылады. Қорғалған коллоидтар - гидрофильдi қасиетi бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препарат.

1. ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) - бұл молекулалық салмағы бiрнеше мыңнан миллионға дейiн және одан да жоғары болатын заттар. Қазiргi кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады. Жоғары молекулалық қосылыстардың жiктелуi: алыну әдiсiне байланысты (табиғи жоғары молекулалық қосылыстар, синтетикалық және жартылай синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстар); жоғары молекулалық қосылыстар қолданылуы бойынша (дәрiлiк заттар; көмекшi заттар (негiздер немесе жағар майлар мен суппозиторийлер үшiн негiз компонентi, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, консерванттар, орамдаушы және тығындаушы материалдар және т.б.); ісiну қабiлетi бойынша (шексiз iсiнетiн; шектi iсiнетiн); жоғары молекулалық қосылыстарды молекула түрiне қарай екi топқа бөледi (сфералық (ақ уыздар) және тiзбектi (крахмал, целлюлоза туындылары) құрылысты). ЖМҚ еруi алдын-ала жүретiн iсiну процессiмен сипатталады. Iсiну – төмен молекула ерiткiштi сiңiру арқылы, жоғары молекулалы заттың көлемiнiң ұлғаюымен өздiгiнен жүретiн процесс. Ісiну процессiн екi сатыда өтетiн процесс ретiнде қарастыруға болады:бірінші саты - сольватация-гидратация (жылу бөле) жүредi; екінші саты - iсiну (сұйықтық жылу бөлiнусiз жұтылады). Ерiткiш диффузиялы түрде молекула жiптерiнiң арасына енедi. Бұл сатыда ерiткiштiң көп мөлшерi жұтылып, iсiнген ЖМҚ көлемi 10-15 есеге бiрден ұлғаяды. Бiрақ iсiну процессi әрқашан толық ерумен бiтпейдi, iсiну шектi немесе шексiз болады. Iсiну көлемiне әртүрлi факторлар әсер етедi. ЖМҚ ерiтiндiлерiнiң технологиясының сатылары: ерiту, сүзу, орамдау, безендiру.


2. Шексiз iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi: пепсин және фермент топтарының ерiтiндiлерi, шайыр, шырыш ерiтiндiлерi, экстракт ерiтiндiлерi (құрғақ, қою экстракттар).

3. Шектi iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi. Шектi iсiнетiн ЖМҚ желатин, крахмал, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ), поливинилпирралидон (ПВП) және т.б. жатады.

4. Коллоидты ерітінділер. Анықтамасы. Сипттамасы. Қасиеттері. Коллоидты ерiтiндiлер - құрылымдық бiрлiгi мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексi болып табылатын ультра- микрогетерогендi дәрiлiк түр. Коллоидты ерiтiндiлер дисперстiк фаза мен дисперстiк ортадан тұрады. Дисперстiк фаза бөлшектерiнiң өлшемдерi 1 нм-ден 100 нм-ге дейiн (0,1 мкм - 0,001 мкм) болады. Коллоидты ерiтiндiлердiң ерекшелiктерi: агрегаттық және термодинамикалық тұрақсыз; коллоидты ерiтiндiлердiң керi қайту қасиетi жоқ; коллоидты ерiтiндiлердiң бөлшектерi кәдiмгi микроскопта емес, ультрамикроскопта байқалады. Көлденең бөлшектерi едәуiр үлкен болғандықтан, олар арқылы жарық өтпейдi. Осыған орай коллоидты ерiтiндiлер шашыраған жарықта лайлы болып көрiнедi; коллоидты ерiтiндiлердiң осмостық қысымы төмен; бөлшектерiнiң мөлшерiнiң үлкендiгiнен коллоидты ерiтiндiлер ЖМҚ ерiтiндiлерi сияқты әлсiз диффузияланады; коллоидты ерiтiндiлер - лабильдi, бұл олардың сезiмталдығының жоғары болуымен түсiндiрiледi; коллоидты ерiтiндiлердiң сақталу мерзiмi шектеулi.

5. Қорғалған коллоидты ерітінділер. Жеке технологиясы. Фармацевттiк iс-тәжiрибеде қорғалған коллоидты ерiтiндiлер қолданылады. Қорғалған коллоидтар - гидрофильдi қасиетi бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препарат. Қорғалған коллоидтардың ерiгiштiгi ЖМҚ секiлдi шексiз. Медициналық iс-тәжiрибеде үш коллоидты препарат кеңiнен қолданылады - колларгол, протаргол (жасанды түрде алынған коллоидты заттар) және ихтиол (табиғи қорғалған коллоид). Протаргол - ақ уыздардың сiлтiлi гидролиз өнiмдерiмен - натрий альбуминаттарымен қорғалған күмiс тотығының коллоидты заты. Күмiс тотығы - 8%, қалған мөлшерi - ЖМҚ қорғанысы. Протаргол ерiтiндiсiн дайындаған
кезде пептизация, яғни ерiту сатысы, колларголдағы iсiну сатысына қарағанда ұзақ жүреді. Келесi коллоидты қорғалған препарат - колларгол жасылдау немесе көкшiл-қара пластинкалар, металдық жылтыры бар, коллоидты ерiтiндi түзе суда еридi. Колларголда 70% күмiс тотығы және 30%-ға дейiн лизальбин және протальбин қышқылдарының натрий тұздары бар (ЖМҚ). Ихтиол - табиғи қорғалған коллоид - битуминозды сланецтардын құрғақ айдалған өнiмi. Ихтиол - қара, тұтқыр сұйықтық, сумен және глицеринмен жеңiл араласады.

6. Жартылай коллоидты ерітінділер. Бұл жүйелерде заттар бiрден нағыз ерiген, сонымен бiрге коллоидты түрде болады. Жартылай коллоидтар ерiген кезде, бос және ассоциацияланған иондар түзетiн электролиттер. Оларға сабын, иiлiк заттар, бояғыштар жатады. Суспензия технологиясында қолданылатын дәрiлiк заттар гидрофобты және гидрофильдi болып бөлiнедi. Гидрофильдi-iсiнбейтiн заттарға: висмуттың негiзгi нитраты, ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерiмейдi, бiрақ сумен жеңiл шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезiнде тұрақтандырғыштар қолданылмайды. Гидрофобты заттар - бетi сумен қиын шыланатын заттар. Олар: гидрофобты қасиеттерi айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екi топқа бөлiнедi. Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар қосады - желатоза (Gelatosae), өрiк шайыры (Gummi armeniacae), аравия шайыры (Gummi arabica). Ал декстрин, крахмал шырышы, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, поливинилпирролидон сирек қолданылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалмайтын заттарға терпингидрат, бензонафтол, фенилсалицилат, сульфодиметоксин, сульфомонометоксин, сульфадимезин жатады. Бұл препараттармен суспензия дайындаған кезде 1,0 г препаратқа: 0,25 г өрiк шайыры, 0,5 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалатын заттарға: камфора, ментол, тимол, бромкамфора, күкiрт жатады. Олардың суспензияларын тұрақтандыру үшiн 1,0 г препаратқа: 0,5 г өрiк шайыры, 1,0 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалатын препараттардың майдалануы 90%-дық этил спиртi (қиын ұнтақталатын заттар) 1:1 қатынаста қосу арқылы жүргiзiледi. Сұйықтық қатты заттардың майдалануына ықпал жасап, бөлшектердің жабысып қалуын алдын алады. б) Егер ерімейтін құрғақ зат мөлшері жағар майдың жалпы салмағының 5%-25% болса, онда дәрілік заттарды жылы келіде балқытылған негіз бөлігімен ысқылайды (қатты фазаның 1/2). в) Қатты фазасы 25% жоғары суспензиялық жағар майлар паста деп аталады. Пасталар өте тұтқыр, қиын жағылады, оны жиі дәкеге жағу арқылы зақымдалған теріге жағып таңады. Пасталарды дайындаған кезде дәрілік заттардың жоғары дисперстілігін және біркелкілігін қамтамасыз ету үшін, дәрілік заттарды жылы келіде күрделі ұнтақтар дайындау ережесі
бойынша араластырып, балқытылған негіздің бір бөлігімен (қатты фазаның 1/2 мөлшерде) ысқылайды, содан соң балқытылған негіздің қалған мөлшерін бөлшектеп қосып, біртекті масса алынғанша толық суығанша араластырады. Суыған кезде бірден орта тұтқырлығы артып, қатты фазаның тұнуы және бөлшектердің бір-біріне жабысуы төмендейді. Эмульсиялық жағар майлар. Эмульсиялық жағар майлар эмульсия түрінде таралған сұйық дисперстік фазасымен сипатталады. Дисперстік фаза ретінде дәрілік заттар: сутек асқын тотығы, қара май, Буров сұйықтығы, және басқалар, сонымен бірге дәрілік заттардың ерітінділері болуы. Протаргол, колларгол, танин жазылымдағы мөлшеріне байланыссыз жағар майларға сулы ерітінді түрінде (басқа жағдайда терапевтік әсер көрсетпейді), сонымен бірге көптеген алкалоид және синтетикалық азотты негіз тұздары, калий йодиді, күміс нитраты және басқалар (резорцин мен цинк сульфатынан басқалар).
ҚОРЫТЫНДЫ

Көлденең бөлшектерi едәуiр үлкен болғандықтан, олар арқылы жарық өтпейдi. Осыған орай коллоидты ерiтiндiлер шашыраған жарықта лайлы болып көрiнедi; коллоидты ерiтiндiлердiң осмостық қысымы төмен; бөлшектерiнiң мөлшерiнiң үлкендiгiнен коллоидты ерiтiндiлер ЖМҚ ерiтiндiлерi сияқты әлсiз диффузияланады; коллоидты ерiтiндiлер - лабильдi, бұл олардың сезiмталдығының жоғары болуымен түсiндiрiледi; коллоидты ерiтiндiлердiң сақталу мерзiмi шектеулi

Келесi коллоидты қорғалған препарат - колларгол жасылдау немесе көкшiл-қара пластинкалар, металдық жылтыры бар, коллоидты ерiтiндi түзе суда еридi. Колларголда 70% күмiс тотығы және 30%-ға дейiн лизальбин және протальбин қышқылдарының натрий тұздары бар (ЖМҚ). Ихтиол - табиғи қорғалған коллоид - битуминозды сланецтардын құрғақ айдалған өнiмi.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т.1. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. – 591 с.

  2. Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т. 2. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2009 – 804 с.

  3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.

  4. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.