Файл: Хаттама 1 Iesson study бойынша зерттеу тобы 23. 01. 2023 ж. Кн тртібінде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Хаттама №1

Iesson study бойынша зерттеу тобы

23.01.2023 ж.
Күн тәртібінде.

1. Зерттеу сабақтарын жүргізу үшін мұғалімдердің тобын ұйымдастыру (ЛС бойынша нұсқаулықпен танысу).

2. Оқу ісі бойынша директор орынбасарларының, психологтардың орта буын сыныптарын тексеру қорытындыларымен танысу және оқу басымдықтарын анықтау .

3. ЛС жоспарын түзу.

4.Кездесулер мен шығармашылық топтың отырыстар кестесін түзу.

5.Ашық сабақтар кестесін жасау.

9 «Е» сыныбында зерттеу жүргізу тобы төмендегі мұғалімдерден құралды:

  1. Медеубаева Ф. – тренер, математика пәнінің мұғалімі

  2. Әділбекова М.М. 3-деңгей, орыс тілі пәнінің мұғалімі

  3. Коптілеуова Қ. география пәнінің мұғалімі

  4. Мукатова Ж. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

  5. Қасымбекова А. биология пәнінің мұғалімі

  6. Жақсатова Н. физика пәнінің мұғалім

  7. Шаргынова А. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


Медеубаева Ф. мектеп базасында модератор болып сайланды. Лессон Стади нұсқаулығымен таныстырды.

Анықтамалар бойынша 9 «е» сыныбында бақылау қорытындыларын қарастырудың мақсаты: сыныптың оқуға деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін көтере отырып, ынтымақтастық ортасын құру.

9 «е» сыныбында үлгермеуші оқушыларға қатысты бақылау нәтижелері бойынша бірнеше ұсыныстар мен қорытыныдылар айтылды. Егер оқушылардың білімді өз беттерінше ізденіп, кейбір анықтамаларды өзі әрекеттеніп табатын болса оқуға қызығушылығы артады, ойлау қабілеті дамиды, өзін-өзі реттеуге үйренеді.

Сондықтан оқу үдерісінде топтық, жеке жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа формаларын іс-тәжірибеге ендіру басты мақсат болып табылады.

Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. (Пит Дадли, 2012 .Lesson Study: нұсқаулық).

Lesson Study жоспары 4 бөліктен тұрады: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Іске асыру.

3. Қорытындылау

4. Зерттеу қорытындысын жариялау.

Жоспар топ мүшелерінің келісімімен жасалды. Талқылаулардан кейін 9 «е» сыныбында зерттеу жүргізудің бірнеше тақырыптары ұсынылды:


  • Жұптық және топтық жұмысты жүргізуді қалай ұйымдастыру?

  • Оқушылар арасында «бірлесіп ойлауда» топтық қарым-қатынас жұмыстарын қалай ұйымдастыру?

  • Оқушылардың сын тұрғысынана ойлау қабілеттерін қалай дамыту?

  • Сын тұрғысына ойланып топпен бірлесіп шешім қабылдау оқушылар арасында қалай жол таппақ?

  • Үлгілі оқу дағдыларын қалай жетілдіруге болады?

  • АКТ-ні қалай қолдануға болады?


Шығармашылық топ мүшелері ойласа келе : «Белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыта аламын ба?» тақырыбын таңдады.

Топтың кездесулері мен отырыстарын ашық сабақтың жоспарын талқылауға алдын - ала жиналуды және сабақтан соң кездесуді ұйғарды.


Қаулы:

  1. Шығармашылық топтың зерттеулері мен есептерін ескере отырып Лессон Стади жоспарын, тақырыбын бекіту. Келешекте іске асыру.

  2. 9 «Е» сыныбында зерттеу сабақтар кестесін бекіту.

  3. Зерттелетін оқушыларды бақылайтын мұғалімдерді бекіту.


Модератор: Медеубаева Ф.
Хатшы: Әділбекова М.


Хаттама №2

Iesson study бойынша зерттеу тобы
30.01.2023 ж.

ЛС зерттеу тобының мүшелері

Күн тәртібінде:

  1. Бірінші циклдың ашық сабақтарын жоспарлау.

  2. А, В, С оқушыларын таңдау, бекіту

  3. І цикл жоспарын құру

  4. Сабақты бақылайтын мұғалімдерді тағайындау

Кесте бойынша І циклда ашық сабақты Коптілеуова Қ., Жақсатова Н., Қасымбекова А. өткізеді. Өткізілетін сабақтың тақырыбы, тақырыбына орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспары құрастырылады.

Зерттелетін оқушыларға сипаттама :

«А» оқушы – «5» оқиды, көпшілітің алдына шығып өзі ғана сөйлегенді ұнатады, өзін көрсете біледі, бірақ өзгелерге көмек беруді қаламайды.

«В» оқушы – «3-4» оқиды, лидер болуға талпынады.

«С» оқушы – «3», «сөйлуге ұяламын».

Дайындалған материалдарды қарап шығып, топ мүшелері тарабынан сынып ұжымындағы топтық жұмыстар барысында А В С оқушыға байыппен, аса сақтықпен қарым-қатынас жасау ұсынды.

«А» оқушыны Мукатова Ж., «В» оқушыны Медеубаева Ф., «С» оқушыны Әділбекова М. Бақылайтын болып шешілді. Видео және суреттерге жауапты Шаргынова А. бекітілді.




Қаулы:


  1. Бірінші цикл сабақтарының жоспарлары бекітілді.

  2. Зерттеу сабақтарының жоспарын талқылайтын күндер жоспарланды.

  3. Бақылау парақтарының үлгісі қарастырылды.

Модератор: Медеубаева Ф.
Хатшы: Әділбекова М.